ВЕРНУТЬСЯ

    Сұлулықтың
оқ атып тұнбасына,

Соғыстардың айналған сырласына.

Қолбасшының бір өзі байтақ Ресей

Қару-жарақ жарасқан тұлғасына.

Зұлымдықтан сомдалған тірі ескерткіш,

Тұра қалған обадай қыр басына.

Ай тұтылмай аспанда,

Күн тұтылмай

Жын қоғамда жүр дейсің кім құтырмай ?

Туған ұлы күнінде
қолбасшының

Зеңбіректер атылсын үні тынбай.

Той жасаймыз тау халқын түгел қырып,

Шырқалатын сан ғасыр ұмытылмай.

Солдаттармыз
жол салған тыңнан етіп,

Құлын даусы шыңғырсын шыңға жетіп.

Қолбасшының туған
күн құрметіне,

Шешен халқын
шаламыз құрбан етіп.

Ұрпақ сүйіп,

Толтырған төлге өңірін,

Шешендердің шегелеп көрге өмірін.

Грозныйды жаман ба сыйға тартып,

Қолбасшының ауласақ өр көңілін?!

Солдаттармыз

Туысын, туғандарын,

Пәрмен берсе аямай қырған бәрін.

Heгe,
ендеше, қырмаймыз

Тау жайлаған Шешен халқын,

Ғасырдың құрбандарын!

Кең дүниені
мазалап жалықтырмай,

Қан ұрттатып жүрсек те тарықтырмай.

Қолбасшының туған
күн құрметіне,

Халық қырмай бола ма, халық қырмай?!

Өмір - құлын
болса егер шапқылаған,

Ресей - қасқыр санынан тартқылаған.

Аз ұлыстар нысана болса егер де,

Ресей - алып зеңбірек атқылаған.

Ұлыстарды
торкчидай шырылдатқан,

Ұлыларды
даланың құмына атқан.

Ресей - алып
диірмен,

Халық-бидай

Тартылғанда үн болып шығып жатқан.