ВЕРНУТЬСЯ

-          Қаныңды ішем! - деп солдат тұра ұмтылған,

-          Мен де ішем!
- деп сарбаз да тұра ұмтылған,

-          Тізеңді бүк
алдыма, - деді солдат,-

Таудың ұлы
болсаң да қыран туған.

Қарсы ұмтылып
ұлы елге ұрынғаның -

Қанға бөгіп қынадай қырылғаның.

Ажал болып

Аңсаған азаттығың

Көрмейсің бе тауыңа
бұрылғанын?

 Сөзі де өктем ереді,
қолы да өктем,

Сарбаз кенет солдатты соғып өткен.

-Шерлі өлкеме кеп қапсың ажал айдап,

Сендей талай доңызды соғым еткен.

Ажал тапқан
кісінің ұмтылғаны,

Алпамса
еді солдат та піл тұлғалы.

Теңіз жарған секілді сезілетін

Жайыңдайын
жұлынып жұлқынғаны.

Күні қараң болатын ұмтылғанның,

Аранына жұтылып піл тұлғаның.

Шеңгелінде тұратын қысып та ұстап,

Қызық
көріп кісінің бұлқынғанын.

Жаны кіріп,

Айызы қанушьі еді,

Естігенде торайдай шыңғырғанын.

Ажалыңа сұм болсаң жолықпаған,

Келсең-кел!
-деп сарбаз да қорықпаған.

Алпамсаға жармасқан аш кенедей,

Екі иінінен дем алып солықтаған.

Ыза-кектің көзіңде нұры жанып,

Қысқан кезде айызы,

Қыбы қанып.

Лақтырғанда
тік етіп жерге түсіп

Жотасынан алпамса жұлып
алып.

-          Ішкен суын
жүрмейтін арамдамай,

Жаратылған адам боп адам қалай?

Сені өлтірсем
арман не? - деді сарбаз, -

Жүер еді
тауымда, даламда арай.

-          Қанша азамат
болсаң да ер көрінген,

Құтылмайсың, - деді ол, - шеңгелімнен.

Жұмыр
басың тұрады қанша сенің?

Жинап аман құтылғын теңге еліңнен.

-Ұмтылмаған жарыққа,
самалаға,

Көрсін, -
деді ер сарбаз, - Қабан аға!

Менің алтын
басыма құн жетпейді,

Қағаз, сабан ақшамен бағалама.

Шешен елі арналы өзен емес,

Балық, байлық аулап сен жағалама.

Өз басыңды олжа етіп қайт еліңе,

Оқпен тінтіп тау-тасты аралама.

Өзіңді де, бізді
де жаралама.

-          Қаныңды ішем! - деп солдат шүйілгенде,

Суырғандай болған-ды құйын жерде.

Шыр көбелек дүние айналған-ды,

Сирағынан ұстап
ап үйіргенде.

Үйіріп кеп тау-тасқа
лақтырғанда,

Лақтырғаны тік түсіп,
тақ тұрғанда.

Солдат
естен танған-ды:

Бұл не пәле?

Мысық етіп әкесі таптырған ба?

Сарбаз қаша соғысып,
маңайламай,

Опық жей де жаздаған абайламай.

Жыға алмаған бірақ та алпамсаны

Басқа, көзге соқса да қарайламай.

Ақырында солдатты титықтатқан

Лақтырса да тік түсіп қалай қарай.

-          Екі иығын жұлып жеп жалақтаған,

Қарақшы боп жетсең де ар аттаған.

Жеңем демесең мені, - деді сарбаз,

Тілін көріп солдаттың салақтаған.

Жеңіс үшін
болмаса,

Алма бізді

Жеңілуге,
күйреуге жаратпаған.

Жарық жалған
біздерді,

Бұла жалған

Тәңіріден шын қалап сұрап алған.

Ғасыр қанша шешенді лақтырса да,

Төрт тағандап мысықтай тұра қалған.

Жығылмаған,

Тік түскен, құламаған,

Шексін, мейлі, қанша азап,
жыламаған.

Менің шыбын жанымды сақта деп те,

Тірі жаннан жан
сауға сұрамаған.

Тал бойына дауыл күш жел біткенде,

Батылданып кете ме ер тіптен де.

Арқардайын секіріп,соқты-ай келіп,

Алып солдат алқынып ентіккенде.

Өскен жандай өштесіп бала жастан,

Төбелескен,

Алысқан,

Жағаласқан,

Соққыласқан,

Тебіскен,

Аяспаған

Түнерсе де жабырқап жаралы аспан.

Қансорпа боп тынғанда
бет-аузынан

Қан мен тері бірге ағып араласқан.

-          Кім тағады, -деп солдат,-өктемге айып?

Қанжар салған сарбазға серттен тайып.

-          Қай заманда,-деп және қанжар салған,

Кемелердің түбіне
жеткен қайық?

-          Қаным ағып жібектей шұбатылған,

Айырылып қалам деп қуатымнан.

Жастығымды өлейін алып,
- деп те,

Жолбарыстай солдатқа тұра атылған.

Қаз секілді
адасқан үйірінен,

Тауы еді бұл сарбаздың жиі жүрген.

Қос бейбақта жалғанмен
қош айтысты,

Құлағанда
өзенге биігінен.

Жаңа ғана басылып желіктері,

Тізгінделіп ағысқа еріктері.

Тіршілікте жауласқан
қос бейбақтың

Кете барды бірге ағып өліктері...

Алма-кезек айбалта суырысып,

Жауласады неге адам
суынысып?!

Өлген кезде бәрібір бәрі ұмыт боп,

Бір арнада табысқан ұғынысып.

Табысса егер өлгенде,

Тіршілікте

Жауласады неге адам
суынысып?!