ВЕРНУТЬСЯ

    Ресей көзін не нәрсе қарықтырған,

Бейбіт күнде не сұмдық халық қырған?

Соғыс деме,сен
мұны соғыс деме,

Нағыз жыртқыш тағылық барып тұрған?!

Қарықты ма көздері от-ұшқында,

Азғаны емей немене
орыстың да?

Соғыс деме сен мұны,тағылық бұл!

Таңы бар
білгенге соғыстың да .

Ал ендеше,қарттардан майдан көрген,

- Қара құлдық,
- дейді олар, - сайтанға ерген.

Ар-намысты таптаған кіл сапалақ

Ресейден бе?Ойпырмай, қайдан келген?!

Оқ атса егер азаттық сұрағанға,

Ит қосқаны емес пе жылағанға.

Гильзаларды балғамен ұрып
қағып,

Шегелеген не сұмдық тірі адамға?!

Жақсы ілінген көзінің қиығына,

Бұлда, бәлкім, тағдырдың бұйрығы ма ?

Қос гранат солдаттар тығып
кеткен

Екі қабат әйелдің құйрығына.

Секілденіп бұзықты
сотқа тартқан,

Неткен сұмдық!

Жастарды ұстап
атқан.

Неткен сұмдық!

Солдаттар күлкі үшін де

Тау қарттарын тірідей
отқа жаққан.

Күңірентіп тауларын,
мың тулатып,

Қырғаны аздай ел-жұртты қырқып, атып.

Сол солдаттар бетон ғып құйды қанша,

Сәбилерді тірідей
шырқыратып?

Көркі болған қашанда көркем жердің,

Ұрпақтары
дейміз бе көргенді елдің.

Сол солдаттар
бергізген шошқаларға

Ішек-қарынын қопарып өлгендердің.

Арқалаған күніне мың күнәні,

Жазаға да тартылар мүмкін әлі.

Солдаттардың
осынша азғанына,

Егер де елі болмаса ,кім кінәлі?!

Келе жатқан жалғасып замандардан,

Асыл туған асыл жан адамдардан.

Жер бетінде
ақиқат жалғыз нәрсе,

Азған ұрпақ,тұқымы жамандардан.