ВЕРНУТЬСЯ

Жазушы Құрманғазы Қараманұлына

   Жүрсің бе әлде желкенді
кеме көрмей,

Келем деп ең,

Жоғалдың
неге келмей?

Дүниенің ұлтаны
бүтінделмес,

Сендей өжет жігіттер шегеленбей.

Келем деп ең,

Жоғалдың
неге келмей?

Құмар болса жыр шерткен сырға жаның,

Уәдеңде бұл қалай тұрмағаның?

Екі сөзді болар деп кім ойлаған

Ұран
болған ұрпағы нұрлы ананың.

Құрманғазы,
жүруші ем сенсің бе деп,

Қайқы білек қылышы қыр-даланың?!

Ақын десе, құлағы
елеңдеген,

Өлең-жырмен бұл
күнде ел емделген.

Құрманғазы,
тындаудан қашқаның ба,

Кеудемді бұл өлеңмен шегенделген?!

Тіршіліктің қамымен қақпайланып,

Күннен - күнге барасың жатқа айналып.

Соқпайсың ба телефон үйге келер

Жүрсең егер жолды сен таппай қалып,

Ойда жоқта алдыңнан шыға қалып,

Жүрген бар ма араға сына қағып.

Сескенетін мен емес  бұл жалғанда

Қараса да көзімен кім аларып.

Өзендердің тас қалған табанында

Сарқылғанда сулары жыраға ағып.

Үйге келер жолды да сол айтады,

Алатаудың шыңынан сұра барып.