ВЕРНУТЬСЯ

      Қыл сағақтан қадалып жебе алыстан,

Заман қанша Алаштың елі алысқан.

Алпамысты албырап туған
халық-

Тулағанда тумасын неге арыстан?

Арыстан деп бағала, бағалама,

Ата жұртты бірақ та табалама.

Бәрін жеңген төзімін сауыт етіп,

Қазақ бар ма бас иген заманаға?

Қасиетін қастерлеп, ар ойлаған,

Азамат ер қайда елге қарайлаған?!

Ел қорғайтын ер жігіт күн көре алмай,

Базар барып, осқыртып арба айдаған.

Арманының құлағын қайшылатып,

Күнге ұзатып самғатқан, Айға ұзатып.

Тесік қалта қазаққа бұл
күндері

Базар біткен тұрғандай Қайғы сатып.

Әйел  ғанатірлікте жасымаған,

Асыраған күйеуін,
қамшылаған.

Арыстанның аң аулап ұрғашысы,

Айбар тұтып еркегін асыраған.

Биігіне көтерген белес,
шынар,

Қайран жұртым кей-кейде елес құмар.

Жоқшылығы заманның қол байласа,

Бағын байлап тұрғаны емес шығар.

Үлгермеген әлі де күшін сайлап,

Бағын елдің қай заман тұрсын байлап?

Ар-намысы тіріліп,
туламаса,

Түні бойы шыға ма тісін қайрап.

Жүрегінің басына шоқ байланған,

Қазақ десе қай жау да тоқтай қалған.

Елді осал
деп жалғанда кім айтады,

Екіталай күн туса оққа айналған!

Жұрт деп және ойлама сыйды ұмытқан,

Қобыз тартса қасқырша күйді ұлытқан.

Бұл қазақтың қаны ойнап тамырында,

Көмір жоқта қызуы үй жылытқан.

Уақыттың бұршағы,
жаңбырында

Дүниенің ұмытып тарлығында,

Жарық әлем жылынып тұрмас
па еді,

Қазақ,
қаны туласа тамырында.

Кекті ызасы қазандай қайнағанда,

Тұра алмаған қайқайып Қайғы алаңда.

Күні бар ма қазақтың өтпей
қалған,

Заман-қайрақ қышқырып қайрағанда.

 Бұлшық ет боп бұлқынбай тылсым белде,

Ер жігіттің қадірін білсін бе ел де?

Көкірегі жердің де қақ
жарылған

Күреңітіп бұл қазақ күрсінгенде.

Шыбын жанын түңілтіп безіндірмей,

Атқа айқайлап қона ма ер сілкінбей.

Қилы өткелден
су жалдап кім өтеді,

Нарық сайқал жалаңаш шешіндірмей.

Қайғыдан да күш жиған
қайраттанып,

Қазақ неге жүрмесін айбаттанып?

Феникс құс секілді
мың тірілген,

Қара дауыл
соққанда жайрап қалып.

Танады деп ойлама қай күні естен,

Желіккен жел алдынан
қаймыға ескен.

Бұл қазаққа нарықта бұйым емес,

Азап кешкен,

Соркешкен,

Қайғы кешкен.

Жаны сірі Семейдің жыр
еліңде,

Тау-тасында күлетіп, тірегінде.

Aтом бомбы
жарылып келген жоқ па,

Арқар кеуде қазақтың жүрегінде.

Көшін түзеп, жол тартқан күнге қарай,

Арлы Алаштың көзінде күлген арай.

Жарылса да мың атом,сөнді ақыры

Жұмырбасын бұл жұрттың бір жара алмай.

Азап-соры атқылап тереңінен,

Қайда барса, соңынан ере жүрген,

Қазақ жеңбес жалғанда зауап бар ма,

Аждаһа ажал атомды жеңе білген?!