ВЕРНУТЬСЯ

    Жолдарында өмірдің тарамдалған,

Тірлік қанша оққа ұшып, қараң қалған?

Тығын етіп құйсаң да жарасады,

Оққа ғана қорғасын жаралмаған.

Мұң ұялап дүние қабағына,

Тұрған кезде гүл өспей талабына.

Суық хабар жеткізсе бұл
қорғасын

Құйылған-ды
домбыра шанағына.

Бұлт жолатпай
елінің төбесіне,

Қабан қанжар сілт етпей көбесіне, -

Құрбан болған шешендер,қорғасындар

Соғыстардың құйылған өңешіне.

Жетегіңде жүгіріп бар арманның,

Тіршілікте мың гүлдеп,жаңарған мың.

Көзі тірі шешендер
қарағайы

Аман қалған өртенген қара орманның.

Атаң да өткен кектеніп,бабаң да өткен,

Қасап қырғын қан қанша заман төккен?

Білсең егер,
шешендер ажалсыздар

Қырық жылғы қырғыннан аман жеткен.

Жасық емес тіршілік көзінде өлген,

Ерлік болып тау-тастың төсінде өрген.

Соғыс тұрмақ,жау тұрмақ бұл шешендер

Білсең егер, ажалдың өзін жеңген.