ВЕРНУТЬСЯ

    Бұрқыраған
тауларға,өрге демі,

Жоқта шығар қазақтың көрмегені.

Ақындарын ардақтай білсе егерде,

Ар-намыстың, алайда, өлмегені.

Туған елдің туы боп желбіреймін,

Шығармасын,шығарсын төрге мені.

Орман, дала,тау-тас та,жел де, күн де.

Ақындардың барлығы келбетінде.

Ақындарын тірідей жерге көміп,

Опат болған ел қанша жер бетінде?!

Бруноны ел қайда отқа жаққан,

Елдер қайда Хафизды сотқа тартқан?

Елдің, сірә, оңғанын көрдің бе, айтшы,

Ақындарға мылтығын оқтап атқан?!

Ақындарды көргенде тасып жатқан,

Өткел беріп өзендер жасып аққан.

Неміс те оңбай жеңіліп, жер болған-ды,

Ақын Мұса Жалильдің басын шапқан.

Қатер тілеп,сop тілеп өз басына,

Шегеленген жұрт қанша боз тасына?

Тозып, құрып жоғалған елдер қанша,

Ақындардың қалам деп көз жасына?

Ақындардың келсе де қай жағынан,

Жау сескеніп ығысқан айбарынан.

Ақын рухын алдымен байрақ етпей,

Ел көрдің бе жел ескен айдарынан?

Жырсыз, нұрсыз жалғанда кім көктеген,

Жырды ұмытқан жандардан мұң кетпеген.

Елдер ғана айналған құдіретке,

Ақындарын тәңірдей
құрметтеген.

Қирасада үйлері,көшелері.

Байрақ болып соғыста көсем ері.

Аруақтанып теңдігін тартып алған

Ақындарын пір тұтқан шешен елі.

Керегесін-қанатын өрге керген.

Ақын барда қатер жоқ елге төнген.

Елді тірі деп айту қиын шығар,

Ақындарын тірідей жерге көмген.