ВЕРНУТЬСЯ

     Ие болмай жас қыздар етегіне,

Көрінгеннің жүріріп жетегіне.

Жетіседі екенбіз қала,
дала

Жын-ойнақтың айналса мекеніне.

Жақсылықты көңілге жыр
ғып қалап,

Ашылмаса аспаннан сұр бұлт тарап.

Көкек - қыздар қаншама жер таңдамай,

Кете барған көшеде жұмыртқалап.

Көрінгеннен жүз
грамм сұрап ішіп,

Ұлан ұлдар жатса егер жыра құшып.

Ата-ананы бұл күнде кім сыйласын,

Төбесімен жорғалап
құра құшып.

Ит-құстарға жем
болса сайда қалып,

Күн көреді нар халкым
қайда барып?

Ел қорғайтын ер жігіт жұрт тонаса,

Азбағанда, немене, майдаланып?!

Не істейді көп тобыр -қалың кедей,

Жарар еді күн көрсе сағымда өлмей.

Ел басқарған азамат аш көзденіп,

Нанын жеген халықтың қамын жемей.

Алатаудай түрегеп белін жазған,

Бұрынғыдай ел қайда кенін қазған?

Балық бастан шіріген заман туып,

Ойлайтұғын ер қайда елін азған?!

Талағасын қасқыры,қабаны да,

Атқа мінген жақсысы,
жаманы да.

Сұлтаны көп бұл елден ұлтан таппай

Бәтіңкенің ойылған табаны да.

Тұрса бәрі өмірдің жиегінде,

Heгe кісі
өлмесін жиі елімде,

Қызыл ішіп қызара бөртіп жүрсе,

Кемпірлер де тісі жоқ иегінде.

Қобыздайын сарнаған қатпар белде,

Арақ сілтеп азбаған қарт бар ма елде?

Кісілік бар дегенге кім сенеді,

Кісілікті ту сырттан атқан жерде?

Тіршіліктен қол
үзіп, құражырап,

Жоғарыға жүгінген жыламсырап.

Еркектерді бұл
күнде қатындары

Ойдан-қырдан мал тауып жүр асырап.