ВЕРНУТЬСЯ

      Көктегі күннің бар нұры ұлы жерді елеп,

Шуағын шашып тұрғанда төмен ентелеп.

Жұмысы болып, баласын қолдан жетелеп,

Ақмарал бүгін көшеге шықты ертелеп.

Көңілі жайсаң
қызыққа шаттық батқандай,

Ақ таңмен бірге
арайлы таң боп атқандай.

Адымын кейде қарыштап алға тастайды,

Болашақ күнге асығып бара жатқандай.

Ақмарал, әне, жолына шырақ жағылып,

Барады жүйткіп жанары
күнмен шағылып.

Халықта бүгін келеді неткен бой түзеп,

Көшеге бәрі шығыпты ерен ағылып.

Ұйқы ма әлде оларды әбден мезі еткен,

Адымын алға тастайды жылдам, тез өктем.

Ақмарал жайлап ойланып енді қараса:

"Қаланың жұрты безгендей жылы төсектен?".

Тал бойын шаттық, қуаныш билеп күлімдеп,

Ақмарал сосын баласын сүйді "күнім" деп.

Баласын сүйді
көшеде думан тоқтай қап,

Болашақ күнге естілер менің "үнім" деп.

Баласын сүйді есейіп қалған арқардай,

Кезінің жасын бір жола тегіп
сарқардай.

Нешежыл бойы қырсаулап келген қасірет,

Баласын сүйсе ыдырап бұлттай тарқардай.

Баласын сүйіп ілгері тағы қозғалды,

Тас жолда мөлдіреп тамшы-жас қалды.

Қасірет тартқан Ақмарал жаны тозған жоқ,

Жылдардың жаны тозғанды.

Жүгірді алға көкке дем  құшардай.

Ақырын жүрсе алқымын
біреу тұсардай.

Жүгірді алға мектепке жетсе ертерек,

Күйеуі келіп баласын, езіп құшардай.

"Әкесі келіп баласын сүйсе несі мін,

Өйткені ұлым арқалап жүр ғой
есімін.

Әкесі болған. тек
қана ұлым, жазған-ай,

Тұл жетім болды  ашқаннан өмір есігін.

Әкесі болған туғанда ұлы қуанған,

Қуанып қолға алқызыл алау ту алған.

Әкесі болған қуанған талай
шаттанып,

Өсті деп бір гүл қырыма менің қуарған.

Күн кешкен жоқпыз думанды тойда, сауықта,

Ей, өмір, енді біздермен мынау жауықпа.

Әкесі болған .жаралғаны қайдан болмаса,

Аналар, әлде, күлге аунап туар тауықпа?

Атасыз, тексіз жаралы,
айтшы, қай қыран,

Атасыз, тексіз жаралы, айтшы, қай құлан?

Әкесі болған.. .бірақта кетті ерте өліп,

Күрсінтіп тауды тек қана соған қайғырам".

Ақмарал енді мектепке тартты төтелеп,

Тартпаса тура
қалардай шөгіп, шөкелеп.

Ақмарал әлі келеді
ойдан айықпай,

Қолынан ұстап алғандай
бейне жетелеп.

Жүгірді алға озардай көктің құсынан,

Құлдырап
кетті түскендей таудың құзынан...

-Ақмарал,-дейді.. .таянып біреу кеп қапты,

Қосылған өкпе тұсынан.

Ақмарал тоқтап
бұрылып жайлап қарады,

Шымырлап сезім бойына түгел тарады.

Құлынын
ерткен бір әйел тұрды алдында,

Азырақ сабыр бұлдырап көзі барады.

Түйілген қабақ астында көз тұр жылтырап,

Барады, айтшы, неліктен көзі бұлдырап.

Алдында
тұрған әйел ме, әлде, жын ба әлде,

Көшені бойлап қашса ма екен құлдырап.

Бейтаныс әйел сәлден
соң барып тіл қатты,

Маралға сөзін,
жүрегін, өзін тыңдатты.

-Ақмарал, құрбым,
танымай тұрсың... білмедім,

Өткенді ұмыт,Ақмарал, құрбым, қымбаттым.

Жазығым бар ма?

Әйел ем мен де өзіңдей,

Бір ұлды,
міне, өсірген көріп көзімдей.

Өткенді ұмыт, бәлекет кетсін өзімен,

Көрсеңші мені баяғы арлы кезімдей,-

Осыны айтып жығылды жетіп үш аттап,

Қарғанып әбден жүрегін тіліп, пышақтап.

Жылады дейсің,жылады дейсің сұмдық-ай,

Құрбысын лезде қапсыра қатты құшақтап.

Ақмарал тұрды танғандай болып есінен,

Балғамен біреу соққаңдай аршын төсінен.

Қос жетім тұрды жаутандап бота көзіндей,

Жанардың қорқып қасірет төккен сесінен.

Ақмарал сосын сөйлердей кенет есіліп,

Жарқылдай ағып, кетердей атша көсіліп.

Ақырғы жасын қолымен сүртті тамса егер,

Қара жер лезде
қалардай шұрқ тесіліп.

Жас жуған жүзін алды да желге сүйдіріп,

Көкірегіне алапат қайғы сидырып.

Әйелдің жасын қолымен сүртті кешіксе,

Денесін өртеп,
кетердей ұлын күйдіріп.

-Таныдым, құрбым!

Жақсы ғой кісі таныған,

Кісіні тану қашаннан
бізге қанық ән.

Түсініп тұрмын, бәрін де көрдім көзіңнен,

Сені де тағдыр тау-тасқа салып жаныған.

Аналар деген-өмірге мынау күш-ағын,

Көрмейсің оның жеңіне тыққан пышағын.

Ақ көңіл адал баяғы арлы кезіңдей,

Ізетпен келсең, мінекей ыстық құшағым.

Айқаса кетті, қауышып қалды қос құшақ,

Бір-бірін іздеп көріскен жаңа дос құсап.

Қос жесір сосын жымиып әнтек күлісті,

Дегендей
осы жүріппіз алыс босқа ұзап.

"Әлгінде олар еді ғой
құйын жынындай,

Бір-бірін сұмдық тереңге тартар жылымдай.

Қарашы, енді!Қос ана қатар келеді,

Қос жетім бала соңына
ерген егіз құлыңдай.

* * *

Бұлбұл боп сайрап жүргенде бақша-бағында,

Құлан боп жортып жүргенде айдын қағыңда.

Бір түнде Нартай жасырын келіп үзген-ді,

Ақмарал сұлу толықсып піскен шағында.

Жас ару жаңа өзге үйден тапты тірегін,

Бағбанғой Нартай тастамас қолдан күрегін.

Шабандоз еді өзгеден бұрын кетті іліп,

Сұлудың
алғаш дүрсілдеп соққан
жүрегін.

Жүр еді қыздың Нартайдай жігіт ойында,

Нартай боп қаны тулайтын тұла
бойында.

Шырқалды сол ән, шырқалды сол ән көкке өрлеп,

Өзінің алғаш үйлену думан-тойында.

Ақмарал сұлу жігіттің жүрді ойында,

Сүйгенін аңсап тулайтын қаны бойында.

Шырқалды сол ән, шырқалды сол ән көкке өрлеп,

Өзініңалғаш үйлену думан-тойында.

Таулардан соққан самалдай жұпар аңқыған,

Құс көңіл
көкте шарықтап сонда шалқыған.

Өрт боп жанған кіреуке аппақ төсекте,

Қос дене түнде
құрыштай еріп, балқыған.

Жұддыздай жанып жарқылдап ағар көгінде.

Ер жүрек Нартай шабандоз еді тегінде.

Өзінің адал борышын өтеп жүрген-ді,

Отанын қорғап жүректен құйған шебінде.

Сын жоқ қой ерге
буыны қатып толғасын,

Аруақ  жебеп, бабаның кегі қолдасын.

Жүрмекші болды
өзімен қолын бірге алып,

Ержүрек Нартай елінде біраз болғасын.

Шығарып салды
ел-жұрты Нартай -жасұлын,

Алдына
тартып Ақмарал сынды асылын.

Оң сапар тілеп, шатырлап жет деп шебіңе,

Шығарып салды
ел-жұрты жалын-жасының.

Көсемдей маңғаз самайын қалған қар шалып,

Бұлардан
бұрын жетіпті самал жар салып.

Бұларды адам жиналған қауым, дос-жаран,

Ақ вокзал тұрды
қарсы алып.

Достары оның бұрқанған намыс қанында,

Жігіттер еді шынығып өскен жалында.

Сәлден соң
олар бас қосып шалқып отырды,

Вокзалдың сонау мәрмәрдан соққан залыңда.

Айтылып жатты
киелі ізгі тілектер,

Ел-жұртын сүйген арыстан төсті түлепті ер.

Сыңғырлап тұрған
шарапқа толы бокал да,

Сөнбесін дейді таулардан соққан жүректер.

Тілектер қанша айтылмай жатқан нұр көзде,

Мүмкін бе әсте жеткізу
оны жыр, сөзде.

Нартайдың досы, бірге өскен жақын бауыры

Мадрид шығып сөз
алды жайнап бір кезде.

Жиналған жұртты
қаратып түгел өзіне,

Сөйледі дейсің от жиып нұрлы көзіне.

Әуелі біраз тоқталып алды шегініп,

Нартаймен ойнап жетілген бала кезіне.

-Шабытым бүгін шарапқа деген бұрқасын,

Жүрегім сырлы өз әнін шыңдап шырқасын.

Ақпандап соққан, аттандап соққан дауылға,

Қасқайып тұрғын
қосыңмен бірге, құрдасым.

Мадрид сөзге суытқан аттай жарапты,

Жиналған жұртты аузына түгел қаратты,

Сөйлеп боп сосын бокалды жерге ұрды кеп,

Таңдайға дереу қағып салды толы шарапты.

Нартай да оның сүйд і кеп күрең жүзінен,

Садаға кеттім дегендей басқан ізіңнен.

Үйді кеп досын, сүйді кеп досын бақытың

Болсын деп
аулақ өмірдің қатпа күзінен.

Сәлден соң
олар тарасты ғажап күйге еніп,

Бірінен - бірі ғаламат ерен сый көріп.

Мадрид досы ауылға
Нартай жүргенде,

Үлгеріпті ол да үйленіп.

Қос отау тұрды сыңсыған қалың бақ нудай,

Түтіні көкке желбіреп шықты шаттудай.

Достасып кетті аз күнде әлгі қос ару,

Бір көлге қонып, бірге ұшқан егіз аққудай.

Кезгенді талай бір жүріп сонау даланы,

Аралап бірге қайтатын ылғи қаланы.

Оңаша қалған кездерде зілсіз әзілдеп,

"Бір күнде
біздер табайық дейтін баланы".

Арада жатыр айлар мен апта, күн өтіп,

Төсіне ылғи шабыттың құсын түнетіп.

Қос әке жүрді. дегендей
осы бір кезде:

"Қос қыран көкке ұшырсақ шіркін түлетіп".

Қос әке бірде
үйіне жетті ертелеп,

Жеткесін үйге сыпырды маңдай терді елеп.

Қос әкең-таң...Өйткені
бүгін қос ару

Желпінген желдей
шықпады алдан еркелеп.

Қарулы қолдар тұтқаны
барып бүргендей,

Есікті ашты найза caп көкті түргендей.

Қызықты қара,қос ару жатыр толғатып,

Бір кезде сонау өздері айтып жүргендей.

Көрінді бұл жер достарға құтты тұрақтай,

Теңселіп тұрды
тербелген жасыл құрақтай.

Сәлден соң екі сәбидің даусы саңқ етті,

Бөлмеге екі жарыса жанған шырақтай.

Кішкентай жүрек айналып шымыр шақарға,

Қосылды келіп түйдекте дүрмек қатарға.

Арнасын тауып жаңадан туған қос бұлақ

Шапқылап шықты жол тартып алыс сапарға.

Жүрегі әлде
қалды ма лезде қабындап,

Қос ана жатты азырақ төрде дамылдап.

Қос әке тұрды шаттықтан өліп кетердей

Өмірге келген өз ұрпақтарын қабылдап.

Сезінді олар мұратқа мирас жетердей,

Армансыз мынау өмірден шалқып өтердей.

Қос ұрпақ,
әне, қояды әлсіз бұлқынып,

Әкеден қалған достықты жалғап кетердей,

Арлан төс Нартай қатал тың кейде өмірдей,

Болатын кейде тұманды
алқап өңірдей.

Отанның қорған -шебінде әлде жүргесін,

Орнатып еді бар жерге тәртіп темірдей.

Жігіттің түлкі бұл тағын жүрді жаратпай,

Ондайды шептен қуатын артқа
қаратпай.

Өзін де ылғи жүргендей сапта ұстайтын,

Өткірдің қайрауы жеткен жарақтай.

Тұратын барлық қуаты, күші кезінде

Сағыздай созып тұрмаушы
еді сезін де.

Мадрид бірде сенді ме, әлде, досына,

Ұйықтап
қапты күзетте тұрған кезінде.

Нартай кеп оны жауапқа тартып тергеді,

Досым деп оған жеңілдік және бермеді.

Тартылған сымдай шығарып саптың алдына

Тергеуге алып, телміртіп әбден жерледі.

-Қырағы болмай біздерге әсте болмайды,

Көңілім
менің осыны ғана толғайды.

Қапысыз жүру-жол ашып беру жауларға,

Ондағы кеткен шығынның орны толмайды.

Қаруды қолға ұстамай
болмас қапсырып,

Ентелеп келген жауларды жерге жапсырып.

Калқымыз, достар, алаңсыз жүрген жоқпа еді,

Таң нұрын бізге, тағдырын бізге тапсырып.

Осыны айтып кеткен-ді жүріп жөнімен,

Сырласқан кісі сықылды дала желімен.

Алдынан
ескен ақ желең самал дегендей:

"Ер жігіт әсте бақытты болмақ елімен."

Мадридтің ойы

"Мен бүгін Нартай кескен жазалымын,

Өртенген көк ормандай азалымын.

Дос деген қорғаушы еді жан жолдасын,

Қорғамады,қайтейін назалымын.

Үстіме Нартай болды өктем кірген,

Найза сап түндігімді
көктен түрген.

Күнтуса басын алам,обалы
жоқ,

Өзі ғой мені өзіне кектендірген.

Үйіме досым еді есіп кірген,

Өзі ғой түңлігімді кесіп, түрген.

Жолына жылан болып жатып алам,

Өзі ғой мені өзіне өшіктірген.

Ойында не жатқанын
кім біледі?

Әйтеуір ол сөйлесе Күн күледі.

Ел-жұрттың
көзі алдында семсер сөзбен

Қайтейін жүрегімді
тілгіледі.

Жел тұрса аспан бұлты көшпес пе еді,

Қар жауса құм
жазуы өшпес пе еді.

Дос деген жолдасының қателігін

Бір жолға сенім артып кешпес пе еді.

Кешпеді,жұрт
алдыңда көппін,-деді,

Мен сенен жоғарымын,
көкпін, -деді.

Жараған шал бурадай омыраулап,

Жараған арғымақтай екпіндеді.

Танымай жүрсе әкесін танытармын,

Қарбыздай әлі талай қарбытармын.

Таулардың біріне алдап ертіп барып,

Аждаһа көк өзенге қарғытармын.

Көңілі күпті болып жабырқасын,

Бейне бір күзеткендей қабір басын.

Үзсем бе екен жұлынын, омыртқасын,

Күйретсем бе екен он екі қабырғасын.

Болмайды енді менде тақ тұрмасам,

Көр де тұр
отымды оған жақтырмасам.

Түбіне Нартай жетіп тынар менің,

Болмайды құздан оны лақтырмасам.

Жоқ, болмас...тағатымды тауыспайын,

Алдымен шепке кірген жау ұстайын.

Осындай жауыздардың қолыменен,

Нартайды қан шығармай бауыздайын.

Терісін сондай, сондай кезде ірейін,

Маралға ойым барын сездірейін.

Бүлік caп
екеуінің сеніміне,

Қаншығын қарғыс атқан бездірейін.

Маралды алдап-арбап көндірейін,

Құрдай ғып көз алдында желдірейін.

Қорлаған қалай екен. соның бәрін,

Осылай өз алдына келтірейін.

Маралды өзіме арбап қаратайын,

Самалға
қолаң шашын  таратайын.

Жұлқынған үйір аңсап қара айғырды,

Күйлеген байталына жаратайын.

Нартайды болмас солай қаңғыртпасам,

Мен неге аяғымды салғырт басам?

Ініне су бөпкіріп,құс төсегін

Қоғалы көлдей болмас жаңғыртпасам.

Түршігіп жел таратқан өсегінен,

Күйініп құйын атқан кесегінен.

Еңсесін қайғы басып,ертеңгісін

 Қан болып ұйып тұрсын төсегінен...

Тағдырым мені осалғып жаратпаған,

Көрейін Нартайды арсыз жалақтаған.

Шамдансам,шамырқансам өз қолына

Қос көзін ойып берем алақтаған.

Кезім көп терең ордан санаттаған.

Кезім жоқ бірақ елді сан ақтаған.

Кегімді қайтармаса,не тындырмақ,

Қос қолым иығымда салақтаған.

Мен әлі сан оқ басам, сан от басам,

Ей, әмір, неге тудың жаратпасаң?

Қаншығын қанжылатып,ал Нартайға

Оңбайын табанымды
жалатпасам.

Біраз күн құс төсегін жайлап көрем,

Шоғынан кек-қазаным қайнапты ерен.

Д осыңның олжасы деп бір ұрпақты,

Нартайдың қанжығасына байлап берем.

Құшағын әйел деген түнде керіп,

Жылуын жүрмейді,
айтшы, кімге беріп?

Ал  Нартай іш-құста боп жүріп жатсын,

Ордасын ойран болған күнде керіп.

Сұм жігіт үйге аптығып келді кіріп,

Қуғандай құла түзге желді түріп.

Текпіні
тау жыққандай,байқадыңба?

Ұстап жүрген адамдай еді бүріп.

Ақмарал шықты төргі бөлмесінен,

Жүргендей тоят іздеп ер төсінен.

Мадрид күлімдеді: "келдіңбе,-деп,-

Осынау сұлулықтың
көрмесінен.

Iшіп-жеп жанарыңмен нұрды ұрлаған,

Сұлусың
көк көйлегі судырлаған,

Нәзіксің жел тербеткен көк құрақтай,

Даланың ой, қырына сыбдырлаған.

Жүйріксің санжарыста
болдырмаған,

Түғырды шаңға көміп оңдырмаған.

Сұлу боп тұрмақ емес айдын көлдер,

Өзіңді айдынына қондырмаған.

Ақ дауыл дауыл емес бұрқанбаған,

Адам ба бал жүзінен
нұр тамбаған?

Жүректер жүрек емес,қара тас қой,

Өзіңді құшып-сүйіп бір қанбаған".

Жазған-ай, мақтауды кім жек
көреді,

Тулаған сезімдерді текке өреді.

Алданба,
ей, Маралжан, жұмыр басың,

Алапат заманды әлі өткереді.

Сұңқарың
бар ғой ұшқан қиясынан,

Сұқсырдың тамыр тартпа миясынан.

Алданба,сен
алдансаң жетілмейді,

Өрбіген балапаның ұясынан.

Қайтесің өзге отаудың жүгермегін,

Ей, сұлу, бұл сөзіме  түнермегін.

Бір түндік қуанышқа
айырбастап,

Мың күндік бақытыңды жібермегін.

Қабырғаң көбесінен сөгілмесін,

Сезімің сайтанға ауып жеңілмесін.

Төгілген абыройлар тірілмейді,

Ей, Марал, абыройың төгілмесін.

О, сайтан
мұңданады - мұңданады,

Ұзамай
арлы етегі құмданады.

Мадрид мақтап қойса арқа қағып,

Сайқал-ау, одан сайын жынданады.

Даланың алпыс айла түлкісімен,

Жарасып отырғандай түр-түсімен, -

Үй ішін сырға бөлеп барады, әне,

Сыңғырлап күміс шашқан күлкісімен.

-Мадрид, баладайсың былдырлаған,

Тіліңді безей берме судырлаған.

Күлкісін жұбайыңның ұмыттың ба,

Қолдағы шыны ыдыстай сыңғырлаған.

Ақмарал осыны айтып күлімдеді,

Жүрегін жүгермектің тілімдеді.

-Нартай-жан-менің нұрлы
көктемім ғой,

Ал, Лена сенің жарқын күнің,
- деді.

Сұмырай сезінеді өзін нендей,

Маралға қарап қапты тесілгендей.

-Оу, сұңқар, жасымағын,-деді бірде,

Үміті болып еді кесілгендей.

Мұны естіп жігіт-сайран жайнап кетті,

Бір іске белін бекем байлап кепті.

Көңілмен қысырақтың бір үйірін,

Көк шалғын жайлауына айдап кетті.

Құландай қайта оралған тұл қағына,

Бұлбұлдай
қайта қонған гүл бағына.

Мадрид құмырсқаның
шиырындай

Өзінің салды түлкі бұлтағына.

-Білемін, Нартай мені кешіреді,

Туу сұм неткен кесел кесір еді.

Досының арқасында сайран салып,

Мадрид әлі талай есіреді.

-Маралжан,сен
осыны білесің бе?

Білесің,әйтпесе сен күлесің бе?

Нартай-дос бұл өмірде болмаса егер,

Сен өстіп шалқып-тасып жүресің бе?!

- Нартайды сүйем әлі, сүйіп өтем,

Отына, шоғынада күйіп өтем.

Бірақта бұл күндері сарбазымның

Болып жүр маған деген
күйі бөтен.

Білмедім, желбірейді туы қандай,

Көңілі әлде қайда бұрылғандай.

Бұл күні төсегін көп сағынбайды,

Төсегі бейне азынап
суығандай.

Жүргені шылауында көп тірліктің,

Белгісі осы ма әлде өткірліктің.

Кей күні келмесе үйге жұмысынан

Қорада қалған қойдай көп дүрліктім.

Болды ғой еркелігі
жететіндей,

Не жаздым менен
суып кететіндей?

Бір мезгіл үйде отырса көреді ылғи

Бір жауыз шепті бұзып өтетіндей,-

Ақмарал осылай деп көп күйінді,

Адамдай шеше алмаған көк түйінді.

Мадрид жан ашыр боп қасында отыр,

Сапыра түсіп бұрқақ от құйынды.

-Маралжан, орынсыз көп жыламағын,

Жасыңмен көзді бекер бұламағын.

Қияға біткен ару шынар ең ғой,

Құзыңнан ажал жетпей құламағын,-

Жылғадай жылап аққан жар қасынан,

Мадрид сипады кеп арқасынан.

Ішінен
ойланып тұр төсегіне

Сұлатып салсам ба деп шалқасынан.

Көз алды болды тұман байланғандай,

Басы да шыр көбелек айналғандай,

Денесі шымыр-шымыр қайнайды кеп,

Қайраттанып қолына қайла алғандай.

Бәрі де қас қаққанша болатыңдай,

Көңілі көк нөсерге толатындай.

Сұм жігіт сезінеді бір ырғыса,

Маралдың  нақ төсіне қонатындай.

Ол мықты жігіт еді есебіне,

Шомылып өскен нұрдың нөсеріне.

Маралды жерден алды тік көтеріп,

Өзінің жатқызбақ
боп төсегіне.

Сезімі бұрқақ атып желдегесін,

Ақмарал жинай
алмай кермек есін.

Құшақтап жата
берді,Мадридтен

Жамандық бұрын-соңды көрмегесін.

Арына жұғар мұны күйе көріп,

Жүрген жан тез ұғынған киеге еріп.

Боларын бір сұмдықтың
сезіп қалды

Жастыққа алтын басы тие беріп.

Шығарған сұрқиядай
елді есінен,

Жылы дем аймалайды бел, төсінен.

Алқынып қос өкпесі ала сұрды,

Сұм жігіт тоят іздеп кеудесінен.

Қақырап көбең тұтас сөгілгесін,

Жас денең көрге неге көмілмесін?

Ей, Марал, сұлулығың кімге дәрі,

Абыройың айрандай төгілгесін?!

Жаралған арлы
ананың тілегінен

Нартайдың садаға кет жүрегінен.

Ақмарал тайдай тулап,Мадридтің

Тістеді көктамырлы білегінен.

Манадан тұрған еді таутарынып,

Бұлтынан
көк нөсер де жауды арылып.

Сол кезде түйеге артқан босаң жүктей

Арамза кетті үстінен аударылып.

Келіншек қарғып тұрды тепсінгендей,

Тәніне барыс жүрек кексіңгендей.

Тартпадан
бес атарды суырып ап:

-Қорлығың бұдан артық өтсін неңдей.

Шық үйден,шыққын,
малғүн, жаның барда,

Сенсіз де
келеді атып таңым арда.

Кеудеме шығатындай сен кім едің?

Шық үйден,тездеп,
малғун, жаның барда!

- Маралжан, үрейлі еді көзің нендей,

Болдың-ау
менен сонша безінгендей?

-Сөзді қой,
шық...бол...үйден...

Шығып кетті Мадрид енді өлерін сезінгендей.

Тістеніп тұрып
қапты  жыламады,

Көз жасын босқа
төгіп бұламады.

Бір дауыл соғып,
жайпап өтпек еді,

Құзға біткен
шынардай құламады.

Бір қарап қызыл
шака ермегіне,

Амандық тілегендей жер, көгіне,

Ақмарал тысқа
шықты тік көтеріп,

Сәбиін орап алып жөргегіне.

Батар күн жөнелгендей салқынды алып,

Тұр екен өрт
сөндіргендей жалқынданып.

Қызыл нұр қалықтайды жер бетінде,

Жатқаңдай әрбір тұстан жал құмжанып.

Таулар тұр көрдің бе ерен асқақтауын,

Қарашы дауылдардан қас қақпауын.

Тұрғандай ел-жұртына қалқан болып,

Тұрғандай омыраулап жасқап жауын.

Төсінен өрбіп батыр-асыл арман,

Безбүйрек жауыздардың басын орған...

Жазған-ай, сонау шетте сонша неге

Шу асау шуылдайды
жасыл орман?!

Қос төбе өзара,
әне, кеңеседі,

Жалғанның жалпағымен теңеседі.

Сұрқия бір сұмдықты жеткізгендей

Ышқынып ішін тартып жел еседі.

Жүр ме еді терезеден жел күнде еніп,

Сұм тажал қалды ма әлде еркін төніп.

Бір қаңбақ жел айдаған барады, әне,

Жыртқыштан қашқан қоян секілденіп.

Жас ана таңдай қағып тұрып қапты,

Сұм ойлар бойын билеп, ырықты апты.

Ілгері жүрмеледі,жүре
алмады,

Денесі дел-сал болып құрып қапты.

Жерде әлі өз үйінен үш аттаған,

Марал тұр от жүрегін пышақтаған.

Жібер деп мені жерге шіренеді,

Қызыл шақа сәбиін
 құшақтаған.

Құшақтап қызыл шақа мұрагерді,

Ішіп-жеп жанарымен
шырақ өрді.

Нартай кеп сүйеп үйге кіргізгенше,

Ол солай бір орнында тұра берді.

Ақмарал мұңын шақты аянбады,

Азырақ тыныс алып, аяңдады.

Нартайы төрге барып жайғасқанда,

Досының бар қылығын баяндады.

- Мадрид сұм екен ғой жылмыңдаған,

Көзінен сақ бол,
жаным, жымыңдаған.

Адамның оңғанынмен
көргенім жоқ,

Сайқалдай сылаң қағып қылмыңдаған.

Ой, найсап,нағыз ит-ау, қутыңдаған,

Назар сап сөзін бұрын кім тыңдаған.

Дос дейсің...мені
осы үйде былай...нетіп...

Жағамды жыртпақ болды жыртылмаған.

Тыңдамай жүрегімді шырықтаған,

Жаппақ боп аузымды да тығындаған.

Кез-келген ала айғырға сүйкенетін

Көре ме мені байтал шыбындаған.

Жүрмепті мені өзінше берік көріп,

Келіпті ала құйын желік керіп...

Ақмарал осыны айтып көп жылады,

Қорғасын көз жасына ерік беріп.

Нартай ашу бұрқаңқы от өргендей,

Қап-қара түтін жұтып жөтелгендей.

Сенімнің шар айнасы быт-шыт болды

Қосағы жаттан кұрсақ
көтергендей.

Жалғанда кім өшірсін өсек
үнін,

Өсек боп жүгірсе егер көше бүгін.

Қалай сабыр сақтайды?

Бір ит келіп,Сарып кетсе үстіне төсегінің.

Кіжінді Нартай-ашу нағыз ардай,

Көгінен қасірет бал тамызардай.

Бөлменің ішінде ерен аласүрды,

Өзенді кері қайта ағызардай.

Досынан іс таппады жөн көрердей,

Кешіріп түсі жылып өң берердей.

Нартай ашу бұрқап отыр әлі,

Қара аспанды басына төңкерердей.

Жүрмеген жандай бейне бүлікке еріп,

Қос бетін қос қолымен жырып беріп, -

Мадрид жата кетті жер еденге

Боздаған бойы үйіне кіріп келіп:

-Кешіргін Нартай мендей есегіңді,

Ат маған таудан
соққан кесегіңді.

Өзіңбіл өлтірсеңде,кешкін, бірақ,

Ластамақ боптым мана төсегінді.

Арылдым, жаным, міне, арайланды,

Сен жендің,басты
мысық  бар айламды.

Көргенім болмаса егер қолыма алып,

Сындырған жоқпын
бірақ шарайнаңды.

Аралап жапырғам жоқ жыр-бағыңды,

Тыңдағаным болмаса ырғағыңды.

Өлтірсең, міне жаным,кешкін бірақ,

Тәңірім жарылқасын ұрпағыңды.

Желгендей қапталымен қыр тебініп,

Аққандай көз алдынан нұр да емініп.

Досының бұл
қылығын кешпес еді,

Қасында Ленада өксіп тұрды егіліп.

Солқылдап
қос өкпесі сырылдайды,

Жұлып жеп
алма бетін жырымдайды.

Көтеріп тұрған сәби баласы да,

Әлденені сезгендей шырылдайды.

-Кешіргін, алсаң, әне, басын қағып,

Өртегін,тұтатайын
шашын жағып.

Бірақ та кешкін
бізді...суға таста,

Жоғалсын таудың
жыра, тасында ағып.

Ашулан, бұрқақ атып
құйындағын,

Жүректің тыңда
бірақ кұйырғағын.

Досыңның айта
берсем иттігі көп,

Ол үшін бізді айыпқа бұйырмағын.

Ал, Нартай суық тартып көк темірдей,

Отырды осы өңірге жеткен пірдей.

Кім білсін ойланды
ма...сәлден кейін

Мұң өшті көңілінен кеткен кірдей.

- Жігіт ек ат белінде дамылдаған,

Ажалын ер үстінде қабылдаған.

Достықтан біздер кетсек не болады?

Осынау кезең тумай
дабылдаған.

Көңілім досқа мәңгі табынады,

Жүрегім доссыз жүрсем қабынады.

Өмірде моншақтан көп нәрсе бар ма,

Қатын кетсе...он қатын табылады.

Жігіт ең сен де өзіңше көктемдеткен,

Соқпайын бұған бола ма өктем беттен.

Кешірім сұра,
бірақ, Ақмаралдан,

Осымен ұмытылсын
өткен-кеткен.

Зымырап жүйрік ойлар самғасын деп,

Достықтың қос
қанаты талмасын деп.

Сәлден соң
қайран достар шампан атты

Көңілде ешбір кірбің қалмасын деп.

Жау шапты қорған-шепті ертесінде,

Даланың жатты өліктер
бел, төсінде.

Нартайлар аңғармапты...жау қылышы

Жалаңдап тұрыпты әркез желкесінде.

Ақ берен арғымақтай басы қатты,

Өзен боп адам қаны тасып ақты.

Сол күні қызыл қанға боялғандай

Туған жердің таңы да жасып атты.

Үйренген тазы сынды жетекке еріп,

Жау сонау келе жатты
етекте өріп.

Күші оның басым еді,сонда да алдан

Нартайлар тұрды
біраз төтеп беріп.

Шағын топ тепсе
де алау жасын болып,

Жау күші қоршап адды басым келіп.

Сол күні талай боздақ жер жастанды

Күн батыс құбылаға басын беріп.

Көк жүзін оқтар ұшып
осқылаған,

Шақ туды дүркін-дүркін қос құлаған.

Сол бір күн-тарихтың жұт
жолы болды,

Әлемет жойқын іздер жосқылаған.

Қалғысын деп тілейтін қыран көздер,

Мініп бір көріп пе еді құланды ездер.

Жұтпақ боп бас салды, әне, Нартайларды,

Tap құрсақ
фашист дейтін жылан бездер.

Ей, Нартай, ойнады мажағанда азап,

Сенімін тапсырған-ды
саған қазақ.

Жазған-ай, езбеймісің құмырсқадай,

Қаптаған қалың жауды
табанға caп.

Жүзіңе жағады,
айтшы, кім күйені?

Өзіңмен көктегі анау Күн киелі.

Ей, Нартай-жасынның бір ұшқыны

Жетеді
өртеуге ерен дүниені.

Көрінбей жүрдің, айтшы, нағып көптен,

Жасын боп түскін енді ағып көктен.

Сөнбегін сөндірсе де,әкең сені

Бір үйдің шырағы етіп жағып кеткен.

Сөнбегін нөсер құйып сөндірсе де,

Өлмегін жүрек
жарып өлтірсе де.

Көнбегін - қаратастай тұр қасарып,

Төбеңе қара аспанды төндірсе де...

Мұншама тартпайын деп
қанды күйік,

Ер Нартай тосқауыл ғып жалды биік,-

Соңғы рет жолбарысша атылуға

Бойына күш-қуатын алды жиып.

Тас түлек жігіт еді дала ұшырған,

Атағын шың-құздардан сан асырған.

Және де шайлықпаған жүрек еді,

Кеудесін ұрып-соғып
аласұрған.

Жалындап бойға түгел от таратты,

Өзіне жау назарын
көп қаратты.

Осынау түтеп тұрған дала сынды-

Жауына түйдек-түйдек оқ боратты.

Саспады, құты қашып елірмеді,

Алдынан сары қаншық - жел үрмеді.

Бекінген жері нұрлы
Отанындай,

Бермеді,жауға өзі де берілмеді.

Ерлігін оның байтақ дала көрді,

Ерлігін жұлдыз шашқан қала көрді.

Нартайдың қолындағы көк пулемет

Келген жауды жусатып сала берді.

Жаулар да оқты аямай төкті келіп,

Қайтсек те аламыз деп шепті берік.

Сонда да жүрегі оның шайлықпады...

Атадан туған ұлдай текті келіп.

Сәтті боп басталыпты жас қадамы,

Нартайдың алынбады
тас қамалы.

Сөзбенен алдап-арбап
алмақ болды,

Жаулардың қалмады одан басқа амалы.

Жауынгер өзге жерге ауыспады,

Үнемдеп оғын атты -тауыспады.

-Кеудемде шыбын жаным
қалсын десең,

Беріл! -деп сонда біреу дауыстады.

Таныс дауыс... Нартай да сезіктенді,

Асардай ашуланды көсіп дөңді.

Жан досы сатқын болды..амал қанша?

Бұған да шыбын жаны төзіп, көнді.

Ол сезіп нағыз жауын жайламапты,

Аңдаусыз жанарына ай қамапты.

Мадрид жау жағына кетіпті өтіп,

Атысып жүріп оны байқамапты.

Қылығы сатқын достың жан
мұздатты,

Сілкінді, күңіренді жал-құз қатты.

От-өрттен жанбай қалған қарағайдай

Ер Нартай достары өліп, жалғыз қапты.

Атысып жүріп оны аңдамапты,

Оқ түтеп көрсетпейді шаңды алапты.

Мадрид жау жағына кетіпті өтіп,

Шын жауын Нартай,
бірақ, қандамапты.

Атысып жүріп,
әттең, аңдамапты.

Өлеңді тас түйін боп бекінеді,

Көңілі қашан оның сетінеді.

Сатқын достың жауға
өтіп кеткендігін

Байқамай қалғанына өкінеді.

Ол енді тас түйін боп бекінеді.

Шамданды жүрек отын қияға атып,

Шың-құзға жіберді ашу қиялатып.

Жүріпті-ау аңғалдықпен бір құзғынды

Өзінің
мекеніне ұялатып.

Тұрғандай
сонау жартас, қия жасып,

Ашуы арнасына құяды асып.

Байқамай келіпті, әттең...өз қасында

Бір құзғын
жүріпті ғой ұя басып.

Сатылып досы мұны
қорлағандай,

Көз алдын тұман басты
торлағандай

Шамданып, буырқанды кеудесіне

Әлемнің ашу-кегі орнағандай.

Тістеніп біраз тұрды
ширыққандай,

Алдымда болады деп бұйрық қандай?

Оңтайлап пулеметін алды әуелі,

Тәңірдің өзі бұған бұйыртқандай.

Тас қамал бекіністе жалғыз жатып,

Оқ төкті
пулеметтен аң дыздатып.

"Бізге де үйреттің деп қайсарлықты"

Сол кезде қалған
сынды жал-құз қатып.

Оқ төкті аямады, аянбады,

Сүрінді, бірақ, жерге таянбады.

Сол кездетас қамалын алмақшы боп,

Қаптаған жаулар тағы аяңдады.

Батырдың көкірегін кек кернеді,

Сұм фашист таяп қалды - жек көрмеді.

Алдыңғы тобын баудай қиып түсіп,

Жеріне жетем деген жеткермеді.

Қашпады қорған
болған тастап қырды,

Фашистің талайына
тас қаптырды,

Ақ түтек оқ
боратып жаудың алдын

Бір сағат бойы жалғыз жасқап тұрды.

Есесін жауға,
бірақ, жібермеді,

Өзі де жараланды
-түнермеді.

Сұлатып салады ылғи көздегенін,

Япыр-ай, кектен туған жігер
ме еді?!

Есесін жауға сөйтіп жібермеді.

Барады неге мұнша тау тарыйып,

Көктен де нөсер бұлттан жауды арылып.

Қасына түскен үлкен снарядтан

Кеткені
пулеметі аударылып.

Шынар ед күн нұрына қанып өскен,

Ол содан ұзақ.жатты танып естен.

Жұмулы қос көзі оның...нұрлы аспанның

Қос жұлдызы
сияқты жанып-өшкен.

Бір өзі тартты әлгінде қанша күйік,

Тұғырын жетпес пе
еді салса биік.

Фашистің құрсауында жатыр екен

Сәлден соң Нартай есін алса жиып.

Қасынан таба алмай шын жанашырды,

Түсініп тағдыр тартқан дара сырды, -

Тұтқынға тірі түскен Нартай-барыс

Бармаған шайнап сұмдық аласұрды.

Жүріпті-ау, Нартай азғын күлікке еріп,

Әлгінде сатқын
досы кіріп келіп.

Мұншалықты боларын кім біліпті,

Алқымын езгіледі бүріп көріп.

Адамның арын таптап, қырын басқан

Бау кеспе жендет бопты жырыңды, асқан...

Қасарған қарлы шыңдай қалған қатып

Батырдың көз алдынан
сырылды аспан.

Қабылан қанды қолын арсынбаған,

Достарын қырып-жойып аршындаған, -

Мадрид болыпты да қалыпты ғой,

Фашистің көк төбеті арсылдаған.

Қасқырдың тұл қанына жарып туған,

Жауыз боп шықты нағыз барып тұрған.

Жыртқыштың қуысынан жай тауыпты,

Көк тұман көлеңкедей
жарық қуған.

Нартайдың жүрегі
ерен кектіледі,

Кешегі досы бүгін тепкіледі.

"Жанымның аман-есен қалғанына

Құрбан ғып шалам сені!" деп күледі.

Еліріп алыпты әбден есі жоқтай,

Үстем құрған сияқты
сесі шоқтай.

Тұтқынның
қос жанары кетсе атылып,

Кеудесін өтер еді-ау тесіп оқтай.

Ол кенет әлденеге бекінгендей,

Танытып тұрды
сыңай өтінгендей.

- Ақмарал жаудан
аман құтылды ма,

Болар ем, шыныңды айтсаң, жетілгендей.

Азуын айға жанып, көп білеген

Сөйлесе,
сөйлеп кетсе көк түлеген, -

Атам қазақ тәңірден байлық емес,

Тұлпардан
тұяқ қалсын деп тілеген.

Ер Нартай деді осылай сен биік,-

Мен өліп, құтылса олар, несі күйік.

Артымда қалса болды бір шаруа

Немереме беретін бесік иіп.

Сатқынсың,жаным соған ашынады,

Соны ойлап жаңбыр-жасым шашылады.

Дауыл да ақпандатқан басылады,

Күн көзін
бұлттар жапса - ашылады.

Сатқынсың,жаным
соған ашынады.

Мадрид күлді
сонда көкке жетіп,

Досының жан
жүрегін көктен өтіп.

-Толтырып көкірегіңді
қасіретке

Мен тұрмын
көңілімді көктем етіп.

Ей, Нартай, көрдім отқа күйгеніңді,

Айтайын енді мен де түйгенімді.

Жас балаң басы байлы құлға айналып,

Бір неміс қатын қылды сүйгенінді.

Сазарып тұрды жағы қарысқандай,

Бас шайқап қақты және барыс таңдай.

Алғашқы кезде іштей күрсінді ауыр

Қапыда шынжыр киген арыстандай.

Көрінген шығар бұл
да өлеріне,

Ойнақ caп
жортып кетті жел әріне.

Билігін оқ жыландай
ысылдатып,

Мадрид қайта басты өнеріне...

Нартайдың Мадридке айтқан сөзі

Жау болдың алды-артыма
қаратпаған,

Белдерің қайда қалды
дара аттаған?

Мәз болып өлтірем деп отырсың ба,

Тәңірім мені өлсін деп жаратпаған.

Ойымды жақсы саған
бөлмегенім,

Жараспас сағым құсап көлбегенім,

Өзімді туған ару ауылыма

Ұрпағым аман жетсе
- өлмегенім.

Жүрегім шұғыла шашқан күнге еріпті,

Жүрегім жұлдыз шашқан түнге еріпті.

Tap жодда тағдырыңды саудалаған

Өзіңдей сатқын досты
кім көріпті?

Желдер де өшіре алмас ер есімді,

Өмірге бермек боп ем бересімді.

Амал не, барам, міне, үлгере алмай

Сатқын дос,сенен
көріп көресімді.

Достықты артық көріп қара бастан,

Бірге өскен құрдасым ең бала жастан.

Көрмеген бар пәлемді көрсеттің-ау,

Жаралған жан ба едің сен қара тастан?

Жүрмісің әлде
мені қатпа көріп,

Барлығың келесіңдер қаптап, өріп.

Азапқа саласыңдар...досым мені

Жас жаның жай тапты ма жатқа беріп.

Азапты көп тартқыздың
жүдә маған,

Мен бе,әкем,тозағыңа шыдамаған.

Өйткені менде осынау даламын ғой,

Төсінен малы
кетіп, жұтамаған.

Қараушы ем бұрын саған кешіріммен,

Өзімнің артық көріп жесірімнен.

Амал не, қыршын кетті талай боздақ

Бір ғана сенің кесел кесіріңнен.

Сатылдың сатқын
болдың алақтаған,

Әдетің қалмапты әлі далақтаған.

Фашистің әупілдеген
төбетісің,

Тұтқындарды
тоздырып балақтаған.

Жолыңа шеңгел бітіп өсті ме екен,

Бір құйын үмітіңді кесті ме екен?

Сатқыңдық!Білсең, досым, бұрын-соңды

Бабаңның кәсібі еді естімеген.

Өзіңе жайма-шуақ ырық беріп,

Бір үйге жүрсем сені сырық көріп.

Сатылдың неге десе, не дер едің?

Сол бабаң қабірінен тұрып келіп.

Не деуші ең!

Оған да сен күлесің де,

Қылығың ұмытылмай
жүр есімде.

Білемін, ардан безген азғынсың сен

Жататын кірлі қардың күресінде.

Сендейлер бүгін,
ертең тігерлейді,

Сен үшін аспан сәуле-жіп өрмейді.

Халықтың сорғалаған көз жасы әлі,

Ей, сатқын!Сені тегін жібермейді.

Сен жүрсің мерейімді өсірем деп,

Жат жұтқа қонысымды көшірем деп.

Ал жердің жел, бораны әлек боп жүр,

Сатқыннан қалған ізді өшірем деп.

Жолыңды жоқ болып тұр қуған бала,

Сен түгіл белін бекем
буған дала.

Қалайша сатқын болып шыға келдің?

Өзіңді батыр етіп туғанда ана.

Бір сойқан жатады анық күлген кезде

Сен солсың
түсінерсің білген кезде

Қалайша сатқын болып шыға келдің?

Еркек деп сені әйелің жүрген кезде.

Жатқанда шығар саған жұрт сын тағып,

Басыңды бір аждаһа жұтсын бағып.

Сенің бұл опасыз жан болғаның да

Жетеді ұрпағыңа сыпсың қағып.

Жүрегім көп нәрсені байыптайды,

Кеселің, бірақ, сенің айықпайды.

Өзіңнен қалған тұяқ ертең сені

Көрерсің жұрт
алдында айыптайды.

Ақмарал

Аспанда бұлттар жосып
шатылғанда,

Қызарып атқан еді батыл таңда.

Ақмарал баласын ап жолға шықты,

Соғыстың алғашқы оғы атылғанда.

Ызалы ару ана жалын ішті,

Жанын ішті,білмеді жалынышты.

Бұршақша
жауған оқтың арасымен

Баласын қорғалақтап алып ұшты.

Айрылған ана сынды тірегінен,

Келеді ызғар шашып тұр-өңінен.

Ұшады қуат
алып,баурындағы

Дүрсілдеп соққан
ұлдың жүрегінен.

Белбеу ғып алыпты өзі кекті буып,

Көз жаспен отырман деп көкті жуып.

Баласын тік
көтерген осы әйелді,

Сәлден соң бір машина жетті қуып.

Ақмарал отырды сәл тыным алып,

Көзінде жалт-жұлт
еткен нұры жанып.

Баласын қысып алған көкірегіне,

Сұм ажал әкетердей жұлып алып.

Намыс дейтін қамшысын түзеп, өрген

Жан еді аз нәрсені місе көрген.

Жігітті Ақмарал да таныды енді

Секіріп мәшинеден түсе берген.

Қиын ғой, олда
қатты түнеріпті,

От шашқан жанарында мұң өріпті.

- Қалаға жеткізіп сал Маралды,-деп,

Нартайы бұл жігітті жіберіпті.

Жау оғы шарпылғанда көкті үзбек боп,

Ұшады көз
алдынан көк тізбек боп.

Келеді мәшине де құстай ұшып,

Маралды қалаға тез жеткізбек боп.

Қалаға кідірмеді жеткесін де,

Самғады құсқа
мініп көк төсінде.

Самолет бұларды
аман жеткізді елге,

Жігіттің бір құпия
кетті есінде.

Нартай

Ей, сатқын, сонша неге ақырасың?

Асықпа күніңді әлі батырасың.

Көтеріп жүрген сені жерде ес жоқ,

Бар болса тігісінен қақырасын.

Үзілсін екен
мәңгі қатынасың,

Тау біткен ызғар шашып шатынасын.

Сен мені атқызам деп мәз боласың,

Мен емес, ертең өзің атыласың.

Секіргін,кезің осы
секіретін,

Болыпсың сен де адамға жекіретін.

Күні ертең келеді әлі кезің сенің

Көріңде ала өгіздей өкіретін.

Жоқ, әлде...
шыныңды, айтшы.шатастың ба?

Кәззаптың бөрісімен жарастың ба?

Жапанда жалғыз
қалған жолаушыдай,

Таба алмай
бағытыңды адастың ба?

Көген көз болдың қазақ тегіндегі,

Қайтпады сені өлтірмей кегім тегі.

Жылуын
жерге берген.елге берген

Бір жұлдыз
шығар деуші ем көгімдегі.

Атаңнан қалған сонау мұраң тұлып,

Ел-ішін жүрсің, міне, ылаң қылып.

Ей, сатқын, бұл өмірден өтеді, айтшы,

Ұрпағың
сенің неңді ұран қылып?

Тас дене соны ойлаған мұздапты еріп,

Өксігін басуға ерен қыстап көріп.

Жауыңа қарғы баулы төбет болдың

Кешегі жан досыңды ұстап беріп.

Білемін,мені де өзің өлтіресің,

Жанарың сенің
қалай мөлдіресін?

Жақынның жанын алып,құзғыңдарға

Құзғын боп
туғаныңды сендіресің.

Сенеді, сенеді олар - тергемейді,

Жаралған толтыруға
кер көмейді.

Алапат ақтарылған жолдарыңнан

Даламда ас топырақ - көр көбейді.

Зұлымдық көңіліңнен туа ма әлі

Белгілі өміріңнің суалары.

Сатқын дос,
өздігінен жата ма, айтшы,

Жұлынып туған жердің жуалары?

Құлпырып тұрушы
еді көктеп өсіп,

Түбіне сендей
құзғын жетті егесіп.

Үзілмеген тамыры тұрады әлі

Көк жасыл қанатынан көктем есіп...

Тұтқынмын,шынжыр киген жазалымын,

Сан досым жер жастанды-қазалымын.

Көк сауыт -көкірегім өртке толы,

Өрт шалған
қара ормандай азалымын.

Тұра-тұр алқымымды сығымдамай,

Сөйлеймін торғай
құсап шырылдамай.

Алдымен
сені атуым керек еді,

Қаптаған жауға оғымды шығындамай.

йыбым кеш түсініп,
кеш қалғаны,

Күрсінсем - соның бәрін еске алғаным.

Қалғанын көргенім жоқ қажетсіз боп,

Тіршілік қуған мендей төс-балғаның.

Әзірге топырақты жамыламын,

Ұлы елім, саған ғана табынамын.

Қабірден өз ұрпағым алады аршып,

Тарихтың қақ төрінен табыламын.

Ол кездің айтпа сырын, жайын маған,

Денеме  улы дерттер жайылмаған.

Жатамын жер
қойнында асылға ұқсап,

Алапат тасқын-селге шайылмаған.

Мадрид

Тауысып біттім білем тағатыңды,

Кесемін кесір болып қанатыңды.

Қолына түскен жауын атам қазақ

Қазық қып жерге терең қағатын-ды.

Ашылды,
шынымды айтсам, енді көзім,

Сенен де өш алатын
келді кезім.

Сарғайып осы шақты көп күтіп ем,

Атыңнан айналайын жеңді төзім.

Шөлдетем,шөліңді енді қандырмаймын,

Қос көзің - қос шырағың,жандырмаймын,

Ұрпағың
сені тауып алмау үшін

Өшіріп құмда ізіңді қалдырмаймын.

Күніңнің көріп тұрсын
оңалмасын,

Атамын сені қолға оқ алғасын.

Өзің де қайтып мәңгі таптырмайсың,

Жеті қат жер астына жоғалғасын.

Сұм сатқын
атып салды - шың жылады,

Көк аспан аза тұтып тұнжырады.

Сұмдықтан көкірегі өртке толып,

Заңғар тау жақпар бетін шымшылады.

Шыңдардың
басы мәңгі айналады,

Төсіне ұлын басып
аймалады.

Дегендей "жатқан жері
жайлы болсын"

Жүгіріп жел-саусағы жаймалады.

Жоғалды күрең
күнде асып қырды,

Сұм сатқын, амал қанша, тасып тұрды.

Асыққан айдынына асау бұлақ

Арқырап ай құлашын қашыққа ұрды.

Ағысын кейде бұлақ қалады іркіп,

Алыста дүр сілкінді бала бүркіт.

Шайқаста қимасы өлген қолбасшыдай

Дүние тұрды сонда алабұртып.

Жеңістен соң

Жеті жыл өтті арада табандаған,

Талайды
талма тұстан бақаңдаған.

Жорға күн сылаң қағып жеткізе
ме,

Басыңдай
оқ жыланның қақаңдаған.

Көңілге жарма толқын сыр қаптаған,

Жеті жыл өтті, кетті сырғақтаған.

Жеңісті сол бір жылдар емес пе еді,

Көңілге шуақ шашып, жыр баптаған.

Сол жылдың дарымапты суықтары,

Туған ел жауын
алыс қуыпты әрі.

Қайтадан өз орнына тік шаншылды,

Қираған шаңырақтың уықтары.

0, соғыс, кезің келді-аңырағын,

Босаған үйдей өзің қаңырағын.

Сүйгенін Ақмаралдың кетсең де алып,

Құлатып кете алмапсың
шаңырағын.

Өмірді соғыс тегі жұта алмаған,

Соғыстың өзін қайта бұтарлаған.

Ер жетіп қалған ұлы Ақмаралдың-

Тұлпардың сом тұяғы мұқалмаған.

Асылжар арман қуған елік пе еді,

Елік еді, бірақ та ерікпеді.

Сезімнің ақ сайтаны арбаса да,

Етегін жел көтеріп желікпеді.

Жүрегін суыққа ұстап
мұз етіпті,

Қисайған сан өмірді түзетіпті.

Күзету арқылы үйдің босағасын,

Өзінің арын да адал күзетіпті.

Төсінен ұшқан құсы
адасқандай,

Түнере қалды кенет қара аспандай.

Құтылмай келіпті әлі қасіреттен,

Көңілі қайғы- мұңмен жарасқандай.

Айтқан-ды Лена досы сыр ақтарып,

Түзелді қайта өзі де құлап барып.

Нартайды кім өлтірді...соны айтқанда,

Ақмарал жығылды
естен бір-ақ танып.

Еш нәрсе Лена,
бірақ, жасырмады,

Бәрін айтты,қоспады,
асырмады.

Шымырлап жатты тас та қарғағанда,

Жақсы атақ өзіне де жапсырмады.

Бәрін айтты,ешнәрсе
жасырмады.

- Тұғыр сынды көрініп жалы түскен,

Жүріпті бізді аямай шалып іштен.

Мадрид...сол қу сатқын...сол сұм еді,

Нартайдың асау қанын қанып ішкен.

Ұйыған
қаны қатып желкесінде,

Денесі жатыр екен жер төсінде.

Балалы
аруағың жебесін деп,

Арулап жерге көмдім ертесінде.

Асау қан бойда тулап дызылдады,

Сонда да денем жылып қызынбады.

Ақыры болмағасын мына қанжар

Сатқынды бір минутта қызылдады.

Осыны айтып Лена тұрды егіліп,

Көзінен таңғы
шықтай нұр төгіліп.

Жүрегі ашу-отын ерттеп мініп,

Күрең жон тар кеудесін жүр тебініп.

Туғаннан өскен жандай дүре көріп,

Ақмарал дүр сілкінді түрегеліп.

Жан-жаққа тарап ұшқан
сияқтанды,

Бір ызғар жанарынан түлеп, өріп.

- Беріпті саған да өмір өз бағасын,

Қажыпсың,бірақ, құрбым, тозбағасың.

Осылай бәрін айтып арылған жөн,

Теренде жатқан сырды қозғағасын.

Шіркін-ай, тулап-тулап Ара тылса,

Жанары жауға түгел қаратылса...

Оған да жауапты ма жас баласы,

Әкесі сатқын болып жаратылса.

Рақмет, саған!Жеміс көр бақтарыңнан,

Әңгіме айттың осынау шақтарыңнан.

Ары таза ақ иық жан екенсің,

Жүрегінен тек
шындық ақтарылған.

Белеңін өткен күннің қайтара асып,

Ақмарал тұрмады
көп тайталасып.

Жүрегі шер боп қатқан құрбысына

Құшағын жая берді айқара ашып.

Шалқыған көңіл шабытты шағын толғасын,

Жарқылдап
туған от-жанар жасқа толмасын.

Қос жетім бала жұптарын жазбай жүр еді,

Қос ана тату болғасын.

Мақтағын, мейлі, өлтіре, мейлі, жаманда,

Кететін сынды өрім тал қолы жағаңда.

Тұрыпты естіп кешегі сырдың барлығын,

Нартайдың ұлы бұзылды содан табаңда.

Жасырмай бәрін айтып ед артын ойламай,

Болашақ күннің сырына терең бойламай.

"Ленаның ұлы
сатқыннан қалған бала" деп,

Нартайдың ұлы онымен кетті ойнамай.

Қасірет тартып жүргеннің мынау өзінде,

Жалындап туған ұшқындар
ойнап көзінде.

Ленаның ұлы жанына барды Нұрланның,

Үзіліске шыққан кезінде.

Нұрлан деп қойған ұлының
Нартай есімін,

Дүние түгел
нұрланып тұрса несі мін.

Ал, Нұрлан кенет қитыға қалды әлгі ұлға,

Айтардай нықтап әзірлеп жүрген кісімін.

 Сатқындық жасап,уысын қанға толтырып,

Әкең ғой менің әкемді кеткен өлтіріп.

Сенімен енді дос болман,

Өйткені, басқа күн туса

Болған да шығар
есебі.

Сатқындық жасап
кетесің мені өлтіріп,

Аяғымды көктен келтіріп.

Бір сұмдық, міне,
осыдан келіп басталды,

Қасарған қалпы сазарып жерде тас қалды.

Тұтығып қалды... тұтанып кетті бір сезім,

Жалыны шарпып кетердей өртеп аспанды.

-Ох деді
бала..көзінен тамшы түсті еріп,

Айта алмай кетті алыпты
сұмдық тістеніп.

Екі дос бүгін жауықты сонша неге осы?

Екі үйге кезек жүретін ылғи "түстеніп".

- Қадама! -
деді,- Қан жуған суық көзіңді,

Айыбым жалғыз жүргенім дос деп өзіңді

Ленаның ұлы көшені
бойлай жүгірді,

Сергелдең сезім жеңіпті
маңғаз төзімді.

Бар әлем оған айтқандай бір сөз астарлап,

Жүгіріп бала келеді көзден  жас парлап.

"Сатқыннан қалған баланы қуғын" дегендей,

Қасірет-қайғы есігін оған ашты арнап.

Далада сонау тулаған бүйра белдер де,

Төскейде толқып орнығып қалған көлдер де.

"Сатқыннан туған баланы қуғын" дегендей,

Құтырып
алдан соғады тентек желдер де.

Жас қашқын енді білегін апты түрініп,

Ұшады құс боп... кетер ме екен сүрініп.

Бұл бала әлгі жазылмас дертке ұрынған,

Табанда өліп,
келмесе қайта тіріліп.

Қайтадан сонда
бастамақ жаңа өмірді,

Таңдантып
мынау береке байтақ өңірді.

"Сатқыннан қалған сұм бала" деген улы сөз

Буынға түскен қан құртша миын кемірді.

Бұлыңғыр
ойд ың тұманы сергіп тарамай,

Жүгіріп келед алды-артына қарамай.

Ұшады құс
боп, ауада қалқып жүргендей,

Соңында қапты жарысуға жел де жарамай.

Өмірде осы намыстан, ардан күшті не?

Баланың күні көгінен ағып түсті де, -

Сүрініп кетіп жығылды кенет, жазған-ай,

Шойыннан құйған
қос рельс - жолдың үстіне.

Балауса еді
шалғынын өткен жайқамай,

Балдырған еді тұнығын өткен шайқамай.

Үстінде жолдың жатқаны қалай баланың

Кетеді-ау басып бір пойыз оны байқамай.

Жатыр-ау бала
ажалдың барын аңдамай,

Дүние бір сәт тұра
ма төсін шаңдамай.

Айқайлап, әне, пойыз да таяу кеп қалды

Тынбаймын енді дегендей лезде қандамай

Өмірден оны жүргендей біреу шеттетіп,

Құлапты келіп темірге жүзін көктетіп.

Қатал-ау тағдыр, бейкүнә сәби баланы

Жүйткіген пойыз белінен басып кетті өтіп...