ВЕРНУТЬСЯ

Байрақ етіп басымды...

   Жыр жаздым ба күшімді шамаламай,

Өз қазағым келген-ді бағаламай.

Күресуге дүмділер лақтырғанда,

Өткен-кеткен қалды мата баламай.

Жолбарыстай пір тұтқан нар қамысын,

Жырласам да елімнің
ар-намысын.

Ит мұжыған кәуектей талай мәрте

Күресінде басымның қалғаны шын.

-Тексіз! - деді
толғансам елдікті аңсап,

-Тентек! - деді керілсем кеңдікті аңсап.

Көбік шашқан теңіздей
буырқанып,

-Бұзық! - деді бұрқансам
ерлікті аңсап.

Бидайы өсіп,жерінде
тарысы өнген,

Қиыршық құм тас болара

     Күн көрістің қамынан аспай қалған,

Жұртым кейде жесірдей
жастай қалған.

Баладан да,байдан
да қайыр болмай

Қанжылаған жүрегі тасқа айналған.

Жоқшылықтың шаққанда жыланы өсіп,

Қараңғыда қамалған шырағы өшіп.

Көктем болып алдыңнан
қалай шықсын,

Бұрынғыдай жүзінен шуақ есіп.

Той-думанға жасанып
бұрын барған

Жұртым еді
Сырды алған,Қырымды алған.

Жесір әйел секілді бұл күндері

Етек-жеңі жыртылып, жырымдалған.

Тұқым қалса тұғырдан тұлпар болар,

Тарқамасын жалғанда өз базарың

Жазушы Марал Сқақбаевқа

  Ел ұмтылса жарыққа,самалаға,

Тығырыққа тіреліп
қамала ма?

Марал көзбен үңілген Дүниеге,

Бұған, сірә, не дейсің Марал аға?!

Азаттықтың атқанда жаңа таңы,

Heгe,

Heгe
сенеді қала шамы?

Жүгін артпай көліксіз
қалған елдің

Арпабектің қайда жүр сары атаны?

Суарылған қылыштай кекке айналып,

Кезің бар ма өтпеген ерттей жарып.

Ар-ұяты жоқ жандар

Сорлағандар

Үлестірген ұятың жетпей қалып.

Анаң сені албырап тумағанда,

Қайғыдан қуаныш тапқан ана

I

     Бас имеген тағдырға кім бағынып,

Боранды түн,

Құтырған күн қағынып.

Шешен ана үйіне жалғыз ұлын

Кіргізбеді жеткенде түн жамылып.

Күмбірлеген күй болып шерін толғап:

Алтын жұмақ жатса да жеріме орнап.

Ұядан гөрі
қашып кеп тірі қалған,

Соғыста өлген ұл
артық елін қорғап.

 Өзгелерден жаныңды асық көріп,

Қүйдірдің-ау күйдіргі қашып келіп.

Сенен гөрі ит жақсы! деп жекіді, -

Көрсетпеген өлігін қашықта өліп.

Сәуле шашып көгінен күні күлген,

Заман ба бұл...

     Үйренгесін жау іздеп жақынынан,

Жұрттың бәрі адасқан ақылынан.

Көзге түскен нәрсенің бәрін тонап,

Алғыс алған ер қанша қатынынан.

Қасіреті тұрса
егер бетінде ердің,

Қалғандығы емес пе шетінде елдің.

Қарттар үйін тонаған ұры қанша

Көз жасынан қорықпай жетімдердің.

Кімге дәрі ел-жұрттың мұңданғаны,

Қайта оларға керегі жынданғаны.

Адам егер азбаса,емханадан

Мүліктердің бұл қалай ұрланғаны?

Сенген кісің игесін жатқа басын,

Кімдер келіп арыңды таптамасын.

Страницы