ВЕРНУТЬСЯ

Бала бастық

     Қайнамаған тіршілік тынысында,

Жарқыл қағып кете алмас жұмысыңда.

Ойда-жоқта бастық боп шыға келдін

Жұрттың
жаны тұрғанда қыл ұшыңда.

Жаңа керіп ұшқанын көкке үйректің,

Келмей жатып қанша ақыл көпке үйреттің.

Сені бастық болар деп кім ойлаған

Желідегі бірі едің көк түйнектің.

Жақсылыққа жанық ас жатсың ба әлі,

Heгe
елімнің өспейді ақ сұңқары?

Қалай сапмақ саламын,белің сенің

Тұрған жоқ
па шабақтай шарт сынғалы.

Соғыс деме сен мұны,соғыс деме

    Ресей көзін не нәрсе қарықтырған,

Бейбіт күнде не сұмдық халық қырған?

Соғыс деме,сен
мұны соғыс деме,

Нағыз жыртқыш тағылық барып тұрған?!

Қарықты ма көздері от-ұшқында,

Азғаны емей немене
орыстың да?

Соғыс деме сен мұны,тағылық бұл!

Таңы бар
білгенге соғыстың да .

Ал ендеше,қарттардан майдан көрген,

- Қара құлдық,
- дейді олар, - сайтанға ерген.

Ар-намысты таптаған кіл сапалақ

Ресейден бе?Ойпырмай, қайдан келген?!

Оқ атса егер азаттық сұрағанға,

Қазақ елі-байлықтың ұлы отаны

     Болысқанды қойды ма құдай налып,

Жөнелгесін жат жұртқа мұнай да ағып.

Ашығады ел неге?

Жүр емес пе,

Бастықтардың жүздері шырайланып.

 Ит тірліктің бәрімен тірестірген,

Күні бар ма халықтың үні естілген.

"Кедейжомарт" демекші,

Жатжұрттарға

Табақ-табақ сыбаға үлестірген.

Жететінін сезбей
ме қауіп жаттан,

Бастық қанша фабрика,зауыт сатқан?

Қазақстан - секілді
алып сиыр

Кім көрінген жармасып сауып жатқан.

Екі санын шапақтап алақайлап,

Жатқан-тұрған жетуде бәрі айқайлап.

Ажалды жеңген халық

    Жолдарында өмірдің тарамдалған,

Тірлік қанша оққа ұшып, қараң қалған?

Тығын етіп құйсаң да жарасады,

Оққа ғана қорғасын жаралмаған.

Мұң ұялап дүние қабағына,

Тұрған кезде гүл өспей талабына.

Суық хабар жеткізсе бұл
қорғасын

Құйылған-ды
домбыра шанағына.

Бұлт жолатпай
елінің төбесіне,

Қабан қанжар сілт етпей көбесіне, -

Құрбан болған шешендер,қорғасындар

Соғыстардың құйылған өңешіне.

Жетегіңде жүгіріп бар арманның,

Тіршілікте мың гүлдеп,жаңарған мың.

Төрге жайғасқан иттер

     Алшаң басып жүргендей айлы аспанда,

Азаматтың көздерін май басқан ба?

Қорықтым ба,ығыстым төмен қарай,

Иті келіп төріне жайғасқанда.

Құлаш ұрып жүрсем де өрге мен де,

Не істеймін?

Қайтпекпін көнбегенде.

Төмен қарай сырғанап тағы
ығыстым,

Және бір ит мені аттап төрлегенде.

Бұны көріп көңілің хош ала ма?

Боздағың кеп кетеді боздалаға.

Жайғасқанда кілең ит төрге келіп,

Шығып қалдым жаутаңдап босағаға.

Жүрген кезде кеудемді желге керіп,

Жігерімді құм қылды-ау
жерге көміп.

Страницы