ВЕРНУТЬСЯ

Солдат сандырағы

    Сұлулықтың
оқ атып тұнбасына,

Соғыстардың айналған сырласына.

Қолбасшының бір өзі байтақ Ресей

Қару-жарақ жарасқан тұлғасына.

Зұлымдықтан сомдалған тірі ескерткіш,

Тұра қалған обадай қыр басына.

Ай тұтылмай аспанда,

Күн тұтылмай

Жын қоғамда жүр дейсің кім құтырмай ?

Туған ұлы күнінде
қолбасшының

Зеңбіректер атылсын үні тынбай.

Той жасаймыз тау халқын түгел қырып,

Шырқалатын сан ғасыр ұмытылмай.

Солдаттармыз
жол салған тыңнан етіп,

Құлын даусы шыңғырсын шыңға жетіп.

Елім бірақ мықты екен...

    Өзендейін жүгірсе
көктем қунап,

Құйын неге
суырсын өктем тулап?

Ардан ғана жаралып ақындары

Ақиқатты, шындықты өткен жырлап.

Аналары жасық ұл
бір тумаған,

Ол заманда намыс боп жыр тулаған.

Еркектері егеулі найза болып,

Ата жолын ол кезде кім қумаған?!

Қызы жоқ-тын
қырмызы құлпырмаған,

Ұлы жоқ-тын намыс боп бұлқынбаған.

Еркегі - шер,

Жолбарыс жүректі елде

Ана жоқ-тын арыстан ұл тумаған.

Ақындықтың ұлы
Отаны,

Батырлықтың ұлы
Отаны.

Ақын барда қатер жоқ елге төнген

    Бұрқыраған
тауларға,өрге демі,

Жоқта шығар қазақтың көрмегені.

Ақындарын ардақтай білсе егерде,

Ар-намыстың, алайда, өлмегені.

Туған елдің туы боп желбіреймін,

Шығармасын,шығарсын төрге мені.

Орман, дала,тау-тас та,жел де, күн де.

Ақындардың барлығы келбетінде.

Ақындарын тірідей жерге көміп,

Опат болған ел қанша жер бетінде?!

Бруноны ел қайда отқа жаққан,

Елдер қайда Хафизды сотқа тартқан?

Елдің, сірә, оңғанын көрдің бе, айтшы,

Ақындарға мылтығын оқтап атқан?!

Таза болса су басы

      Алатау болса тұлғасы,

Кіндігі
қайда байланған?

Тап-таза болса су басы,

Аяғы неге лайланған?

Тумаған жандай анадан,

Лақтырады екен кім тасын.

Таппайсың байтақ даладан

Бұлақтың мөлдір тұнбасын.

Адасып жүрміз әлі де,

Азамат ердің таңы
атпай.

Толқыған көлдің бәрі де

У құйған
шара табақтай.

Тірідей жерге көмгелі

Найзағай қанша ойнаған?

Кезеңде
мынау өлмелі

Ер қайда елін ойлаған?!

Бөрідей бәрі талады-ау,

Табылып жауы
қасынан.

Алатаудың шынынан сұра барып

Жазушы Құрманғазы Қараманұлына

   Жүрсің бе әлде желкенді
кеме көрмей,

Келем деп ең,

Жоғалдың
неге келмей?

Дүниенің ұлтаны
бүтінделмес,

Сендей өжет жігіттер шегеленбей.

Келем деп ең,

Жоғалдың
неге келмей?

Құмар болса жыр шерткен сырға жаның,

Уәдеңде бұл қалай тұрмағаның?

Екі сөзді болар деп кім ойлаған

Ұран
болған ұрпағы нұрлы ананың.

Құрманғазы,
жүруші ем сенсің бе деп,

Қайқы білек қылышы қыр-даланың?!

Ақын десе, құлағы
елеңдеген,

Страницы