ВЕРНУТЬСЯ

    Болса егер дала бір кеме,

Сұсты өмір суық түрме ме?

Таланып жатқан ел мынау

Атжалман мен бүргеге.

Ер қайда серттен табылған?

Жақсыға бәрі жабылған.

Дауыл соқпай, жел тұрмай,

Жұртқа ұқсайды
елім шабылған.

Шапқылап ізде жер-көктен,

Таппайсың шайыр еркектен.

Жұрттан да
қайыр күтпегін,

Көз жасын төгіп селдеткен.

Жолбарыс қалай тудырсын

Жолбарыс елден
бел кеткен.

Түрме - өмір ылғи құралған

Жендеттер мен тентектен.

Қарақшы, ұры топтанған

Кімдер жоқ мұнда сотталған.

Түрме - өмірдің ішіңде

Мылтықтар қанша оқталған.

Көрмеген сұмдық
түсінде,

Кетесің жыртқыш тісіңде.

Кесілген бастар қаншама,

Түрме -өмірдің ішінде.

Тасы өрлеп өрге жаманның,

Күні қараң болған адамның.

Жақсы мен жайсаң түп-түгел

Табанына түскен заманның.

Жалқаулықты ғана таңдаған,

Ұйқысы жұрттың
қанбаған.

Қараңғы көше -түрменің

Қуысы шамы жанбаған.

Базарға барсаң жайнаған -

Жын-сайтан түгел жайлаған.

Сорың қайнап үйге қайтасың,

Тіршілік көрмей қайнаған.

Қатынға басы байланған -

Ез көп те, ер жоқ қайралған.

Жаралса адам маймылдан,

Маймылға қайта айналған.

Сайламай басшы тәуірден,

Сыр тартам деме сәуірден.

Құл болды қайта ел неге,

Өтсе де құлдық
дәуірден?

Өзекке теуіп анасын,

Аздырған арғымақ дапасын.

Еліңді
құлдар билесе,

Құл болмай қайда барасың?

Қақсыған
қаңқа секілді

Шашылып сайда қаласың,

Билікке қолын жеткермөй

Азамат ердің баласын