ВЕРНУТЬСЯ

Дауылдан туған

          (Николай
Островскийге)

Ол дауылда туды
да,

Дауылда қақты
қанатты.

Сескене ме
дауылдан

Дауылдай күшті
талапты.

Бетке сабап
балауса

Қанатымен
дауылды.

Сынса да қанат
сыр бермей

Демеді ол
ауырды.

Шырқап шығып
биікке

Төкті
сөздіңнөсерін,

Сеніп осы
нөсерден

Гүл-бәйшешек
өсерін.

Төңкерілген
аспанға

Сырлы алтын
ошақтай.

Дауылды нөсер
артынан,

Шағылған күнге
қосақтай.

Өмір мектебі-4 (Қиссаның пайдасы)

                      1912 жылдың қысы
басталды...

Міне, мен тағы да
жұмыссызбын... Әркімдер «босқа жүргенше молдаға барып сабақ оқысайшы, бір сөз
де болса үйрене бересің ғой» дегенмен, оқуын қиынсынам ба, болмаса таяғы батып
қалған ба,- олай қарай аяқ аттағым келмейді.

Не істеу керек?

«Өлмейтінге өлі
балық кездеседі» дегендей, маған жеңілдеу бір кәсіп тағы да табылған сияқтанды.

Кітаптың қарасын
жүргізуге үйреніп қалғаннан кейін, мен «Зарқұмнан» басқа да талай қиссаларды
жаттадым. Олар төрт жүйе болатын еді.

Май ұраны

          Май ұраны,
көгерсін жер, көгерсін!

Жасыл жібек
өсімдікке бөленсін.

Жұпарлы жер,
жансыздарға жан беріп,

Өмір сүріп,
қыбырласын, кенелсін.

Сайрасын құс,
жайнасын дөң, күлсін күн,

Оттай шалқып
көзді тартып шықсын гүл.

Бұлақ ақсын,
бұлаң қақсын, тауларды

Сағым белеп,
бұп-буалдыр бассын нұр.

Толқысын көл,
жасыл құрақ жайқалсын.

Ақ үкісі
бұлғалаңдап шайқалсын.

Жасыл бүліс
үстін жауып ағаштың,

Жас бұтақтар
бұралаңдап жайқалсын.

Майданға хат

           Сағынып сәлем
жазамын,

Нүрке-жан1
бауырым, жиенім!

Алыстан құлаш
созамын,

Аймалаймын,
сүйемін.

Жүрегімнің,
Нүрке-жан,

Атың ыстық
қанындай.

Ендеше қалай
аңсамай,

Тұрамын қалай
сағынбай?

Туғаныңды
көргенмін,

Қолымда
ержеткенсің.

Оқуға қолдан
бергемін,

Әскерге қолдан
кеткенсің.

Белостоктан
июньнің

Он бесінде
жаздың хат:

- Алартады
көзін,- деп,-

Минут сайын
бізге жат.

Қоғамның кемшілігі

          (Тілшілер
хаттарынан)

Қоғам биыл мың
бұлттай егін септі,

Барлығы жүз
елудей жерге екті.

Күз болғанда жүз
пұттай әрең түсіп.

Қалғанын
«шегіртке» мен «тышқан» жепті.

Бір жерден
ат-тоны бар сексен пұттап,

Алғанда
кедейлердің ерні кепті.

Есеп-қисап
қылғанда қатесі жоқ.

Із-тозын
білдірмейтін неткен епті!

Үйде жуан
жайымен тісін шұқып,

Деп отыр «желден
алған, желмен кетті!»

Қулығы асқан
аузын шөппен сүртіп,

Страницы