ВЕРНУТЬСЯ

          (Николай
Островскийге)

Ол дауылда туды
да,

Дауылда қақты
қанатты.

Сескене ме
дауылдан

Дауылдай күшті
талапты.

Бетке сабап
балауса

Қанатымен
дауылды.

Сынса да қанат
сыр бермей

Демеді ол
ауырды.

Шырқап шығып
биікке

Төкті
сөздіңнөсерін,

Сеніп осы
нөсерден

Гүл-бәйшешек
өсерін.

Төңкерілген
аспанға

Сырлы алтын
ошақтай.

Дауылды нөсер
артынан,

Шағылған күнге
қосақтай.

Поэзия көгінде

Жайнады сұлу
сөздері.

Мәңгі меруерт
сөзіндей,

Өзі бірақ
төзбеді.

Сынған қанат,
суыққа

Шалынған жүрек
ақынды

Жеңді. Оны
жер-ана

«Кел, ұлым!» деп
шақырды.

Ет жүрек ере
алмады,

Жер-ана оны
бөледі,

Жас қабірін жайнатты

Жайнаған сөздің
веногі.

1934