ВЕРНУТЬСЯ

                  Балықбай ауылынан
кеттім де, Жуанағаш аталатын ауылға орналастым. Кәсібім - тағы да бала оқыту.

Жуанағашта
ортадан артық дәулеті бар кісі жоқ. Аулынын, бұрынғы бишігеші - Уақпайдың Омары
екен, ол өткен жылы өліп, ендігі пысықшасы Итікейдің Досмағамбеті боп қалыпты.
Жалпы алғанда, бұл ауыл - ілгері санаттағы ауыл емес екен, ауылына адамның
емес, жердің аты қойылу себебі де содан. «Ендігі пысықшасы,- Досмағамбет»
дегенмен, оның да қолынан қулық пен сықақтан басқа келері азғантай.

Сол кезде отызды
орталаған, сойдақ тіс, иегі көсе, сирек Қана сары мұрты бар, имек мұрын, шегір
көз, ақсары өңді, орталау, арықша денелі Досмағамбеттің бағатыны қулық.

Маңайдағы елдің
адамдарында кімнің не кемшілігі болса ол соны сықақ қып жүреді. Және өзі - сөзі
мен кескінің сықақтаған адамының кескіні мен сөзіне сала қоятын, шың
мағнасындағы артист.

Оның сықағының
көбі боқауызбен араласып жатады: және сықақтайтын қылыққа әркімдерді өзі итеріп
жүреді. Бірнеше мысал алайық:

Досмағамбеттің
әкесі Итікейді шешесі қыз күнінде менсінбей, ел талқысымен әрең келген және
келгеннен кейің де көзіне шеп сала берген. Ұмсынай - сөзшең, пысық кісі ал,
Итікей - момын, бірақ мінезі томырық кісі.

Бір күні мал
төлдеп жатқан кезде, Ұмсынай үй ішінің адамдарына аяқпен айран үлестіріп
отырады да, Итікейге кетіктеу қара аяқпен орта құйып береді. Сонда Досмағамбет
шешесіне:

- Әй, апа-ай,
бейшарасың-ау! Өзгемізге айранды бүтін аяқпен бергенде, әкеме неге кетік аяқпен
бересің? Өзгемізге неге толтырып, оған неге орта бересің? Қыз күніңде менсінбей
келген екенсің, осы кісіні, әлі де менсінбейсің, енді елгенде менсінемісің?
-деп кейіген болады.

Баласының қулық
сөзіне Итікей нанып қалады да, томырық мінезі ұстап кетіп, «әкеңнің...» деп
боқтап жіберіп, қолындағы айран құйған аяқты әйеліне жіберіп кеп қалады... Ұмсынай
бұға қойғанда, аяқ терезеге тиіп, шынысын сындырып далаға шығып кетеді...
Досмағамбет күледі де қашып кетеді...

Сол ауылда
Мұстафа деген момын шал болды, тілі шолжың: «р»мен «л»ды «и»қып, «з»ны, «ж»қып,
«с»ты «ш»қып сөйлейді. Мұстафаның Мұса деген баласы, Кәпен дейтін салдау, сараң
келіні бар.

Бір жылы Мұсаның
соғымы семіз болады да, Кәпен Досмағамбетке ет асып бере қоймайды. Қыс
ортасында Мұса Кәпенді төркініне әкетеді, үйінде шал ғана қалады. Бір күні
Досмағамбет барса, шал сирақ-мирақ сияқты кер-жер етті асып отырады. Соны көрген
Досмағамбет қуланып, шалға жатады да кейиді:

- Жақсыдан жаман
туғансын, сен! - дейді ол,- әкең Уақбай, мыңғырған Итемір байдың қызын алып
еді. Өзің де текті жерден алып ең! Сол кезде төрдегі майың есігіңнен

ағып, уйіңе
келген жұрт тойынып шығып жатушы еді. Одан кедей болған жоқ ең сен. Міне, мына
бір қуаяқ есігіңе келді де, кең дастарқаныңды тарылтты, берекеңді кетірді.
Дәулетің де кер кетті. Жұрт безіп болды үйіңнен... Ақырында, өзіңе де жөнді ас
бермеуге айналды... Әйтпесе, не қорлық мынау, сирақ-мирақ сияқты сіңірді же деп
тастап кеткені?!..

Осындай сөздермен
Досмағамбет Мұстафаның ашуын келтіріп алады да:

__ Ерегескен соң
сол ит келінің келгенше, соғымның

жылы-жұмсағын жеп
қой! -дейді.

_ Оны іштей
ем-ау! - дейді Мұстафа,- бияқ, киті күйғи жоқ, қойда! Шошаяның ешігіне жамок
шап, китін айып кеткен, қағынған кейін!..

-- Төбесінен түсу
керек! -дейді Досмағамбет.

-        К,аяй?

-        Мен беліңе арқан байлап түсірейін.

-        Жаяйды...

Мұстафаны Досмағамбет
шошаланың шаңырағынан түсіреді де әуелі соғымның қайдағы семіз мүшелерін
арқанмен көтеріп алады. Содан кейін, тоңған Мұстафаға:

-        Сен шал, осы еттен маған жегізесің бе,
жоқ па? - дейді.

-        Оны кейейміж,- дейді Мұстафа.

-- «Кейейміж-мөйейміж»
дегенді қой,- дейді Досмағамбет, екінің бірі: етіңді берер болсаң шығарам да,
бермесең шығармаймын.

Мұстафаны ол
осыған көндіріп аузынан ант алады да, шошаладан шығарады. Екеуі етті күн сайын
асып кенеледі...

Жаңғісінің біреуі
Нұрымбет аталатын елден қыз айттырған екен. Сол қызды алып қашпақ боп Жаңғісі
жиналып ақылдасқанда, Амантай деген кісі:

- Ағайынның
ұжымынан, мұздай  шығу қиын, әйтпесе
мұздай, сол ауылдан мұздай құда болғалы жүрғен жерім бар еді. Мұздай ынтымақтан
шықпайтын, бірақ, мұздай, сезіп қалатын күн болса, менің барымды мұздай білдіре
қоймассыңдар,- дейді.

-        Жарайды,- деседі жұрт. Досмағамбет
Амантайдьц бұл сөзін ішіне түйіп алады. Амантай оның әкесімен құрдас екен.
«Әкесі құрдастың баласы - құрдас».

Қыз алып қашатындар
түнделетіп барса, қыздың ауылы хабарланып қойып аттарын ұстап дайын отыр екен,
жатады да қуады... Бұлар жатады да қашады... Беттері қалың ағаш...

Досмағамбет пен
Амантай қатар қашып келе жатады. Сонда Досмағамбет оны танымаған боп:

-        Уау, әлгі Амантай қайда?-дейді
серіктеріне қатты дауыспен.

-        Мұздай қасыңда келем ғой! -дейді Амантай
Досмағамбетке.

- Айғайлама!

-        Уау, Амантай жоқ! - дейді Досмағамбет,-
оның сөзін естімеген боп, бұрынғыдан да қатты айқайлап...

-        Жағың қарыссын-ау, мүздай, қасыңда
келемін деген жоқпын ба? -деді Амантай ашуланып. Досмағамбет оны да естімеген
боп:

- Ойбай, Амантай
жоқ, ол қолда қалды!-деп бар даусымен айқай салады. Сонда, не қыларға білмей
сасқан Амантай:

-        Әкеңнің ғана аузын... уа, мұздай, менде
әкеңнің құны қалып па еді, мұздай осынша масқаралайтын? - деп Досмағамбетті
сабайын десе, аты еркін келе жатқан Досмағамбет жеткізбей қашып кетеді...

Шолан шал деген
кісі «б»әрпін «п»қып сөйлейді екен. Сол Шоланға баласы базардан жаңа резеңке
кебіс әкеп береді. Кебісті киіп масаттанған Шолан қыдырып Досмағамбеттің
ауылына келеді де, Үлберген деген кемпірдікіне барып қымыз ішеді. Сонда үйде
отырғандардың көңілін кебісіне бөлу үшін, малдасын құрып отырған Шолан кебісін
шешпеген екі аяғын тізелеріне кезек-мезек артып:

-        Әй, Үлперген, Үлперген! Піздің әлгі пір
пала, осы пір кепісті әкеп еді, пұның пояуы қайтсе кетпейді? Сен соны
пілемісің? -дейді. Үлберген:

-        Қайдан білейін, қайнаға,- дейді.

Сонда Досмағамбет
тұрып:

-        Ыстық сумен бірер күн жусаң бояуы
сақталады,- дейді.

Соны істеймін
деп, Шолан бір жуғанда кебісінің, бояуын кетіріп алады...

Стапта болатын
базардың біреуінде, Нұрғожаның ағасы Жапаш, он шақты ат апарып сатады. Мезгіл -
қыс болса керек. Шанаға жеккен атының божысын Досмағамбет ұстап барса керек.
Аттар сатылғаннан кейін, Досмағамбет «маған базарлық әпер», десе, сараң Жапаш
әпермейді. Екеуі базардан қайтарда, Жапаш:

___ Кеше майлы
етті көбірек жеп жіберсем керек ішімді бұзды,- дейді. Осы сөзді көңілге түйген
Досмағамбет, қаладан ұзай Жапаш дәретке отырам дегенде:

-        Апырай, Жапеке-ай,- дейді үрейленген
дауыспен,- кеше сен ат сатқанда, шанасына көк ат жеккен бір топ орыс сені
жағалай беріп еді, ішімнен «осылар қызыға ма, қалай?!» деп секем алып ем, сол
көк аттылар қаладан бізге ере шықты да, қырсоңымызға түсті. Аты қарулы екен иттердің.
Бізді ұтып келеді. Сізді қорқытпайын деп айтпай келе жатыр ем, енді
қайтеміз?-дейді. Жапаш сенбегендей артына қараса, көк ат жеккен біреулердің
келе жатқаны да, жүрістерінің екпінділігі де рас!...

-        Айда, атты! -дейді сескенген ?Жапаш.
Досмағамбет айдай жөнеледі.

-        Әлгілер қалды ма? - деп сұрайды, Жапаш,
бір аздан кейін.

-        Калғаны сол,- ұта түсті...

-        Енді қайттім? Қысылып барам!..

-        Қысылсаң амал нешік?!..

-        Бүліндім!-дейді Жапаш бір кезде
Досмағамбетке.

Жол сол тұста екі
айырылады екен: бірі жақын жердегі

Нұрымбет ауылына
барады, бірі алыстағы Жапаш ауылына тартады. О жақ-жазық дала...

-        Нұрымбетке бұрылмасақ, бұлар бізге
жетуге айналды,- дейді Досмағамбет сол арада.

-        Бұл қалпыммен қалай барам? - дейді
Жапаш.- Ешкімге түсе алмаймын ғой...

-        Амал қанша! Ұяламыз деп, көрінеу кезге
қалай елеміз? Құдаң Қыпшақпайдың Рахымының үйіне түсерміз. Сізді сырқаттанып
келе жатыр дермін де, орап жатқызын тастап, таң ата жүріп кетерміз.

Жапаш осыған
амалсыз көнеді де, Досмағамбет Рахым аулына аттың басын бұрады... Көк аттылар
ілгері кете барады. Құдасының үйіне ауру қып түсіргенмен Жапаш сияқты бай құда
келген соң, ауыл адамдары жиналмай қойсынба?!. Олар қаптап кеп отырып ап,
сырқат жайын сұрай бастайды. «Құда ауру» деген соң, Рахым «тамырын ұстасың»
деп, көрші ауылдағы ишанды шақырады... Сонымен, қысқасы, Досмағамбет Жапашты
құдасының ауылынан масқарасын шығарып аттандырады...

-        Оның не? - дегендерге:

-        Сараңдығының сазасы! -деп жауап береді
ол.

Досмағамбеттің
ойыншылығы сондай, соның қуланам деуінен туған нағашысы Ғалауетден бір ретте,
1919 жылдың күзінде атылып қала жаздайды. Ғалауетден - байдық баласы және
орысша оқыған жігіт. Қызыл Армия 19 жылдың күзінде Челяба жақтан таянып
қалғанда, Ғалауетден бес жүздей сауда өгіздерін айдап, қасына Досмағамбетті ертіп
кете барады, беті - Семей, одан әрі - Қытай... Бірақ олар Шыңғыс тауына
жақындаған кезде, Қызыл Армия алдын орап кетеді...

«Қарға тамырлы қазақ»
дегендей, Шыңғыс тау маңынан Ғалауетденге туыс табылып, сонда паналайды да,
ақша салған сандығын үйдің ішіне көміп, үстіне төсек салдырып, жаман киіммен,
сырқат адам боп жатады. Сол ауылға қызыләскерлер келіп, үйдің қасында тұрған
Ғалауетденнің әдемі тарантасын көреді де, сатыңыздар деп етінеді. Сонда
Досмағамбет орыс жігіттеріне қазақшылап, төсекте жатқан Ғалауетденді көрсетіп:

-        Арба анау боржойдікі! - депті, қуланып,-
өтірік ауырып жатыр... Астында сандыққа тығылған ақшасы бар!..

Әскерлер
Досмағамбеттің сөзіне түсінбей күледі де қояды.

-        Иттің ғана баласы-ау,- депті Ғалауетден,
әскерлер аттанып кеткеннен кейін ашуланып,- осындай да ойын бола ма екен?!.
Түсінбеді,- жақсы болды!.. Ал, түсінсе ше?

-        Іштерінде қазағы жоғын көрген соң айттым
да,- депті Досмағамбет күліп.

-        Татары болса ше?-депті Ғалауетден
долдана түсіп, сөзіңе түсініп мені тінтсе ше? Астымдағы ақшаны тауып алса ше?..
Не істер еді, сонда маған?

-        Атар да тастар еді! - депті Досмағамбет.

-        Сонда, атсын дегенің бе, мені?

-        Неге атады? Ойнағанды білмейтін бала
деймісін, оларды?..

Қулықшыл
Досмағамбет мені тағы бір айтысқа салып жіберді. Жуанағаштың, балаларын оқыта
бастаған кезім. Жаңғісінін, «Қойғара, Шойғара» аталатын ауылынан, 0н екі, он үш
жастағы Мұхаммедияр деген бала маған оқуға келді. Шамасын байқап көрсем, мен
оқыта алатын бала емес.

Жуанағашқа көрші
Көлбай ауылынан менен бір жыл бұрын Уфадағы «Медресе Ғалиядан» кеп жәдитше
оқытатын татар мұғалімі тұрады да, Мұхаммедияр содан оқиды. Бұрын да қадимше
сауаты бар, ересек Мұхаммедияр бір жазда татар мұғалімінен есептің төрт амалы,
география, табиғат тану, татар тілінің «сарфы» мен «нахуы» сияқты ғылымдардан
хабарлар боп қалады, Оның үстіне араб тілінің де «сарфы» мен «нахуын» оқып,
«дүруссо-ашшифаһия» сияқты хрестоматиясын жаттап, аздап арабша да біледі. Бұлар
- менің өңім түгіл түсіме де кірмеген оқулар. Ендеше Мұхаммедиярға мен қалайша
сабақ бермекпін!.. Менің шамамды көрген ол аз күн болды да үйіне кетіп қалды.
Қалжыңдаса беретін Досмағамбет, бір күні маған:

-        Ештеңе естідің бе, бала?-деді.

-        Не естимін?

-        Мұхаммедиярдың сен туралы не деп
жүргенін?

-        Не депті?

«Оқу түгіл
шайтаны да жоқ» депті. «Әліпті таяқ деп білмейді, ез атын әрең жазады» депті.
«Мені оқытуға оның шамасы келмейді, оны оқытуға менің шамам келеді» депті...

-        Айта берсін,- дедім мен, сыр бермеген
боп, бірақ ішімнен қорланып.

-        «Айта берсін» деген сөз бе екен?- деді
Досмағамбет.-Ертең бұл хабар елге жайылса, сенде не құн қалады сонда? Жақсы
бол, жаман бол,- біз сені қанағат көріп, молда қып ұстап отырмыз. Ементай
баласының тақымы толмағанмен, біздің ауылға жарап жатырсың. Біз олқысынып
жүрген жоқпыз. Осы сөзді естігелі намысым көп өлейін деп жүрмін.

-        Несіне намыстанасың?

-        Намыстанбағанда ше! - деді Досмағамбет
ашуланған болып,- бір ауылдың имам керіп отырған молдасын, әлдекімнің шатадан
туған ала бұт немесі түкке түрғызбай жамандап жүрсе?..

- Шата ма еді ол?

- Әрине,- деді
Досмағамбет.

-        Қалай?

-        Оңқайдын, Тұрсынбайын білемісің?

-        Білем.

-        Соның баласы ғой, ол?

-        Қойыңыз!

-        Рас. Шешесікің аты - Айсұлу. Ементайды
ол мең сінбей, Тұрсынбайға тоқтаған. Екеуі жақын ағайын,- Темір қалпенің
тұқымы.

-        Солай еді де!..- дедім мен елегізіп.

-        Солай! Ал, енді, сен де қарап отырма.
Өлеңді кісіден сұрайтын емессің, қатырып өлең шығар өзіне.

«Аузы күйген үріп
ішеді» дегендей, Балықбай ауылыңда болған айтыстан аузым күйген мен,
Досмағамбеттіц елірткеніне алғаш көне қоймап ем, қыр соңымнан қалмай жүріп, бір
өлеңді еріксіз жаздырғандай болды, ол:

«Хат жаздым
Мұхаммедияр Ементаев, Сәбиттің оқуып аз деп жұртқа жайып, Сөйлепсің көрген
жерде бетіңменен, Осыдан басқа, сірә, таптың ба айып?

Сендейлер сөз
қадырын білсін қайдан,

 Шалдырдың маған мінез теріс ыңғайдан.

Ементай баласымын
деп жүресің

Тусаң да күйек
асты Тұрсынбайдан.

Тұрсынбай-
заманында болған жігіт,

Серілік,
елеңшілік қонған жігіт.

Сондайды әкем
деуге көрме ұят,

Кеудеде намысы
бар оңған жігіт?

Ақылды сөз
сөйлемек парықтап ап

 Әсекші әрнені айтып шалықтамақ.

Менімен, шырағым,
сен бой теңестір,

Әуелі өз әкеңді
анықтап ап».

-        Өй, Сәпкең-ай, жарадың!-деді
Досмағамбет, жазылған өлеңді оқып бергеннен кейін, қағазын бүктеп қалтасына
салып.- Бүгін жіберем біреуден. Бірақ есіңде болсын, біздің бұл Жаңғісі - елең
қонған ел. Басы Аяпбергеннің Қайралабы боп, Жамантай пірәдәр боп, со Тұрсынбайдың
өзі боп, шетінен ағып тұрғаң өлеңші. Сенің үстіннен жаудырады олар елеңді. Қапы
болма, қамдана бер: Балықбай ауылындай біздің ауылда саған ешкім таяқ алып
ұмтылмас. Оған бермеспіз. Өлең жағынан бізден тиер жәрдем жоқ саған.

Досмағамбет
қалтасына салған өлеңнің жауабы кешікпея келіп қалды:

«Бұл неме қайдан
шыққан ақын болып, Жүрсе де қайыр тілеп пақыр болып, Өз атын зорға жазған молда
оқуын, Оқи ма есі бар жан мақұл көріп?

Жасыңнан заржақ
бопсың өлең жаттап. Жазыпсың білгеніңді қағаз-хаттап. Соңынан сол өлеңнің жүре
бермей, Молдалық неге керек балдыр-батпақ?

Бақсының
тұқымысың бойың қызба Бұл қылық отырғызар сені мұзға Біреудің әкесіне күлмей-ақ
қой, Болғандай әкең Мұқан маңғаз мырза!..

Қоныстас емес пе
еді Сибан елі, Тасқының өзнің мұнша ненің желі? Жалшы боп әкең Мұқан елген жоқ
па, Маңдайдан соры кетпей екі елі.

Сендағы қайбір
менің ырыстымсың, Жөніңді білмей босқа бұрыс жүрсің. «Әлін білмес әлек» деп
бұрынғы айтқан, Қисаймай әліңді біл, дұрыс жүр, сен!»

-        Жамантай пірәдәрдан басқанын, қолынан
келмейтін өлең екен, мынау! - деді Досмағамбет. Аяқ тастасы соныкі екен. Соған
қадалу керек, енді!..

-        Не деп?

-        Жамантайдың Дәулет деген ағасы болған,
оның Зәкеней деген қатыны болған. Дәулет өлген соң Зәкенейді Жамантай алған.
Дәулеттен Есентай, Әміре деген балалар қалған. Әмірені Жамантай кішкене күнінде
бауырына сап, бала қып асырап алған. Ержеткен соң оған қалың беріп қатын
әперген. Әміре кешікпей өліп, оның әйелін Жамантайдың өзі алған...

-        Қойшы?!..

-        Рас. Бүкіл ел біледі. Нанбасаң сұра.

-        Апыраң, ә?!..

-        Ел де сол кезде бұл жұмысқа сілтідей
түнып, Жамантайға да, келініне де лағнат оқыған. Көптің қарғысы шыдата ма,
келіні кешікпей, жерошақта қайнап тұрған құртқа түсіп кетіп, күйіп елген.
Жамантай содан кейін ғана тәубаға кеп, ишанға барып қол тапсырып пірәдәр болды.
Осыны өлеңге шығару керек...

Досмағамбетке
сенбегендей, көлденең кісілерден сұрастырып керсем, бұл оқиғаның болғаны рас
екен. Білетін кісілердің айтуынша, оның өлең шығаратыны да рас болды.

Мысалы,
Досмағамбет аулында, Далабай дейтін өзімең тұстас адамның үйіне Жамантай бара
қалса, әйелі Қан жөнді сыбаға асып бере қоймайды. Сонда Жамантай отырып:

«Асар едің
жал-жая келіп қонса Тұрсынбай Алалайсың мейманды. Сол мінезің құрсын-ай! Өзі
жалғыз Далабай көзіне шөп саласың Төбеңнен құдай ұрсын-ай!..»

депті. Осы сияқты
оның өлеңдері толып жатады екен. Бірақ Жамантай хат білмейді екен. Маған келген
өлең хат білетін адамның ойланып отырып жазғаны сияқты. Досмағамбетке сол
туралы айтып ем:

-        Оның да жөні бар,- деді ол,- Тұрсынбай
жәрдемдескен болды онда. Ол хатқа жүйрік кісі.

-        Қайралап та ақылында болмады ма екен
осының,- деп қойды Досмағамбет,- айтыс дегенге жаны құмар болушы еді оның. Оның
Торсанды жамандап шығарған өлеңі бүкіл елге тарап кеткен. Керей, Уақтың еткен
жақсыларына шығарған да өлеңі бар. Мысалы:

«Кешегі етіп
кеткен Тоқай Мұса,

 Артында досжараны болған құса.

 Бір әйелден солардай ұлдар туар,

Бозбала жігіт
болсаң соларға ұса?

Піскен асқа кім
келмес табақтағы,

Молдадан хат
біледі сабақтағы,

 Кісінің түркі оқыған ғалымы еді-ау.

 Кешегі өтіп кеткен Жамандағы...

Өткір пышақ қын
кесер жамбастағы,

Бірдей өскен
жақсы ғой малбастағы.

Қақ жарған қара
қылды ғаділ еді-ау,

 Кешегі өтіп кеткен Байтастағы.

Дария көл
жайлаған қоңыр қаздай,

Тіліне әзәзілдің
жүрген азбай,

Туар ма енді
қайтып қатыннан ұл,

 Кешегі өтіп кеткен Кұнияздай.

Кұнияз өтіп
кеткен батырым-ау!

 Жолықтың әлде кімнің назарына-ау!..

Дүниядан сен еткен
соң Торсан иттің

Қамалып түстік
міне, азабына-ау!»

- Қалай
өлең?-деді Досмағамбет.

-        Жақсы.

_ Қайралап та
сөзсіз қатынасты бұған. Оны да қосып

жібер!..

__ Оның не мінін
айтамыз?

Досмағамбет
Жаңгісінің толып жатқан мінін айтты. Оның бәріне құлдық ұрып, қабылдай берген
жоқпын, өйткені «Досаңның» итермесі де көп болатынын жақсы білем.

Дегенмен Жамантай
пірәдарға жауап беру қажет боп, былайша жазылған өлең жіберілді:

«Әлқисса сөз
басталды Жамантайдан,

Жолынан бұл
Жамантай жаман тайған.

Жолынан бұл
Жамантай жаман тайған,

 Көзінде мүлгігенмен ол қартайған.

Келінін алар ма
еді бұзық болмай,

 Хайуанға бұдан артық қызық қандай,

 Бұл үшін миллион намаз өтесе де,

Тамыққа жанар
екен шыжып қандай.

Не керек
сопылығың, шұлғыған бас,

Күнәңді ол
сопылық өтей алмас,

Қылсақ да
ғибадатты күні-түні

Тамыққа сенен
төте адам бармас...

Айтыс осылай
жүріп жатты...