ВЕРНУТЬСЯ

         Сырымбет тауы
бізге кеше көрінген. Ол тауға тез жетуге мен үш жақтан құмартқам: бірінші - тау
дегенді естігенім болмаса, бұған дейін көрген емен: екінші, Нұртазаның
айтуынша, ол - аты тау ғана емес, менің бесінші атам Сырымбеттің тауы, өз атаңның
тауын көрген қандай қызық: үшінші, серіктерімніқ айтуынша, Сырымбеттің ығында,
Шыңғыс ханның ордасы бар...

«Хан ордасы!..»

Хан деген сөзді мен
кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер-білмес кезде, асық ойнай
бастайды. Асықтың да «ханы» болады. Ол - әрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен
қойдық асығы. «Ханды» балалар қынаға бояйды.

Асық ойынының бір
түрі: «ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады да
ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатнасатын балалар «ханды» жағалай иіріп
шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол оастайды. Ойын бастаған бала,
балалардық ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен
ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны
шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ату... Бала ең алдымен «ханды»
атып алады. Асықты алғаш шашқанда, «хан» алшы түссе, «хан таламақай» болады, онысы
- шашылған асықты үлгергенше талап алу... Бұл «таламақай» да, әр бала қолына
«ханды» түсіруге тырысады...

Хан ойынының бұл
- бір түрі.

Екінші түрі,
балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы «хан»
сайлайды. Екі «ханды» арасы алшақ екі жерге отырғызып, ол араны «орда» деп
атайды.

Ар жағындағы
тәртіп ақ сүйек ойнау. Онысы - екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған
малдық қу сүйегін (әдетте ол жілік болуы керек) алысқа апарып лақтырып келуі керек.
Сол сүйекті балалар іздеп, тапқан бала, өз «ордасына» алып қашу керек. Ол
баланы өзге балалар қуғанда, қашқан баланық жақтастары, екінші топтың
балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі қағып әкете береді. Жеткен
балаға, қай топтық баласы болса да, сүйекті қарсыласпай береді... Сүйек келген
«орда» жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат - баланы кеп
ұту. Егер бір «орда» балаларын түгел ұтқызса, ол «орданың» «ханын» балалар
түйебас қылады.

Хан ойынының
үшінші түрі, қыз-бозбала жиналғанда «хан жақсы ма?» ойнайды, оның тәртібі:
ойынды басқаратын «хан» мен «ханша» және «уәзір» сайланады. (Әдетге «хан
үйленген» жігіттен, «ханша» келіншектен болады. «Уәзір қай жігіт болса да
мейлі). Ойынды басқаратын «ханның» бұйрығы бойынша, бір қыз, бір жігіттен
араласа отырады. Хан жігіттерді кезекпен шақырып, әртүрлі өлеңдер айтқызады.)

Хан бұйыратын өлеңнің
барлық саны 24 ауыз, және жігіттер бірін бірі қайталамай, тыңнан өлеңдер табу
керек... Осы бұйрықты орындап шыққан жігітке «ханның» берер сыйы - таңдаған
қызының қасына отырғызып, аузынан сүйгізу. Бұйрықты орындай алмаған жігіт
сүйген қызының аузынан сүю түгіл, отырған орнынан айрылып қалады. Қу «хандар»,
өлеңді ақшамен де, немесе орамал, айна, тарақ,

Осы кітаптық
оныншы тарауындағы «Күндестік» бөлімшесінен.

кисет сияқты
заттармен де ететеді. Бірақ борышын олай өтеген жігіт, тек орнынан ғана
айрылмайды, сүйгенінің қасына отыра алмайды. Ойын осы тәртіппен өткеннен кейін,
«уәзір» ойынға қатынасушылардан «хан жақсы ма?» деп сұрайды. Әдетте жастар
ойынды «ханды» мазақтаумен аяқтайды...

Балалардың да,
жастардың да осылар сияқты «хан» сайлайтын ойын түрлері толып жатады. Бұлар -
ойындағы «хандар».

Көп хандар
ертегілерде кездеседі. Ондай хандарды бала шағымызда талайлардан естідік те,
естігендерімізді өзгелерге де айттық. Солардың ішінде қылығына қарай жақсы көрген
де, жек керген де хандарымыз болады...

Бірақ мына
«Сырымбетке» сапар шеккен күнге шейінгі менің ұғымымда, «хан» деген не ойында
ғана сайлануы керек те, не ертегілерде ғана ұшырасуы керек. Сырымбетке сапар
шегер алдында Нұртазаның маған айтқан сөзіне қарасам, «хан» деген адам бертінде
де болған екен және ойынның не ертегінің емес, шындықтың ханы болған екен.

Сырымбет тауына
барғанда - деген Нұртаза маған аттанар алдында,- Шыңғыс ханның баласы Коқыш
теренің үйіне түсесіңдер.

«Хан» деген сөзге
менің елеңдегенімді көрген Нұртаза, Орта жүздің ханы Абылайдың қалай хан
болғанынан бастап, оның ұрпақтарынан кімдер хан болғанын қысқаша, түсінікті ғып
айтқан.

- Абылайдың он
бес әйелінен,- деген ол,- отыз ұлы болған. Солардың ішінен хан болғаны - Уәли.
Уәлиден туған он үш ұлдан хан болғаны - Шыңғыс, Шыңғыстан кейін хан сайланбады,
елді басқару патша үкіметі сайлайтын болыстардың қолына көшті. Хандардың арғы
атасы, баяғы монғол Шыңғыс хан екен. Жер жүзінде бірінші хан сол болыпты
деседі. Сондықтан хан тұқымдары бір Шыңғыстан басталады да, бір Шыңғыспен
бітті...

Нұртазаның
айтуынша, арғы Шыңғыс хан адамнан емес, нұрдан жаралған, шешесі Бәртә - ерден
емес, нұрдан жүкті болған...

Бұған шейін менің
білетінім: «Нұрдан жалғыз Мұхаммед пайғамбар ғана жаралғанды». Міне, енді
екінші «Мұхаммед» кеп шықты!.. «Нұрдан жаралған» хан тұқымын көруге мен қалайша
құмартпаспын!..

Сонша құмартқан
көңілім, Сырымбетке жетер күннің алдында басылып қалды. Жолда Биттіғұл, Оспан
дегендер болады екен. Биттіғұл бірнеше жыл болыс боп, ол өлген соң, болыстың
інісі Оспанға көшкен екен. Біз осы Оспанның үйіне қондың. Бай үй екен. Және
Оспан Торсанмен көңілдес те болған, жасамыс адам екен.

Дауысын қатты
шығара, серпе сөйлейтін Оспанның айтуынша, Шыңғыстың қара шаңырағына ие боп
қалған Қоқыш, биыл кедейліктен жайлауға шыға алмай, қыстауында қалып қойыпты.

-        Жалғыз ол ғана емес,- деді Оспан,- бұл
маңайдағы «Абылайдың әулеті» дегендерден, қазір айғыр үйір жылқысы бар біреуі
де жоқ. Кедейленгендігінен бе, дәуірлері жүріп тұрған кезде елге тізелерін
батырғандықтан ба,- бұл елде «төре» атаулыдан жексұрын кісі жоқ.

-        Дәулеті, беделі кеткендігі былай
тұрсын,-- деп қойды Оспан,- еркек, ұрғашысының бойлары да қол тоқпақтай боп
кішірейіп, ауру-сырқауы көбейіп, азып барады. Азбай қайтсін: бірге туған екі
адамның ұлы мен қызы қосыла береді. Төре емес кісіге қыздарын бермейді.
Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірі мен бірі айнала құда...

Біз қыштың үйіне
ертеңіне бардың. Оның шаруасы кедейленуі рас болғанмен, үйі де, үйінің
салтанаты да, өзінің дене құрылысы, кескін-кейпі, киім-кешегі де Оспан айтқандай
құлдырап кетпепті.

«Хан ордасы»
аталатын бұл ауыл Сырымбет тауының теріскей жаң ығын ала қыстау салыпты.
Сырымбеттің бейнесі шеккен айыр өркеш түйе сияқты екен. Төңірегін қарағайлы
қалың орман қоршаған бұл таудың, жалаңаштанып біткен шыңы бар. Шыңдарының
төбесіне адам жаяуақ қиналмай шыға береді. Хан ордасы Сырымбет пен Қылы
аталатын үлкен келдің арасындағы қалың қарағандың ішінде екен. «Орда» аталатын
үйде Қышқана отырады екен. Он екі бөлмелі боп қарағайдан қиылған бұл үйді,
еткен ғасырдың 20 жылдарында, Уәлі өлгеннен кейін, орнында уақытша хан болған
әйелі Айғанымға, патша өкіметі қазна есебінен салдыртып берген. Айғаным ол үйді
баласы Шыңғысқа қалдырып, өлгенше  сол ие
боп тұрған. Одан кейінгі иесі, жоғарыда аталған Қоқыш. Үйдің ішкі қабырғаларына
түгелімен ақ кигіз шегеленген. Іргесіне тас қаланған, төбесі қаңылтырмен
жабылып сырланған бұл үй, біз көргенде, жаңа үйдей қарап түр екен...

Үйдің барлық
бөлмелері де жасаулы екен: оған себеп,- Абылайдың шаңырағы Уәліде, Уәлінің
шаңырағы Шыңғыста Шыңғыстың шаңырағы Қоқышта қалады. Үлкен шаңырақ осы үй
болғандықтан, Абылай ұрпағынан біреу үйленсе, кілем, ішік сияқты бас жасауын
осы үйге әкеп артады екен. Қоқыштың айтуынша, сол кезде саны жүзден асқан бұл
маңайдағы төрелердің бұл сыйлары, Қоқышқа қалған шаңырақты мүліктендірмей
қойсын ба?

«Орданың» маңында
бұрын қарашылары көп болады да, бертін Қоқыш кедейленгеннен кейін бытырап,
қасында екі татар көршісі ғана қалады: бірі - Ғалиакбар атты мешіттің азаншысы,
бірі - Ғалиянұр атты бір көзі соқыр татар, бұл ертеде Қоқыштың әрі әншісі, әрі
атшысы болады екен де. Көңілдері жақын боп, кедейленген Қоқышты қимай қасында
отырып қалған екен.

Осы екеуінен
басқа үй, «Орданың» қасында жоқ. Тек қана бары - мешіт. Ішіне бес жүзге жақын
кісі сиятын бұл мешітке де құрбан не ораза айты сияқты мейрамдар кезінде
болмаса, намаз оқуға да жұрт жиналмайды екен.

Шыңғыстан -
Жақып, Шоқан (жұртқа мәлім Шоқан Уәлиханов) Мақы, Махмет туады. Шоқаннан
басқасынан ұрпақ бар, бірақ олар Қоқыштан бәлек отырады.

Шоқан ерте өлген
ғой. Оның тете інісі Мақы тіл-құлағы жоқ мылқау боп туады. Шоқан оны
Петербургтағы мылқаулар школына апарып сабаққа беріп, сол школды бітіргеннен
кейін, суретшілікке бейім Мақы көркем сурет академиясына түседі. Оны да
бітірген Мақы өте шебер суретші болады. Оның қолынан салынған суреттердің
альбомын Қоқыш көрсеткенде, ауыл өмірінің адам қайран қаларлық неше түрлі
тамаша бейнелерін көрдік... (Кейін сол альбом табылмады). Мақы суретшілдігімен
қатар, орысша хат-қа-ламға да жүйрік боп, Омбыдағы округтік сотта бірнеше жыл
хатшы бопты. Біз барган кезде ол өлген екен. Баласы ЬІдырыс, орысша оқып,
бастауыш мектепке сабақ береді екен.

Жақып та, Махмет
те біз барған кезде өліпті. Махмет - Смбыда орысша оқып, оқуын бітіргеннен
кейін, Көкшетаудың ояздың начальнигіне бірнеше жыл помощник бопты.

Қоқыштан біз «Шоқан
жазды» деген орысша қалың кітап көрдік, бірінші бетінде офицер киімді, қара
мұртты Шоқанның фото-карточкасы бар екен. «Қазақ атаулыда орысшаны бұдан көп
оқыған болған емес»,- деп таныстырды оны Қоқыш. Оның отыз жасқа жетпей өлуін
естігенде:

-        Қыршын екен-ау, шіркін! - деп өкіністі
серіктерім.

Кейін ержеткен
кезде Қоқышты тағы да көрсем, кескіні

аумаған Шоқан
екен.

-        Бойы да дәл мендей еді,- деді Қоқыш. Тек
қана айырмамыз - оның ақылы да, оқуы да менен көп болды; мен әкем апарған оқудан
қашам деп, ақырда мынадай жоқшылыққа ұшырадым.

Қоқыштың шаруа
күйі расында нашар екен. Со жылы онда екі-үш-ақ құлынды бие, бірер ғана бұзаулы
сиыры бар. Түйесі, қойы жоқ. Бізге сойған қойды ол орыс поселкесінен саттырып
алды.

Қоқыштың сондай
күйін көре тұра, біз ол үйде жұмаға жақын жаттық. Оған себеп,- менің
басшыларымды шақырған сот, ар жағында Саумалкөлде тұрады екен; оған туралап
баруға бата алмаған басшыларым бетін парамен бұру амалына кірісті, бүған
Ғалиянұрдан лайықты кісі табылмады.

Ғалиянұр судьяны
параға көндіргенше, біз Қоқыштық үйінде жаттық. Алғашқы күннен кейінгі
сойыстықтарды қаладан сатып алып тұрдық. Ұнды да сатып алдық, сонда менің
серіктерім:

-        Кигіз туырлықты қазақта, келген қонақ
тамақты сатып ішетін сұмдықты төренің үйінде ғана кездестірдік-ау, шын сорлы
боп болғаны ғой, мұның! - десті.

- Мұнша бейшара
боп отырғанша, үйіндегі мүліктерді сатып неге мал қылмайды екен?! -десті
серіктерім.

Бірақ бұл сөзді
оңаша ғана айтысты. Біреулері:

- Айтсам қайтеді
осыны? - деп құлшынып еді:

-        Жағың қарыссын! - десті басқалары.-
Құдай түземеген төрені сен түзейін деп пе ең? Өлмесе жаны шықсын. Өкпелетіп ап
пәлесіне қаларсың. Біздің ісіміздің бір тетігі осында боп тұрған жоқ па?..