ВЕРНУТЬСЯ

         Құрметпен қарсы
аламыз, келген қонақ,

Азаттық
езілгенге берген қонақ,

Мейлі қай ұлт
болсын, жылағанның

Көз жасын тыйып,
мұңын көрген қонақ.

Біздің елдің
сізге әлі сырты қанық,

Ішкі сырын
білмейсіз түгел анық,

Бізде де
жалшылар мен қожалар бар,

Біздің ел де екі
тап болған халық.

Біз бұрын
тепкілеуден босанбадық,

Надандықтан
ілгері аса алмадық,

Бай, төреден,
күштіден соққы көріп,

Көзімізді
кезінде аша алмадық.

Төңкерісті
кезінде сезінбедік,

Көзге қызу
кездерде көрінбедік,

Кеш ояндық,
надандық бөгет қылды,

Әйтпесе, сол
күнді аңсап келген едік.

Түсіндік жаңа
ғана азаттықты,

Азаттыққа
бастадық қалың жұртты,

Тез ашпайды
көздерін, тез тұрмайды,

Ұйқы әбден
езгілеп, мәңгі қыпты.

Елде жуан
кедейді сорып жатыр,

Кедей надан
соруға «көніп» жатыр,

Кедейдің
арыстандай алып күшін,

Бай ақысыз,
борсықтай еміп жатыр.

Елде оқу аз -
кедейлер хат білмейді,

Қараны - қара, ақты
олар - ақ білмейді,

Саясат не,
Кеңесті үкімет кім? -

Ойдағыдай
түсініп, нақ білмейді.

Қала жоқ,
ауылдардың арасы алыс,

Алыс жерге қиын
ғой келіс, барыс,

Калинин жолдас,
осындай жәйдің бәрін,

Айтумен ғана
ұқпай, көріп таныс.

Ұйымдасса
көздерін ашар кедей,

Оттай лаулап
ілгері басар кедей,

Алдағы міндеттерін
айқын көріп,

Бақытқа жетіп,
рақатта жасар кедей.

1924