ВЕРНУТЬСЯ

         Он сегіз жыл
бұрын бай, патша, бектен

Езілген, шерлі
болған көкіректен

Жанған ыза жалыны
Алатаудың

Астындағы
қызудай, сыртқа тепкен.

Октябрь сол
қызудың қабын жарған,

Құмыққан жалын
үдей жайнап жанған,

Өртеңдей жаңа
өмір өскен өрлеп,

Күйгенсін түсі
сұр, сұм ескі жалған.

Өлкемде он сегіз
жыл өсті өртең,

Кұлпырды
кілемнен де өртең көркем,

Алатаудың
алқызыл алмасындай

Елмен бірге
қызара мен де бөртем.

Өскен өлкем
таудың, шың, құздарындай,

Ызбары жауға -
таудың мұздарындай,

Кайраты -
Алатаудың астындағы

Вулканы жерді
кере қызғанындай.

Ақпайтын тауды
жармай, тасқа ұрынбай,

Білімі - долы
өзен тасқынындай,

Жемісі өнерінің
шығымды жыл

Колхоздың оратын
мол астығындай.

Өлкемнің мен
бұлбұлы жазын жырлар,

Жырымда нелер
мың түс гүлдей нұр бар,

Кеудем кеннің
шахтасы, әр сөзімнің

Әрпінде алтыннан
артық құн бар.

Сөзімді
социалдық табын малдай

Өргізіп, өрісіңді
түгел шарлай,

Өлкем! Көркем,
өлеңмен ән шырқаймын,

Үнімді құлағыңа
құйып балдай.

1935