ВЕРНУТЬСЯ

          (Тілшілер
хаттарынан)

Қоғам биыл мың
бұлттай егін септі,

Барлығы жүз
елудей жерге екті.

Күз болғанда жүз
пұттай әрең түсіп.

Қалғанын
«шегіртке» мен «тышқан» жепті.

Бір жерден
ат-тоны бар сексен пұттап,

Алғанда
кедейлердің ерні кепті.

Есеп-қисап
қылғанда қатесі жоқ.

Із-тозын
білдірмейтін неткен епті!

Үйде жуан
жайымен тісін шұқып,

Деп отыр «желден
алған, желмен кетті!»

Қулығы асқан
аузын шөппен сүртіп,

Біразы
тексергенде сотқа ілекті.

Көп жиылып, көл
қып-ақ тастап еді,

Не керек қайран
еңбек босқа кетті!..

1925