ВЕРНУТЬСЯ

           Құтырлағандықтардың
өмірі біздің жаманшұбарлықтардың өмірінен маған әлдеқайда қызық көрінді. Біздің
Жаманшұбарда ел жайлауда отырған мезгілде ғана болмас езге уақыттағы
ойын-сауықтың бәрі де үйде етеді. Үйде болған қызықты сол үйдің ішіндегі
адамдардан басқа ешкім білмейді. Жайлау кезінде, түн мезгілінде ауылдардың
арасына алтыбақан құрылады да, қыз-бозбала сол араға жиналып, ән айтады немесе
жігіттер екіұдай болып күрес жасайды. Бұлар да, әрине, қызық. Құтырлаған жастарынын,
ойындарында Жаманшұбар жастарының ойындарынан артық екі жағы бар сияқты. Бірі -
сырнайға қосылып ән салу, бірі жастардың пляскасы.

Қалада неше түрлі
сырнайшылар болғанмен, олардын, бәрінің ден қоятыны - Мықтыбайдың Тынымбайы.
Бұл - со қаланың жылқысын багып отыратын жатақ.

Құтырлағанның
жастары Тынымбайды аса қадірлейді. Өйткені оның сырнайшылығына таласатын бұл
қалада бір де жігіт жоқ. Әрбір орыс поселкесінің жігіттері екіұдай болатын
әдеті. Қаланың бір жақ жартысы мен екінші жақ жартысының жігіттері үнемі
бақастасып жүреді. Ойынды да олар бөлініп жасайды. Өзара тебелесіп алатын
уақытта-ры да аз болмайды. Міне, сондай екі партия жастардың әр жағы қашан да
Тынымбайдың өз жақтарына алғысы кеп әуре болады... Тынымбай қай жаққа араласса,
со жақтың ойыны да ана жақтан қызық өтеді...

Мейрам күндері
күндіз, жай күндері іңірде сырнайлата, әндете кешені кезген жастар, түн бола
бір үйге жиналады да, «вечеринка» жасайды. Ойынның неше түрлі қызығы осы
вечеринкада. Маған әсіресе, қызық көрінетіні пляскалар. Мен оған сырнайдан да
артық қызығам, үйренгім келеді...

Күн бойы мал
бағып, шаршап келгенмен, Қайырке екеуміз Қопабайдың «жатсаңдаршы,
дамылдасаңдаршы, ертең

бағасықдар ғой!»
дегеніне қарамай, кейде, көэіне көріміп кетеміз де егер, Қопабай «кәне, жатпай
көріңдерші, сирақтарыңнан қырқайын» деп ұрсып жатқызса, ол ұйықтаған кезде
ұрланып кетіп қаламыз...

Өйтпегенде ше?..
Сен ұйықтаймын деп жатқанмен, естігің келмей басыңды қанша жапқаныңмен, іргеде
тақалып тұрған қаладағы сырнайдың биік дауысы мен жастардың шырқай салған
көркем әндері құлағыңа құйылмай қояр ма?.. Ондай тәтті ән-күйлер құлағына
құйылған жастың жүрегі желпінбей қалай жатар!..

Қала жақтан ән-күй
естілсеақ Қайырке екеуміз не көрніп, не ұрланып кететін едік те, жастар жатпай,
біз де жатпайтын едік. Кейде баққан малымызды өріске ұйықтамастан айдап кететін
едік!..

Өмірінде осындай
қызығы бар Құтырлағанға жаздың ортасына қарай қара тұман түсе қалды...

Қайырке екеуміз
бір күні кешке малды өрістен айдап келсек, бұрынғы көңілді қала әлемтапырақ боп
қапты. Бұдан бұрынғы кештерде қалаға жақындаған сиырлардың алдынан бір-бірін
қолтықтай ұстап әндеткен қыз-келіншектер де шығатын еді. Олардың кейбіріне еріп
бозбалалар да келетін еді. Жел өкпелеу кейбір бозбалалар сиырларды да
сырнайлатып қарсы алар еді...

Бүгін соның бірі
жоқ. Көп сиырлардың иесі алдынан шыққан жоқ. Сиырын қарсы алуга шыққан кейбір
иелер шал-кемпір сияқты біреулер. Олардың да көздері талаулап, қызарып, ісіп
кеткен. Кейбір кемпірлер еңіреп жыласып та жүр...

-        Бұларға не болған?! -деймін Қайыркеге.

-        Бәсе, не болған?! -дейді ол.

Иесіз қалған
сиырлардың бірсыпырасын Қайырке екеуміз айдап қалаға кірдік. Бұл - жұмыстың
күні де. Жұмыс күндерінде бұл мезгілде қалада бейсауат орыс жүрмейтін. Бүгін
көрсек олай емес, ең алдымен бүгін көше-көшенің бәрінде сапырылысқан халық.
Олардың ішінде мастар да көп. Сапырылысқан көпшіліктің ішінде мастардың тұрпайы
Дауыстарымен әр жерде жыласқан әйелдердің үндері араласып, көше-кешенің бәрі
араның ұясындай ың-жың...

Не болған?! -
деймін мен.

--Бәсе, не
болған? -дейді Қайырке.

Сиырларды
үйді-үйіне бытыратып айрылып кеткен Қайырке екеуміз ымырт жабыла үйде түйістік.
Мен үйге одан бұрын келдім. Үйде Қопабай мен Бейсембі отырекен. Алдарында
маздаған оттың сәулесімен айқын көрін-ген олардың кескініне қарасам, екеуінің
де қабағы түсігі кеткен... «Не болған!»

Не болғанын мен Қайыркеден
ғана білдім. Тұнжыраған Қопабай мен Бейсембінің қасында отыра алмай, далаға шығып,
үйдің сыртындағы ходоктың үстінде отырдым. Ай со күні сүттей жарық, қала жақ
әлі де азан-қазан. Қала адамдарының беймазалығына еліктегендей бүгінгі күні
иттер де азан-қазан. Осы беймаза дауыстар өрлеп кетіп, аспандағы сирек бұлтпен
ұштасып жатқан сияқты... Қаланың беймаза дауьісына жер-көк те дауыс қосып, кең
дүниенің іші түгел күңіренуге айналған сияқты... «Бұ не?!..» Қала жақтан біреу
келеді. Ол жүгіре басып келеді... Бала... Қайырке!..

-        Ие, не бопты? -дедім мен оның алдынан
шығып.

-        Соғыс! - деді ол.

-        Соғыс?!

-        Ие, соғыс!..

-        Неғылған соғыс?

Бұл сұрауға
Қайырке жауап бермей, үйіне қарай жөнелді. Ол күнгі іңірдің шайы көңілсіз
ішілді. Шайды құятын- Қопабай. Жасайтын - Кенжебай мен Бейсембі. Кірлеу дастарқанға
қаладан әкелетін орысша пісірілген нан мол төгілетін де, соны жеп отырып әңгіме
соғатынбыз. Бүгін олай емес, дастарқан да жайылды. Нан да туралды, нанды жеп,
шайды ішуге де кірістік, бірақ ешкімде де үн жоқ. Осы үнсіздікпен шай ішіліп
болғаннан кейін:

-        Ал, енді жатыңдар, балалар! - деді
Қопабай.- Ертең забота кеп болады. Сиырлардың көбін өздерің собирайт
қыласыңдар. Бұндай беда болған күні орыстар сиырларын айдап келе қоймас. Пьяный
адамнан аулақ болыңдар. Шорт знайт, сабап кетуі де мүмкін!..

Қопабай жат
демесе де, жататын кеш қой, бұл. Бұндай қайғылы кеште қайда барасың?.. Біз
жаттық. Жанып таусылуға айналған шалалардың басы күлге кемілді. Жыртықтан
түскен ай сәулесінен үйдің іші бозамықтау. Қайырке екеуміз қатар жататынбыз.
Бізге деген тесеніш өзіміздің киім-кешегіміз ғана. Екеуміз бүгін де солай
жаттық. Бірақ оның да, мен сияқты ұйықтамай жатуын аунақшуынан аңғарам. Қопабай
да солай. Бейсембі мен Кенжебай ұйықтап қалды.

__ Бұ неғылған
соғыс екен? - дедім мен Қайыркеге, сыбырлап, біраз жатқаннан кейін.

__Ұйықта, әкем ұрсады,-
деді ол да сыбырлап,- ертең айтармын.

Аздан кейін
Қайырке ұйықтаған сияқтанды, Мен әлі ояу Жатырмын. «Неткен соғыс, бұл?» деген
сұрауды әлсін-әлсін өзіме қоям да, жауабын таба алмаймын. Өйткені менің ұғымымда
«соғыс» деген ерте замандарда: пайғамбар заманында, батырлар заманында болып
өткен, бұл кезде жоқ... «Ендеше, неткен соғыс, бұл?!. Қала халқынын, мынадай
дұрліге қалуына қарағанда, бұ бір керемет соғыс болу керек... Бірақ кім мен кім
соғысады?..»

Осы ойлармен
жатып, мен де ұйқыға кеттім... Біреу түрткенге оянсам, Қопабай екен... Үй іші
қара көлеңке.

-        Тұр шырағым,- деді ол,- таң атып келеді,
сиырды жинаңдар.

Тұрып далаға
шықсам, түндегідей болмағанмен, қала жақтың шуы әлі де семе қойған жоқ екен.
Қаланың әйелдері күндегі дағдымен сиырларын диірмен түбіне айдап келеді, бірақ
кешеден бері жылағанның белгісін көрсетіп, көздері жұдырықтай боп ісін кеткен.
Сиырлар күндегі дағдымен өріске беттеген кезде, Қайырке екеуміз де соңына
түстік.

-        Ие, Қайырке, кім мен кім соғысады екен?
- деп сұрадым мен.

-        Қаланың білетін адамдарының айтуынша,-
деді Қайырке,- орыс пенен Ерманса деген ел соғысады дейді.

-        Ол неғылған ел екен?

-        Кім білсін, неғылған ел екенін, әйтеуір,
бір айлакер, сиқыршы ел деп айтады. Оған түртшина деген ел қосылыпты дейді.
Олар пұсырман деген ел болса керек... «Ер-мансаның» да, «Түртшинаның» да
неғылған ел екеиін Қайырке екеуміз біле алмаймыз. Дегенмен:

Егер, айлакер ел
болса,- деймін мен,- «Сал-салдың» елі емес пе екен? Қиссада соларда ете
сиқыршы, айлакер деуші еді.

-Кім
білсін,--дейді Қайырке,- бірақ кім де болса,

Біздің
казак-орыстар оны шыдатпайды, жалғыз Андрей Чемасовтың өзі күрең атымен ішіне
бір кіріп көрсінші, қылышымен жүзін шауып шықсын!..

Географиядан
ешбір хабарымыз жоқ Қайырке екеуміз қанша ойлағанмен бұдан артыққа бара
алмаймыз... Біздің естуімізше, қаланың казак-орыстарынан жиырма бес пен отыз
бестің екі арасы соғысқа аттанғалы жатыр. Менің ендігі арманым - солардың атанғанын
көру. Бірақ менің естуімше, олар күндіз аттану керек. Біз о кезде далада сиыр
бағып жүреміз. Ендеше мен қалай көрем? Көру үшін не істеу керек?..

Ол айланы мен
таптым. Соғысқа баратындар ертең аттанады деген күні кешке қарай мен ауырдым.
Іңірден дөңбекшіп, босағада жатып ыңқылдай бастаған маған:

-        Е, саған не болды? - деді Қопабай.

- Не болғанын
білмеймін, ішім әкетіп барады...

Сол дөңбекшумен
мен таң білінгенше дөңбекшідім. Көзі ұйқыға кеткенше, Қопабай, ыңқылдап жатқан
маған «Ақырынырақ!.. Шыдасайшы!..» деген сияқты сездерді айтып жатты да,
біраздан кейін тым-тырыс болды. Ол ұйықтаған кезде мен ыңқылығмды доғардым.
Бірақ ұйықтамадым. Ойым «ұйықтағанымды білсе, Қопабай мені таңертең сиыр бағуға
жіберер...» Біраздан кейін денем маужырап, көзіме ұйқы тығылғанмен, жаңағы ой
басьіма келсе, әзімді өзім зорлағандай оята берем... Күндегі дағдысымен Қопабай
қаланың тауығы шақырған кезде оянды. Оның оянғандық белгісі,- қақырына-түкіріне
тұрады. Со кезде, мен де ыңқылды үдеттім...

-        Бала, қалайсың? - деді Қопабай.

-        Іші-бауырым удай ашып әкетіп барады,-
дедім мен ыңқылдай, сөзімді бөле сөйлеп.

-        Апырау, бұл бейшараға не боп кетті,--
деп күңкілдеген Қопабай, Қайыркені оятты да,- малға бара алмас па екенсің,
бала,- деді маған. Мен жауап берудің орнына ыңқылды күшейте түстім.

- Бәйсембі, ә
Бейсембі,- деді Қопабай,- ояншы!

-        Немене, әке? -деп басын көтерген
Бейсембіге:

-        Мына бір сорлы бала ауырып қапты ғой,
малға мен өзім-ақ барайын, сен жұмысыңа кеткенде, есікті тиянақтап жап,- деді.

Қопабайдың
«жұмыс» дейтіні Бейсембінің етік жамайтын өнері бар да. Егінге шығуға
даярланған орыстар ескі етіктерін жамата бастаған. Кейінгі бірер жұмада оның кәсібі
сол да.

-        Жарайды,- деді Бейсембі,- бірақ мына
ауру баланы қайтемін?

Ол Аубакірдің
үйінде жата тұрар, сол үйдің кемпірі

Сиырға Қонабай мен
Қайырке кетті. Кенжебайды қасына ертіп Бейсембі қалаға кетті. Мен
Аубакірдікінде қалдым. Бірақ ол үйде мен көп жата алған жоқпын. Өйткені қалада
шеркеудін, қоңырауы қағыла бастады. Со кезде ғана оянған Аубакірдің інісі
Әлбатыр:

_ Солдатқа баратындар
жүруге айналған ғой, шеркеуге

шоқынуға жиналған
ғой,- деді.

«Көріп келейін»
деп Әлбатыр киінді де кетіп қалды. Үйде Ұлданай екеуміз қалдық. Не істеу керек,
әрине, бару керек. Өйткені менің ауырған себебім де солдаттың қалай жөнелгенін
көру ғой. Ұлданайға «Далаға шығам»,- дедім де, кетіп қалдым.

Шеркеуге маңайлап
келсем, бықыған адам, байланған ерттеулі аттар! Бұ қалада неше түрлі сұлу аттар
болатын. Солардың бірсыпырасы ерттеулі аттардың ішінде екен. Және казак-орыстың
өмілдірікті, құйысқанды, тебінгілі, былғары ерлері қандай тамаша!.. Бүкіл қазақ
атаулыда ондай ерді мен Әлтидің Сейтағының астында ғана көрдім. Сондықтан,
«мұндай ерді шығаннан шыққан байдың баласы ғана мінеді екен» деп жүрсем,
казак-орыста екінің бірі мінеді екен.

Шеркеудің
маңайында мастар да көп екен. Кейбір солдатқа баратын жігіттерді туысқандары
шеркеуге мас қалпымен сүйемелдеп әрең апарады. Солдатқа бармайтын еркектердің
ішінде де, әйелдердің ішінде де мастар аз емес... Шеркеу маңындағы каланшаның
түбіне осы қаладағы жатақтардың әйелдері және бірнеше адам жиналып қалған екен.
Мен де соларға қосылдым.

Аздан кейін
шеркеудегі адамдар шыға келді, алдарында поп... Ол әлденені күжілдеп айтып жүр,
мен оған түсінбеймін.

Бұттарында қызыл
зампасты көк шалбар, үстерінде кител, бастарында жасыл жиекті картоздары бар,
етіктеріне шпор байлаған, бір жақ шекелеріне кекілі дударланған
казак-орыстардың атқа қонулары маған ете қызық көрінді. Көп адамның ішінде
менің көзіме ерекше аруақты көрінген Мәлке. Оның кескіні күндегіден күреңденіп
кеткен, үстіндегі киімдері де өзгелерден өзгеше көркем, кеудесіне жалтыраған
әлденелерді қадап алған.

'Бұлары несі?-деп
сұрасам:

-        Өткен соғыста ерлік көрсетіп алған
наградтары,- деііді, қасымдағы біреу.

-        «Наград» деген не?-десем:

-        О, қоя тұршы,- деп сөйлескісі келмеген
қасымдағы адам жекіп тастайды.

Атқа қонғандардың
көпшілігі қылжақтаған мас екен. Солар түгел аттанып болғаннан кейін, Мәлке
әлденеменені айғайлай айтып, Капитан жолына қарай тарта жөнелді. Олардын,
артынан езге салттылар да шұбыра женелді. Со кезде әлгінде жылап айрылысқан
әйелдер мен кемпір-шалдардың шуы азан-қазан боп кетті... Біреулер талып құлап
жатысты... Артында жылап қалып бара жатқан әке-шешелеріне, әйелдеріне, кейбір
салттылар оралып кеп аттан қарғып түсіп, қайтадан амандасып кетісті. Бұлай амандасу
жылауды үдете түсті.