ВЕРНУТЬСЯ

         Даусы октябрьдің
саңқ еткенде,

Құлдық түн
жиырылып жалп еткенде,

Құлпырып
бостандықтың тоты таңы,

Алтын күн -
коммунизм жарқ еткенде.

Жыртқыштар түн
жорығын аңсағанда,

Бостандық көгін
бұлт қоршағанда,

Даусы жердің
жүзін тітірете

Лениннен болды
бұйрық барша жанға.

Ол айтты: «Уа,
еңбекті сүйген халық!

Қайратыңды
намысқа өткір жанып,

Кек мылтығын
ызамен тығыз оқтап,

Шық майданға, жігерден
дабыл қағып!»

Ол айтты: «Халық
демі - дауылды жел

Халықтан
төгілген тер - дария сел.

Деміңмен
жауыздықтың шаңын сілкіп,

Лебіңмен дүние
кірін тазалап бер!»

Ұрандай шықты
сонда жорыққа жұрт,

Сырылып
екпінінен кектегі бұлт,

Тапталды
табанында жыртқыш аңдар,

Жаншылды: жылан,
шаян, бар қарақұрт.

Жарқ етті бұлт
бүркенген таң құлашы,

Болмады бөгет
алда тау қиясы,

Жорықта жеңіп
шыққан халықтың бұл

Ардақты ұлы -
Қызыл Армиясы!

Күш-қоры елдің
орақ, балғасында,

Жасаған
жұлдыздай боп күн қасында!

Шынықты жылдан
жылға құрышталып,

Ленинизм дәуірі
домнасында!

1940