ВЕРНУТЬСЯ

           Күштісі
күштілердің күшті алтын күн,

Жыл бойы: нелер
мйллиард, миллион, мық,

Ұршықтай
айналдырып бар әлемді

Келеді бар
дүниеде оған тең кім?

Сонымен жарысуға
большевик біз,

Дәл биылдан
ілгері он жеті күз,

Бел байлап,
социалды шарт жасадық,

Біздің ұшқыр
күніміз - партиямыз.

Тексеріп,
қорытқанда, биыл шартты,

Қайраты
большевиктің күннен де артты.

Немене артқаны
емей, күн қай кезде

Жоспардан артық
күшпен жүгін тартты?

Жер қашан, 360
күннен бұрын,

Асыра орындады
жоспар жылын?

Әлемде большевик-ақ,
бесті төртте

Бітірген,
қиындықты көрмей жұғын.

Адам түгіл,
әлемнен түгел озып,

Озған сайын
жалындай қайрат қозып,

Бәйгені күшті күннен
біз әкеттік

Қолымызды жер
түгіл күнге созып!

1934