ВЕРНУТЬСЯ

       Сол кезде мен
Байбанның ауылына біржола орнықтым, міндетім: сол ауылдың балаларының «тілін
сындыру», қажетті шақта ылауын тартысу. Байбанның екі немере інісі, төрт туған
інісі, езінің екі баласы - осы сегіз жігіт қысы-жазы жалшылықтан босанбайды,
сондықтан ылауды көбіне Байбанның өзі тартады да, оның ымшық-шымшық ауруы ұстап
қалса, мен тартам.

Жүргіншілердің
жүзден тоқсан тоғызы дерлігі - күн сайын болмағанмен, жұма сайын ерсілі-қарсылы
ағылып жататын Становой прнставтар мен полицейский урядниктер. Ауыл адамдары олардың
бастапқысын - «үлкен төре» дейді, соңғысын «кіші төре» дейді. Олай дейтіні,-
егер екеуі бірге келсе, соңғысы бастапқысына кішілік қып тұрады. «Үлкен
теренің» алдында құрдай жорғалап бүгжеңдеп жүретін «кіші тере» егер езі жеке
келе қалса, «үлкенненде» артық қожаңдап, ат жеккенше қырып жібере жаздайды. Бұл
екі түрлі «төренің» киімдерінде жарқылдақтары көп болады, денелерінде асынған
мылтық, қылыштары болады.

Жәмшік жолымен
бірен-саран «жабайы төре» аталатын біреулер де жүреді. Олар да қалаша жақсы
киінеді, бірақ сырт киімдерінің түймелері ғана болмаса, езге жарқылдақтары жоқ,
асынған қарулары жоқ. Олардың жүріс-тұрыстары да, мінездері де «кіші
терелермен» «үлкен терелерге» ұқсамайды, әдепті, жатық, сыпайы келеді.

Кейінірек «жабайы
терелердің» нақтылы аттары «учитель» екендігін, олардың қызметі бала оқыту
екенін, Төлеке ауылына Метропка жақтан ылаулап келген қазақ азаматынан естідім.
Толықшалау кішірек бойлы, томпақтау қоңыр кезді, қырлылау мұрынды, қысқарақ
қалыңдау қара мұртты, тек сырт киімдерінің түймелері ғана жылтырауықты, езге
жарқ-жұрқы жоқ, қалаша тігілген сыпайы киімді, жасы отыз бес, қырықтар
шамасындағы бұл жігіт ылаумен Байбан үйіне түсіп, ұшырасқан адамдарына қазақтың
жалпақ тілімен амандаса кеткенде:

- Жаным-ау, қазақ
қой, мынау?!-деп таң қалысты, көргендер. Өйткені, мен түгіл олардың да «тереше»
киінген қазақты бірінші рет көрулері екен.

Қайнап тұрған
шайды ішіп аттанған бұл қазақтың жеңін ауыл адамдары сұрастырса - аты Спандияр,
фамилиясы Көбеев  екен. Жасынан орысша
оқыған бұл жігіт соңғы он жылдың ішінде, Тілес (Федоровка) дейтін орыс
поселкесінде ашылған русско-киргизская школада 
учитель екен, қазір Қызылжар барып келеді екен.

Спандияр ағайды
ылаулап апару реті маған келді. Тарантасқа салған қораптың ішіне отырған ол,
мені қасына отырғызды да, жолшыбай аты-жөнімді сұрады. Панасыз жетім бала
екенімді естіген ол, «солай екен!» деп, дауысынан аяған белгісін көрсетті де:

-        Хат білесің бе, бала? - деді. Мен арабша
әріппен жазылған кітапты оқи алатынымды айтқан соң:

-        Мына кітапты оқып көрші, бала! - деп
сумкасынан жұқалау бір кітапты алып көрсетті.

Кітаптың аты
«Үлгілі бала» екен. Мен кітаптың сыртындағы «Қазақша оқу кітабы» деп ұсақ
әріппен жазылған, одан кейін «Үлгілі бала» деп ірі әріппен жазылған, одан кейін:
«Мектептерде һәм үйде оқу үшін кент тілдеріндегі тәуір оқу кітаптарынан алынып
қазақша жазылды» деп тағы да ұсақ әріпгермен жазылған, одан кейін, бәлкім,
ірілеу әріппен «Асфандияр Көбеев» деп жазылған сөздерді іркілмей оқып шықтым.

Ішін ашып керсем,
бірінші беттің басында, бұдан бұрын оқыған кітаптарымның басында кездесетін
«бисмилла» тұр. Одан кейін жазылған «Баланың таңертеңі» деген әңгіме.- «Мен
ертеңгі сағат жетіде ояндым, сол сағатта тұрдым, жылдам киіндім... Беті-қолымды
жуып, орамалға сүрттім...» - деп басталады екен де, одан әрі мектепке баланың
қалай барғаны айтылады екен. Сезінің бәрі түсінікті. «Мектеп» деген екінші
әңгіме де сондай.

-        Сіздің елде мұндай мектеп бар ма? - деп
сұрады Спандияр ағай менен.

-        Жоқ,- дедім мен.

-        Неге?

Ол сұрауға мен
жауап берген жоқпын,- білмесем, не жауап берем!...

Аталған екі
әңгімеден кейін жазылған «Мектепке шақыру» деген елең маған аса ұнады. Өлеңде
таң ата барлық мақлұқ атаулы тілершілік жасау әрекетіне кірісетіндігі өте
қызғылықты түрде сипатталады екен. Одан кейінгі 4, 5, 6, 7, 8, 9,
10-әңгімелерде, таза қазақ тілінде, баланың өміріне байланысты біраз қызық
кеңестер бар екен. Одан кейін «II» цифрмен белгіленген «Жетімнің өлеңі»
аталатын елең, алғашқы жолынан бастап, менің көзімді ғана емес, көңілімді де
өзіне тарта жөнелді:

«Жетімнің күні
құрсын жастай қалған, Әкесін шешесімен құдай алған. Күтетін баласындай жақын
қайда? Деген сөз осы емес пе, «дүние жалған!»

Бетіңмен іс етуге
ақылың кем, Бой өсіп жас жетпеген, білмейсің жөн. Малбасың, ағайынның
талауында, «Алдамшы, осы емес пе, дүние деген!..»

Көзіңнен жас
ағады қан аралас, Биліктен малың түгіл шығып тұр бас...»

Өлеңнің алғашқы
«жетімнің күні құрсын жастай қалған» деген жолын оқығанда-ақ, өз халімді көз
алдыма келтіріп, бойым шымыр ете түскен менің, «мал-басың ағайынның талауында»
деген жолды оқыған тұста көзіме жас кеп қалған, содан босай бастаған жүйем
«көзіңнен қан аралас шығады жас» деген жолды оқығанда, отқа қыздырған
қорғасындай балқып кетті де, «биліктен малың түгіл шығып тұр бас» дегенде,
көзімнен жас ақтарылып, алақаныммен бетімді басып, еңіреп қоя бердім...

Спандияр ағай
мені зорға уатты және жай сөзбен емес, жетім қалған әлдекімнің оқу арқылы
белгілікті адам боп кеткенін, менің де сондай болуым мүмкін екендігін айтып,
көңілге әлдеқайда, алыста жатқан арманның ұшқынын түсірумен уатты... Оның сонша
көп сәзінің түйіні: «Кісі болудың тетігі оқуда және өзге оқуда емес, орыс
оқуында!» Әлгі өлеңнің аяқ жағы былай бітеді:

«Көзіңнен қан
аралас ағады жас, Биліктен малың түгіл шығып тұр бас. Сұраусыз малда құрық,
баста сырық, Қыр аңы арыстан, қабылан мұндай болмас!..

Сау басың дауда
болар өскеніңше, Күш жетіп «е» десе, «ме» дескеніңше. Ағайын тәлкегіңе иттей
болған, Жетімдер толып жатыр әлденеше.

Шөлдесең сусын
болар көлдер қайда? Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда? Қаңғырып жудеп-жадап жүргеніңде,
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?»

Бұл елеңді
Спандияр ағайдың өзі жазған екен. Өлеңнің соңғы жартысын көз жасымды тиып,
бойымды жинап ап оқып шыққаннан кейін, соңғы екі жолындағы сұрауларды Спандияр
ағайдың өзіне берген кескінмен, мен оған қарадым. Ол түсінгендей:

-        Бала, сен ғой, орысша ештеңе білмейсің?
-деді маған.

-        Жоқ.

-        Қиыны осы екен. Мен сабақ беретін орыс
школасына «Ауылдық школа» аталатын үш жылдық мектепті бітірген кісі ғана алады.
Сенде ондай білім жоқ. Егер менің школама түсе алсаң, құдайың жарылқар еді,
онда пәтер де, тамақ та, киім де қазынадан...

«Ауылдың школа
қайда? Оған қалай түсу керек?» Бұл сұраулар басымда сапырылысқанмен, оның
жауабын Спандияр ағай да таба алмады. Оның айтуынша, әлдене бір ауылдарда ауылдың
школалар бар, бірақ онда әркім өз күшімен оқиды, ондай күш менде жоқ.

Айтпақшы, ол
«күш» менде бар да екен ғой: әкемнен қалған дүние сатылып, одан шыққан жүз
сомнан артық ақ-ша, жыл сайын өсім беріп ұстауға, Хасен хажыға берілген екен
ғой!.. Спандияр ағайға мен соны айтып ем:

-        Құдайың берді ғой, онда! - деді қуанып
кетіп.- Ауылдың школаны бітіруге мол жетеді ол. Ақшаңды қолыңа алсаң, школа
тауып беруді, оған сені орналастыруды міндетіме мен алайын.

Спандияр ағайды
Жаманшұбардан жәмшік тартатын Рамазанның үйіне түсіріп, ол шай-пұйын ішкенше,
мен жүттрып Нұртаза үйіне барып, Хасен хажыдағы ақшаны алудың жайын сөйлесіп
ем:

-        Тәй, жоқты сейлемей!-деп ақырып тастады
Нұртаза,- қайдағы оқу, ол? Айдаладағы біреуге беріп, қаңғырып өлгің кеп жүр ме?
Оқу не керек, саған? Ептеп-септеп күніңді көре бер әзірге! Хасен хажыдағы ақша
қайда қашады деп отырсың? Ертең жігіт боп, мал малданып, жан жанданбаймысың?
Сонда керек емес пе ол ақша? Оған дейін өсе бермей ме?..

Тағы да
қыңқылдайын деген мені: «Жоғал, көзіме көрінбей! Қатырма, басымды!» деп Нұртаза
қуып шықты...

Күндер өтіп
жатты. Қыс та басталды. Мен Байбан ауылында жүріп жатырмын. Бір күні басында
сеңсеңнен істеген үлкен папахасы бар, үстінде қасқырдың терісімен астарлаған сұрғылт
шинелі бар, оның иығында жарқыраған погоны бар, сыртынан буынған қайыс
белбеуінің оң жағына кабуры байланған кішкене мылтығы бар, мылтықтың дүміне
шығыршықпен ілінген қызыл баудың бір ұшы мойнында, аяғында ақ чесенкасы, оның
сыртында жылтыраған жаңа резенкесі бар... сұңғақ бойлы ашаңдау ақ бұжыр бетті
жұқалау қыр мұрынды, жасы 25-30 шамасындағы бір жігіт келді. Сұрастырсақ аты -
Жәмпейіс, фамилиясы - Омароз екен.

Есіктен сөйлей,
қалжыңдаса кірген Жәмпейіске үй иелері асқа отыр деп еді:

-        Рахмет,- деді ол,- тығыз жұмысым бар.
Костанайға пакет апара жатырмын. Қазір жүрем, аманшылық болса дамді қайтарда
татармын.

Байбан ол күні
сырқаттанып жатыр еді.

- Шырағым, сен
апарып келе ғой,- деді маған.

Жәмпейіс екеуміз
жалғыз ат жегілген шанаға қатар мініп, жүріп кеттік.

Қазақ ата ұлынан
шені бар төрені менің бірінші керуім. Сондықтан жалпы тәре атаулыдан сескенетін
мен алғашқы кезде одан да сескеніп, өзі бірдемені сұрамаса, өзім ешнәрсе
сұрамадым.

Шапшаң мінезді,
жылдам сөзді Жәмпейіс әуелі менің хал-жайымды түгел сұрап алды да:

-        Е-е, байғұс бала-ай, мен сияқты екенсің
ғой, сен,--деді.

Содан кейін ол
мені биографиясымен таныстырды. Жәмпейіс жас күнінде әке-шешесінен жетім қалады
да, жалшылықта тұрады. Оны Құртайдың Мұқышы дейтін бай жалдайды. Жәмпейіс жігіт
болған кезде, Мұқыш балаларының ұрлығына күйеді де, тұтқынға алынатын болған
соң қашып орыс арасына кетіп, сонда орыс қызына үйленеді де шоқынады.
Жәмпейістің шоқынғанын естіген ағайындары бірнеше жігітті жіберіп, ұрлатып
алдырады да, «райыңа қайт, әйтпесе сені өлтіреміз» деген шарт қояды. Шарттан
қорыққан Жәмпейіс қайтадан «мұсылман» болады. Содан кейін ол, Рамазан дейтін
ағайынының тоқалдыққа алған әйелі Жаңылмен көңіл қосады да, бір түнде
Қызылжарға тартып отырады.

- Онда сізді
біреу шақырды ма? -деп сұраймын мен.

- Жоқ,- дейді
Жәмпейіс.

-        Енді кімге сеніп бардыңыз?

- Ешкімге де
сенген жоқпын. Бір тәуекелмен тарттым да кеттім. Орысша тілді жақсы білуші
едім, аздап орысша хат білетін едім, соныма сендім. Қызылжарда Дүйсенбай хажы
Тұранов деген кісі бар екен, полицнянын, сыскное отделениесінде қызмет істейді
екен...

-        Ол неғылған қызмет?

Мысалы, мына мен
полициянын, қызметкерімін,- дейді Жәмпейіс.- Біз қала, даланын, тәртібін
сақтаймыз, қылмысты кісіні тұтқынға аламыз. Дүйсембай хажы Тұрановпен
Қызылжарға бара таныс болдым,- жасыратыны жоқ, қолымнын, ептеп епсектігі болушы
еді,-- дейді Жәмпейіс маған күлімсірей қарап.

Мен түсінбеген
кескін білдірсем:

-        Күн көру керек емес пе? - дейді ол.-
Кызылжарға айдап барған малым жоқ, қалтаға басып барған ақшам жоқ, жалғыз атты
жалаңқаймын, ендеше қалай тұру керек?

- Ия, сонымен,
сіз не істедіңіз?

-        Қала - ауыл емес,- дейді Жәмпейіс,--
онда, ең аяғы суды да сатып ішесің. Бірдеме істеп күн көрмесең аштан өлесің...

-        Маған «қалай күн көрдің?» дегелі отырсың
ғой,- дейді Жәмпейіс, кескініме күлімсірей қарап қойып.

-        Иә,- деймін мен.

-        Қалада шермаш дейтіндер болады, езің
сияқты панасыз жетім балалар. Оларда үй-күй болмайды да, көшеде қаңғырып
күнелтіп, әркімңің қалтасына түсіп тамағын асырайды. Әуелі сол шермаштарды
пайдаландым.

-        Сонан соң?

-        Қызылжар маңайындағы ұрылармен
байланыстым, олар - мал ұрлығын істейтіндер. Полиция олардың көбін біледі де,
түтқынға алады, олар пара береді де, босанады. Мен екі арасын келістіруші
болам. Сөйтіп жүргенде Дүйсенбай хажы мені осы қызметіме орналастырды. Менің
атым - полицейский урядник.

-        Урядник дегендер осы арадан етіп жүруші
еді,- деймін мен,- бірақ олар орыс болушы еді. Қазақтан бірінші көріп отырғаным
сізсіз. Сізден басқа урядник қазақ бар ма?

-        Жоқ,- дейді Жәмпейіс,- бүкіл Қызылжар
оязында қазақтан менен басқа урядник жоқ.

-        Сіздін, шамаңыз не нәрселерге келеді? -
деп сұраймын мен.

-        Қылмыстының бәріне келеді,- деді ол,- егер,
қылмысты болса, ауылнайын мен болысыңды да ытқытып жіберем.

-        Қазір ұрлықты қойдыңыз ба? - деп
сұраймын мен.

-        Мұрныңды ұрайын-ау,- дейді ол күліп,--
өзің бір оттаған бала екенсің. Мені сынағалы отырған жоқпысың?

-        Сен бір бейшара бала екенсің,- дейді ол
аз уақыт қалжыңдап отырып,- шіркін, сені қалаға апарып, приготқа орналастырар
ма еді?

Жәмпейістен оның
не екенін сұрасам, тамаша орын ғып суреттейді де:

-        Әттең, жасың өтіп кетті-ау, бала, оннан
асқан баланы алмайды онда,- дейді. Тұйыққа қамалғандай екеуміз біраз үнсіз
отырғаннан кейін.

-        Сен, бала қазақ арасында жүріп
оңбайсың,- деді Жәмпейіс,- қазақтың байлары жалшыны ит есебінде ұстайды. Орыс
байларына тұрсаң, күтімді боласың. Ақыңды дұрыстап береді, таза орынға жатасың.
Саған ауылдан кету керек те, іш арасына барып, орыс байларына тұру керек. Сонда
ғана сен адам боласың. Қалай қарайсың, бала бұған?

Мен жауап
бермеймін, маған оның сөзі де Спандияр Көбеевтің сезіндей алыстағы арман
көрінеді...