ВЕРНУТЬСЯ

       Маған
ақысыз-пұлсыз көп әндер үйреткен адам - Қабамбайдың Ғабдолы. 

Қабамбайдың үйі
біздің ауылға өткен жылы ғана көшіп келген. Со жылы жалғыз сиыры көтеремнен
өліп қап, ашыққан Қабамбайдың үйіне Жаманшұбар боп жылу жинап, қыстан әрең алып
шыққанын білем.    

Қабамбайдың
өзінің де, балаларының да кәсібі: ағаш үй қияды, тақтай тіледі, арба жасайды
дегендей балташылық екен, бірақ Жаманшұбарда ондай кәсіп жоқ, сондықтан Кәсен
мен ЬІбырайым Нұртазаға жылқышылыққа тұрады да, үй шаруасын кәрі Қабамбайдың
өзі басқарады...

Ал, Ғабдол ше?

Ғабдол - өте әнші
адам. Қазіргі тілмен айтқанда, оның дауысы лирикалық тенор болу керек.
Жұбандықтың Кәсені мен онық арасындағы айырма: әншілік қасиеті және жұрттың ұнатып
тыңдауы Кәсеннен кем болмағанмен, Ғабдол ол сияқты кесір, кінәмшіл әнші емес.
Егер біреу «ән сап бер» десе айтқан адам мейлі әйел болсын, мейлі еркек болсын,
мейлі бай, мейлі жарлы болсын, мейлі үлкен, мейлі кіші болсын, Ғабдол ешуақытта
көңілін қалдырмайды. Сондықтан да ауыл арасында болатын ұлылы-кішілі тойдың
ешқайсысы Ғабдолсыз өтпейді...

Ол - сауатсыз
жігіт. Кітап боп басылған жырларды ол білмейді, оның айтатыны - халық аузында
жүретін жырлар. Бірақ жырларды ол ете сирек айтады. Ойын-сауықта оның көп
айтатыны - әндер.  

Бала күндегі
әсерленуім бе, болмаса расы солай ма,- маған Ғабдол айтатын әндердің саны да
көп, сапасы да жоғары болатын еді. Ән айтуға ол шаршамайды. Жұрт сауыққа іңірде
жиналудан бастап, таң ата тарағанша, Ғабдол әдемі әндердің бірінен соң бірін
айтып шығатын.   

Атақты әншілігі
мәлім болғаннан кейін, Ғабдолды жаманшұбарлықтар ғана тыңдаған жоқ, төңіректегі
елдер де, шақырып әкетіп «айлап-апталап» дегендей, ұзақ уақыт ұстап қайтарады.
Жұманшұбардың сағынған жастары оны сарғая күтіп, жылап көріскендей болады.
Балалар да, мен де сол сағынушылардың ішінде боламыз, өйткені сауық болмайтын
күндерде де, егер қасына балалар жиналса, Ғабдол қалған әндерін айтып та береді
және әндерін жалықпай отырып үйретіп те береді...

Ғабдол айтатын
сюжетті ұзақ жырлардың саны бірталай болатын. Солардың ішінен менің есімде
сақталғаны екеу, бірі - «Сұлушаш», бірі - «Мақпал». Кейін, мен ұзақ поэма ғып
жазған «Сұлушаш» - Ғабдол айтатын «Сұлушашқа» аздап ұқсайды. Сондықтан, ол туралы
бұл арада көп жазуды қажет көрмеймін.

«Мақпалдың»
Ғабдол айтатын вариантынан менің есімде жалпы мазмұны ғана сақталған да,
өлеңдерінің көбі естен шыққан  

«Сұлушаштың» да,
«Мақпалдың» да елеңдері әр жолы әр мағналы сөздерді айтып кететін фольклорлық
стильде болғанмен, оқиғасынық қызықтығымен тартып әкетеді. Мысалға, есте қалған
кейбір өлеңдерін араластыра отыра «Мақпал» поэмасының оқиғасын оқушылардың көз
алдына елестетіп етейік.

«Мақпалдың»
Ғабдол айтатын вариантын талдаудан бұрын, бір ескере кететін сез: осы поэманы
бертін кезде мен Ақтөбе елінде де, Қызылорда елінде де, Жетісу елінде де, Семей
елінде де естідім. Осылардың геройының аты да Сегіз, героинасының аты да Мақпал
бола тұра, оқиғалық жағынан да, елеңдік жағынан да айырмалары кеп болады. Және
әр елке Мақпалды өз елінің қызы ғып айтады. Ғабдолдың вариантында Мақпал біздің
елдің қызы емес, Сырдариялық қыз. Поэма былайша басталады:  

«Уағада сөзге
қазық лебіэбенен, Бір сөзді екі қайта дегізбеген, Сарқылып сагасы су сап
болады, Телегей тен, болмайды теңізбенен.

Айырып досты
достан, жарды ашықтан, Сұм дүние кімдерге боқ жегізбеген. Арқанын, бойын
жайлап, Сырды қыстап Өтіпті бір сал жігіт Сегіз деген.

Басталар қысқы
аяз ақпанменен, Сонарда түлкі аулайды қақпанменен, Сол Сегіз Мәжнүндей ғашық
бопты, Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген».

Одан әрі Сегіз
бен Мақпалдың қалай танысуы, бір-біріне қалай ғашық болуы туралы сипатталады.
Содан кейінгі айтылатын екі ауыз өлең:

«Сегіздің өзі
сері, жылы «тауық», Мақпалмен ойнап-күліп құрды сауық. Бір жылы Сырда жұт боп
жылқыны айдап, Кетіпті сері Сегіз Арқаға ауып.

Дүние әр пендеден
өтеді ақыр, Кайғырып ашық жарын Мақпал жатыр. Дәм айдап сырға сонда келе қапты,
Қыз таңдап қарақалпақ Жабы батыр».

Жабы - Қарақалпақтың
байы да, батыры да екен дейді, әрі көрші отырған ел. Мақпалды көрген Жабы
айттырмақ боп әкесіне сөйлеседі. Әкесі бермек болады, қыздың жақсы көретін және
Сегізбен арасындағы сүйіспендік сырын білетін жеңгесі болады. Сол жеңгесіне ұзатылатын
Мақпал:

«Жеңеше, мені
жанға балағаның, Маржандап бұрымымды тарағаның, Сегізге өз қолыңнан сәлем деп
бер, Мақпалдың жасы тамған орамалын»,-

деп сәлемдемесін
береді де, ұзатылып кете барады. Осы хабар Арқадағы Сегізге жеткеннен кейін,
ғашық жарын құтқарып алу мақсатымен ол Сырға келеді. Келсе, Мақпал ұзатылып кеткен.
Сонда ол Мақпалдың жеңгесіне:

«Жылқымды айдап
салдым терең сайға, Жетер ме созсам қолым көктегі айға. Артынан қос ат алып мен
қуайын, Мақпалдың ұзатылған жөні қайда?-дейді. Бұл сұраудың жауабын поэманы
шығарушының өзі беріп:  

«Етегі ақ
көйлектің қызыл бүрген, Талпынар бала бүркіт қызыл көрген, Жеңгесі жылап тұрып
жен сілтеді, Мақпалды ұзатқан көш ізін керген»,-

дейді. Сол женмен
Сегіз қос ат алып қуады. Кеш ол кезде ұзап кеткен екен дейді. Сонық ізімен қуып
келе жатқан Сегіз, Мақпалдың құлағына шалынар ма екен деген мақсатпен ән
шырқайды. Осы әннің жеткен-жетпегенін білмеген Сегіз:

«Домбырам екі
шекті қу қарағай, Не болды дауысым саған сырғанамай, Бірге өскен ойнап-күліп
қайран Мақпал артыңа кеткенің бе бір қарамай,-

дейді. Сегіздің
ащы зары Мақпалдың құлағына қыр астынан шалынады. Сонда Мақпал:

«Сай-сайдың су ағады
бұлағына, Қосылар ешкі маңырап лағына, Жан шеше түйең басын тарта тұршы,
Сегіздің даусы келді құлағыма»,-

дейді. Шешесі:

«Жайлауы біздің
елдің Егіз еді, Жылқымыз Егіз көлден семіз еді. Мақпалжан түйем басын
тартатұғын, Соншама Сегіз біздің неміз еді?»-

деп сұраса:

«Жайлауы біздің
елдің Егіз еді, Жылқымыз Егіз көлден семіз еді, Тартсаңшы түйең басын қайран
шеше, Құрытқан діңкемді сол лебіз еді»,-

дейді. Бұдан арғы
өлеңдері менің есімде сақталмаған, тек оқиғасы ғана сақталған: Сегіз қуып
жетеді. Келісімге келе алмаған екі батыр «қай күшіміз асқанымыз әкетейік» ден
жекпе-жекке шығады. Сегіздің күші Жабыдан басым болады. Бірақ жеңген «жауын»
Сегіз жерге қаратып кетпейді, оның «ай десе аузы, күн десе көзі бар, жанындай
жақсы көретін бойжеткен қарындасы бар екен» дейді, сол қарындасын Сегіз Жабыға
береді де, екеуі өмірлік дос болады. Поэманың оқиғасы мұнымен бітіп қалмайды.
Сегіз Мақпалды Арқаға алып кетеді. Бара сала ол ауруға шалдығады, сондағы оның
ауруы «Сырдың суын татпауы» болады. Бұл арада айтылатын бір ауыз өлең былай
келеді:

«Іледі сұңқар
таңдап көлдің қуын, Мақпалға сол бір сырқат жайды уын. Сегізге Мақпал сонда
арман айтты, Дариға бір татсам деп Сырдың суын!

Өлім халындағы
Мақпалды Сегіз Сырға алып келіп, суынан татырса, тез сауығып кетеді. Содан
кейін Сырдың суын татпаса ауырады да, татса ауырмайды. Сондықтан екеуі Сыр
бойына үнемі қоныстап, тату-тәтті өмір сүреді. Поэма мынадай өлеңмен аяқталады.

«Домбыра күй
оралған құлағына, Қосылды олар сөйтіп құмарына. Дүниядан ақырында олар өткен
Ойлаған түгел жетіп мұрадына».

Ұзақ түнге
жететін поэмадан менің есімде қалған сімілгірі - осылар. Поэманың арнаулы әні
бар. Ол әннің бір варианты Александр Затаевичтің «Қазақтық мың әні» деген
жинағында жүр.  

Жаманшұбарлықтардың
ұғымында Ғабдолдан зор әнші болуға тиісті емес сияқтанғанмен, өзімен кеңескенде: 

-        Бізді қойшы, тәйірі,- дер еді ол,- Ақан
серінің қасында біз әншіміз бе?

-        Оны қайдан кердің?-деп сұрағандарға:

-        Сырымбет тауына барғанда көрдім,- дейді
Ғабдол.- Әне, әнші деп соны айт!..

Жұрт Ақан серіні
керуге құмартады. Мен де құмартам...