ВЕРНУТЬСЯ

       Басы әдеттегі
адамның басынан әлдеқайда үлкен, қоп-қою қара қасы қалың қабағын түгел жапқан
қалың, томпақ үлкен көзді, кең бетті, қоңқақ зор мұрынды, жалпақтау бетінің
шықшытынан басқа жерін түгел жауып ұйыса біткен, қылы жуан қара сақалды, аузын
жаба төмен салбыраған басылмайтын қою қара мұртты, бықыр, қысқа мойынды, кең
жауырынды, жуан денелі, орта бойлы Мәшікті күні бүгінге дейін еске алсам, менің
көзіме зор денелі қара аюды елестетеді. Жасы кіші адамдар оны «Бәтеқ»дейді. .         .           .
.

Түрін алғаш
көргенде Бәтенді мен мінезі қатал және тұйық адам ба деп ойлаған едім. Жолға
шығып етене боп алғаннан кейін байқасам, ол кісі - әрі жалпақдаған кішіпейіл,
әрі әңгімешіл адам екен. Өзі қоңыр ғана дауыспен, домбыраның алғашқы төрт
пернесіне қосып ән де айтады және әндері өте нақышты келеді.

Сөз әлпетінде, ол
жер жұқартып көп жүрген адам. Жас күнінде кедей, бірақ пысық жігіт болыпты да,
Торсаннық және онық балаларынық қасына еріп көп жерге жолаушылапты. Бертінде
орта дәулет бітіп және Сибанның білімді адамының біреуі боп, Торсанға қарсы
топқа қосылыпты. Мен атқосшылығына ерген кезде, ол «Ойдағы Сибанның» ең беделді
адамының бірі екен.

Мәшікпен бір
тарантасқа мінген Айтілестің Таспайы жас жағынан кіші екен және екеуі немере
екен. Ақсары кескінді, сұйық шоқша сақалды, биік және сом денелі Таспай нығызсыған
адам болғанымен, көргені, естігені Мәшіктен анағұрым аз сияқты. Жолаушылап бара
жатқан бетте, жолшыбай не қонып, не түстеніп аттанғаннан кейін, Мәшік әлдене әңгімелерді
бастап кетсе, Таспай тықдайды да отырады. Бірақ ол солғын тыңдамайды, сұраулар
бере отыра, леп белгілерін араластыра отыра, құмартып тыңдайды.

Жансақалдық
Жұсыбына қонып, Ұмсынды көріп аттанғаннан кейінгі Мәшіктің біраз кеңестері Ақан
сері туралы болды.

Ақан серінің
елеқдерін Мәшік көп біледі екен. Оның өлеңдері араб пен фарсы сөздері араласа
құралады екен, ол тілдерді білмеген адам түсінбейді екен. Мысалы:

«Хат жаздым қағаз
алып, қалам, сия,

Көптен көп сәлем
айттым гүл-назия.

Тағрифын тәмәм
қылып танытқандай,

Ділбердан ділмар
керек шаһуазия.

Хат жаздым қағаз
алып, қалам, сия.

Шери зат дұхтар
шаһи гүлназия.

Әр нақыш мәдхамді
гүл түстерісің, Діл арай, діл-хафыза и гүлнақия.

Садафтың
шашыраған жауһарысың, Көңілімнің заһирасына салдың ұя. Исімін махбубімнің
сұрасаңыз, Басы «жем», ортасы «мем», аяғы «я».

-        Кісі түсінбейтін не сөздер бұл? -деген
Таспайдың сұрауына:

-        Оқуы үлкен молда болмаса, біз қайдан
түсінейік,- деп жауап береді Мәшік.

-        Ақанның өзі сонша көп оқыған кісі ме
екен? - дейді Таспай.

-        Бірталай оқыса керек,- дейді Мәшік.-
Өлеңі былай тұрсын, жай сөзінің өзіне де ол кітап сөзін  араластырмай отыра алмайтын еді.

-        Сонша оқумен молдалың неге құрмады екен?
- дейді Таспай.

-- Оның мынадай
бір себебі болған екен,- деп Мәшік Ақан сері туралы естіген аңыздарын әңгімелей
жөнеледі.

-        Әкесі Қорамса ертеректе бай адам болса
керек. «Бай бір жұттық, батыр бір оқтық» демей ме, қазақ мақалы. Қорамсаның
малы бір жұтта қырылып, кедейленіп қалыпты да, содан көтерілмепті...

-        Ақан әңгімесін айт,- дейді Таспай.

-        Ақан Қорамсаның жалғыз баласы екен. Бала
күнінде Ақанды әкесі молдаға сабаққа береді. Бұхар шәріне барып, хатымқардан
боп қайтқан молда екен.

-        «Хатымқардан» деген не сөз екен? - дейді
Таспай.

-        Оқуды тауысып қайтқан адамды солай
атайды екен, мағынасы не екенін кім білсін.

-        Сөзіңді бұздым ғой, айта бер.

-        Ақан зирек болса керек, аз жылда молдасының
бар оқуын қағып алады. Құраннан өз бетімен мағына айырып кетеді.

-        Япырай! -деп Таспай басын шайқап,
таңдайын қағып қояды.

-        Содан,- дейді Мәшік көтеріле сөйлеп,-
жастықтың әуені ме, әлде оқу көтеріп кетті ме,- бозбала кезінде Ақан желіге
бастайды. Желіккенде ол шалықтанып желікпейді: жақсы ат мінеді, киімді қыздарша
әлем-жәлем киінеді, қасына өзі сияқты сері жігіттерді жинап, оларға да өзінің

аты түсті ат,
киімдері түсті киім кигізеді. Сөйтіп, қайда ойын-сауық болса соған барып, елді
аралайды да жүреді. Барған жері думан!.. Думан болмағанда ше: өзі әнші, әрі

домбырашы...

Сөйтіп жүргенде,-
дейді Мәшік, қара мұртын сипап қойып,- Ақтоқты деген қызға Ақан ғашық болады.
Қызды әкесі атақты бір байдың баласына берген екен дейді.Қырық жетіні қырқа
матап берген байдық баласы қалықдығын оқ жақта керуге ырғап-жырғап ұрын келеді.
Ойын-тойы болады. Содан кейін, қызды күйеуге апару керек.

-        Ақан қайда екен, онда? - дейді Таспай тыншсызданып.

-        О да сол тойда екен.

-        Апырау, қалай шыдады екен?!

-        Қайдан шыдасын,- дейді Мәшік,- түнде
күйеуге апара жатқан қызды Ақан сері салт атпен тосып тұрады да, кезегі
келгенде, іліпала қашады.

-        Бәрекелді! - дейді, көңілі кеншігендей
болған Таспай.

-        Құтылса «бәрекелді» - дейді Мәшік,-
құтылмаса ше?

-        Құтылмап па?! -дейді Таспай үрейленіп.

-        Қайдан құтылсын! Сезіп қалған күйеу жағы
да, қыздың туыстары да тұра қуып, Ақан мен қызды ұстап алады!

-        Қап!-деп Таспай санын соғады да,- сонан
соң?! - дейді.

-        Белгілі емес пе ар жағы,- дейді Мәшік,-
қызды күйеуіне ұзатады да жібереді.

-        Мына құдайға шарақ болса, қыл! - деп
кейиді Таспай.

-        Ақан серінің «Сырымбет» деген әні сол
қызға арналған ғой,- дейді Мәшік,- зарлы да ән ғой өзі.

Бұрын естімеген
бе, естісе де мына жағдайда тағы естісі келе ме:

-        Қалай келетін еді ол ән? - деп сұрайды
Таспай.

Былай келуші еді,
қоқырлатып көрейін,- деп, Мәшік барқыт даусымен ықырсиды:

«Аулым қонған
Сырымбет, саласына-ай, Ғашық болдым ақ сұққар баласына-ай, еркем, Қарындас-ау,
Енді есен бол - әй!

Лашынға лайық
сәулем едің-әй! Бөктергіге қор болып барасың ба, әй, еркем, Қарындас-ау, Енді
есен бол - әй!..»

Мәшік бұл әннің
тағы бір-екі ауызын айтады да:

-        Осыған жалғас, Ақан сері «Алтыбасар» деген
әнін шығарған ғой,- дейді.

-        Мен естімеген ән,- дейді Таспай.- Қалай
келеді

ол?

Басы биік, аяғы
термеленіп келетін әнді Мәшік қоңырлата бастайды:

Қыз қайда
қалқатайдай көңілді ашар! Көңілім сені ойласам болды нашар. Айрылып сенен, сәулем,
қайтқан күні, Әніне бір басайын «Алтыбасар».

Өй, қалқа, сен
маған жоқ, мен саған жоқ, Шекеңде бұлғақтаушы ед, үкіден шоқ, Көзіме ұйқылы ояу
көрінесің, Оянып түрегелсем дәнеңе жоқ...»

-        Шіркіннің құмартуын-ай! - дейді Таспай.
Мәшік «Алтыбасарды:»

«Ой, қалқа, өлер
болдым сені ойлай, Күйдірді ғашық дертің ерікке қоймай, Бір жаман мал бердім
деп алып кетті, Жылқы екен қыздың байы сығыр-ойбай! -

деп бітіріп:

-        Рас сөз ғой,- дейді Таспайға. --- Ие,
сонымен? - дейді Таспай.

-        Сонымен, Ақтоқтыдан айрылған Ақан -
«атым жақсы болса құтылып кетер едім, атым жамандықтан тұтылдым» деп ойлайды
да, жылқыға жеткізбейтін ат іздейді, ондай ат табылмайды...

-        Ақанның өзі сыншы ма екен? - деп сұрайды
Таспай.

-        Өзі емес, елінде сыншы болыпты,- дейді
Мәшік,--аты -- Киікпай. Кайда барса да Ақан сол Киікпайды ертіп апарады екен.
Қандай тамаша деген аттарды іздеп барса да, Киікпай «бұған жылқы жетеді» дей
беріпті.

-        Жылқы жетпейтін ат бола ма екен? - дейді
Таспай.

-        Тыңда!.. Сонан Ақан сері ат таба алмай
сандалып жүрген кезде, «Қырық бойдақ» маңындағы нағашысы Атбасардың базарынан
сатып әкеле жатқан төрт-бес жүз атымен кеп, Ақан серінің үйіне қонады.

__ Сәті түспесе не
қылсын!..- дейді Таспай дәмеленген кескін көрсетіп.

__ Сонан,- дейді
Мәшік, сабырлы қалпын өзгертпей,- нағашысы Ақанға: «Жиен, ат іздеп жүр деп еді
сені айдап келе жатқан аттардан таңдағаныңды алып қал!»

дейді-  Мырза нағашы боп шықты ғон,- деиді  аспан,-

ие, содан?      .

_ Атбасарға арғы
өр Алтайдың аттары келеді ғой,-

дейді Мәшік,-
жылқылары ылғи қаз мойын болады ғой олардық, мына аттар да сондай екен дейді.
Бірақ қандай тамаша аттарды көрсе де Киікпай «бұған жылқы жетеді» дей беріпті.

-        Бір қырсық болмаса игі еді, мынауың! -
дейді Таспай кейіп.

-        Сонан, ұзын сөздің қысқасы, сыншы
төрт-бес жүз аттан Ақанға лайық ат таппайды.

-        Жынды неме ме, өзі! - деп тұлданады
Таспай.- Қайдан таппақ, сонда, жоқ атты? Жұмақтық пырағын әкеп бермек пе?

-        Сонан,- дейді Мәшік,- екеуі көп аттан ат
таба алмай сандалып келе жатса, көлдің жағасындағы құмда төрт аяғы серейіп бір
жылқы жатыр екен. «Кеткен жылқы, ыстықта құмда жатқан?!» деп Киікпай қасына
келсе: қысқы жүні түлеп болмай жабағыланып жалбыраған арық Құлагер құнан!..

-        Япыр-ай, атақты Құлагер тұлпар осы
болмағай да! - дейді Таспай асығып.

-        Құнанды Киікпай орнынан тұрғызады да,
айналақтап тұрып алады. Ақан оған: «Неғып тұрсық?» десе, Киік-паи, «іздегеніқ
табылды, Ақан, шүйінші!» дейді. Ақан «сыншы мазақ қып тұр ма?» деп ойлайды,
неге десең,- «қарны қабақтай, бұты таяқтай» кішкене құнан?.. Сын көтерер жері
жоқ!.. Ең құрыса, жалы да жоқ, тек, шоқтығында ғана бір уыс қылы бар!.. Құйрық
қылы да сиырда,- құйымшақтың ұшына қарай ғана біткен!.. Екі құлағы есектей
салбырап жатыр!..

"- Ия,
сонымен!..

Сонда,- дейді
Мәшік көтеріле түсіп,- Киікпай аттан түседі де, жуас құнанды ұстап тұрып,
Ақанға сынын айтады: - «Кеудесіне кез салшы,- дейді ол,- төсінің астынан адам
жүгіріп өткендей, кең! Жылқы баласына бітпеген кеуде бұл!.. Осы кеудеге біткен
өкпемен өмірде алқына ма?!.. Ертеден қар кешке шапсақ да, ентікпейтін жылқы
болады, бұл!

-        Сонан кейін,- дейді Мәшік,- Киікпай
жұдырығын түйіп Құлагер құнанның сағағына салып керсе, екі жақтың арасына жұқ
болмай ойнап кетеді. «Көрдің бе,- дейді сонда Киікпай Ақанға,- кеудесі кең
болғанмен, сағағы тар жылқынық, тынысы да тар болады. Жүйріктікі ғана болмаса,
жай жылқының сағағына жұдырық симайды да. Ал, мына Құлагер құнанның сағағына
жұдырық түгіл, кішігірім баланың басы сиып кетер!.. Бұның тыныс тар-тар тамағы
да өзге жылқы баласына біткен емес. Ағызып шауып келе жатып тыныстап отыратын
жылқың осы болады».

-        Жөн сөз,- деді Таспай, тыңдауға құмарта
түсіп,- ия, сонымен?

«Шынтағы сыртына
қарай айнала біткенін көрдің бе? - дейді сыншы,- бұл да тынысты кең алдырудың
бір белгісі. Қысыңқы шынтақ шапқанда қолтықты соғып тынысты тарылтады.

-        Жөн сөз,- дейді Таспай.

-        «Азулары қабанның азуындай айқаса, көкжие
кейін қарай бітуін-ай! - дейді Киікпай Ақанға,- сарқылмайтын қайраттың белгісі
ғой, бұл!.. Қабағын көрдің бе, жұдырықтай боп түйіліп тұрған? Жайшылықта
момақансығанмен, ерегісте қандай құтырынар екен, сабаз!.. Ашуы келмей жылқы
шаппайды. Мына қабақпен егесте тұлданып кететін жылқы - бұл!»

-        Жаныма жағып барады сыны! - дейді
Таспай.

«Жүйрікті «теке
мұрын» деп мақтау бекер-- дейді Киікпай,- текенің танауы тар болады, тар танау
демді аз тартады. Бекеннен жүйрік аң жоқ. Ең кең танау соныкі. Мына Құлагер
құнанның да танауына қол сиып кетердей делдие біткенекен. Бұл да дәмді бекеннен
кем тартпас» дейді.

-        Жобасы келе жатыр! - дейді Таспай,
сыншының сезіне елтігендей, отырған орнында теңселе түсіп.

«Басына
түгелімен, қарашы! - дейді сыншы Ақанға,- кесіп алар еті жоқ, тап-тақыр және
ұшқыр үйректің басындай ұп-ұзын, сүп-сүйрік!.. Осы басын алдына қарай төсей
шапқанда, езге денесін қандай ілгері алып ұшады екен, шіркін!»

__ Пау! - деп
қойды Таспай, дауысын көтеріп.

_ Ұзақ шауып, не
алысқа жортып шаршаған жылқыны «мойны талып келген екен» дей ме? - деп сұрапты
Киікпай Ақаннан, «дейді» депті Ақан. Сонда Киікпай тәуір атты «қой мойынды»
дейтін себебі,- жұмырлана бітпей,- қалақтана біткен мойын тез талғыш келеді,
мойны талса өзге денесі де талады, мына Құлагер құнанның мойны жолбарыстай
жұмырлана біткен екен, бұндай мойынды талдыру қиын-ақ болар» дейді.

-        Түп-түгел дұрыс,- деді Таспай.

-        Сонан Киікпай Құлагер құнанның алдыңғы
жағын Ақанға көрсетіп боп: «Сен алдынан қарашы, оған!» деп қаратып алады да,
«алдыңғы жағынан қарағанда, бәксе жағы шөмигендеу емес пе, өзінің?» деп
сұрайды. «Солай сияқты» дейді Ақан. «Ендеше, арт жағынан бір көрейікші» деп
Киікпай Ақанды құнанның артына шығарады.

-        Болды қызық! - деді Таспай құмарта
түсіп.

-        Артынан қараса,- деді Мәшік,- жаясының
кеңдігі құлашқа жақын бар екен. Қысқалау жоны бәлкім күдістеу біткен екен.
Жотасының жалпақтығына кісі төсек сап жатқандай.

-        Паһ! - деп дауыстап жіберді Таспай.

-        Сонда Киікпай тұрып, Ақанға: «Қалай,
бексесі шөмиген бе екен, жоқ па екен?» дейді. «Қайдан шөмиеді? - дейді Ақан,-
шөмиген бөксе осындай бола ма?!» «Шын жүйріктің алды-арты осылай тең келеді,-
дейді Киікпай,- алдынан қарасаң арты жіңішке сияқты, артынан қарасаң алды
жіңішке сияқты. Ал көлденеңінен қарасаң алды, арты бірдей толық. Жүйрік үш
түрлі болады, бірінің алды, бірінің арты биік, енді бірінің алды-арты тең. Арты
биік, өрге шапқыш келеді, алды биік ылдиға шапқыш келеді, алды-арты тең ылди мен
өрге бірдей шабады, мына Құлагер құнан соңғысы екен».

-        Жеткізді мақтауын! - деді Таспай.

«Әңгіме мұның
тірсегінде жатыр,- дейді Киікпай Ақанға,- жүйрік жылқыны біз «бота тірсек»
дейміз ғой. Ботаның тірсегі майысып жатады ғой. Тірсегі майысқан жылқының артқы
аяқтарының серпіні екпінді келеді. Тегі жылқының алды емес, арты шабады. Ал,
мына Құлагер Құнанның тірсегі, «бота тірсек» аталып жүрген жылқылардың біреуіне
де ұқсамайды. Мұның тірсегі жолбарыстың тірсегіндей маймиып қалған. Бұның артқы
аяқтарының бір серпші, өзге жылқының екі-үш серпініне тұрады. Өзге жүйріктің
екі-үш адымы,- мұның бір-ақ адымы. Сондай серпінмен шапса ол жылқы шыдата ма?»

-        Рас-ау! - дейді Таспай.

«Жылқының өзге
мүшесінен бұрын табаны болдырады,- дейді Киікпай Ақанға,- ұзақ шапқанда
жылқынық табаны қызып кетеді. Табан қызса, аяқтарының қаруы қайтады. Мына
Құлагер құнанның тұяғын көр! Төңкеріле, бүрісе, жіліншігінің орта жеріне шейін
біткен!.. Мұнша қалың тұяқ, қанша шапса да қызбайды»...

-        Түгін тастамай сынаған екен-ау, сабаз! -
дейді Таспай,- сонымен біткен де болар.

-        Қайдан бітсін,- дейді Мәшік.

-        Тағы да несін айтыпты? - деп сұрайды
Таспай.

«Бұның құлағы
есек сияқты неге салпы біткен?» - деп

сұрайды Ақан
Киікпайдан. Сонда ол - «құлағы аумаған құландікі - деп жауап береді,- құланның
құлағының түбі бос болады. Шапқан кезде құланның құлағы, қоянның құлағы
сияқтанып, желкесіне қарай жатып қалады, сонда жел кірмейді оған».

-        Желдің шабысқа бөгет болғаны ма?-дейді
Таспай.

-        Кім білсін,- дейді Мәшік,- сыншының
сөзіне қарағанда солай болғаны да. Тегі шапқан хайуанның бәрі құлағын жымитып
алады ғой. Тік құлақтың бөгеті барлығынан болу керек, сол.

-        Мұнысына сену қиын екен! - деді Таспай,-
есек те салпаң құлақ емес пе? Бірақ, ол жүйрік емес қой?

Білетіндер есекті
құланның азғыны деседі. Оның шабысы қандай екені «азғын» деген атынан да
көрініп тұрған жоқ па?

-        Есегі құрысын,- деді Таспай,- аузымызға
қайдан түсіп кетті кәпір! Құлагер кеңесін бөліп әкетті ғой. Ия, сонымен,
Киікпай тағы да не айтыпты?

-        «Жал-құйрығы неге жоқ?» деп сұрайды Ақан
Киікпайдан. Сонда ол: «Мұның жал-құйрығы жылқыға емес, құланға тартқан.
Құланның да жал-құйрығы осындай ғана болады» депті. «Неге?» деп сұраса, «құлан
жылқы заттас хайуан болғанмен,- депті Киікпай,- семіргенде майын жылқыдай
қазысы мен қартасына, не жалына жинамайды. Оның майы етіне араласа бітеді,
еттен бөлек туырылған май құланда болмайды. Жалғыз құлан емес, аң атаулының
бәрі де майды солай жинайды. Олардың қашусыз, қуусыз күні бар ма? Еттен басқа
май олардың шабысна бөгет жасайтын болу керек, сондықтан қазы, жал сияқты қалың
майды денесіне бітірмеу керек. Аса бір жұқпалы болмаса, тегі арықтап елетін аң
болмайды ғой. Қандай арық аңды атып алсаң да, етіндегі жылтырарынан
айырылмайды, арық малдың етіндей көкежасық болмайды...»

-        Құлагердің жал-құйрығы ту'ралы кеңесін
айт! - дейді Таспай, аңдар туралы кеңесті тыңдағысы келмегендей.

-        «Жалдың қылы астыңғы майына өседі,
жалында май жоқ құланның желкесіне қыл қайдан бітсін! - дейді сыншы.

-        Қысқасынан қайыр, ендігі сөзді,- деді
Таспай,- сонымен, сол Құлагер құнанды Ақан алып па, нағашысынан?

-        Әрине, алады,- деді Мәшік,- әлгіндей
мақтаған жылқыны алмай жынды деймісің, ол.

-        Бәсе!..

«Бірақ,- депті Ақан
Киікпайға - түбінде тұлпар шығатын құнан болғанмен, осынша көрікті аттардың ішінен,
осы сияқты жалба-жұлба құнанды «алған атым осы» деп ауылға апару ұят-ау!»

-        Рас-ау,- деді Таспай күліп,- со құнанды
апарса. ауылының мазақ қылатыны рас қой. Киікпай не депті сонда?

-        Киікпай Ақанға: «Құнанды мен үйіме алып
кетейін де, жаздай күтейін, қара-кемік боп қалған құнан екен. Тегі, кедейдің
құнаны болу керек, әйтпесе жастайынан осылай ғып үйрете ме?» дейді. «Көрерсің,-
дейді тағы да ол,- нағашың бұл құнанды білмей әкеле жатқан жоқ, онық не өзі
сыншы, не қасында сыншысы бар, тұлпар боларын біліп әкеле жатыр, әйтпесе,
мұндай тыртиған құнан оған неге керек?» «Егер олай әкеле жатса,- дейді Киікпай,-
бұл құнанды саған бермеймін деуі мүмкін, олай десе, Құнанды көзінен жытыру
керек. Бұл құнаннан өлмей айырылмау керек. Мұндай жылқы баласы туғанын көрген
де емеспіз, тумайды да, Бағыңа кез келді». Соны айтады да, Киікпай құнанды
үйіне жетектеп алып кетеді. Ақан ауылына қайтады.

Нағашысы не
дейді?

Жиені құнаныңды
алатын болдым деп барғанда, нағашысы: «Апырмай, жиенай, сыншы ма едің?!» депгі.
ағашысына құнанның тұлпар боларын білдіргісі келмеген

Ақан: «Жай ала
салдым» десе, нағашысы шынын айтқызыпты. Ақан шынын айтқаннан кейін нағашысы:
«Меңің сыншым да сенің сыншың айтқан сөзді айтып еді. Орыстан сатып алып ем,
кедей орыс екен, арзанға сатып еді. Өзге аттан онын алсақ да бұлай қынжылмас
ем, өзіме қисақ қайтеді?» деп жалынады. Ақан: «Осыдан басқаны алмаймын» деп
отырып алады. Сөздің арты дауға соғып, нағашысы: «Мені ренжіттің, игілігіңе
мінбессің» деп назаланып аттанады.

-        Сілесі қатты ит болмағай да! -деді
Таспай.

-        Содан ба, әлде қазасы жеті ме,- әйтеуір
Құлагер Ақанға ұзақ құтаймады ғой,- деді Мәшік.- Тұлпар болуын болды ғой,
жануар! Ертегіде айтылатын тұлпарды керген жоқпыз, бұл заманның тұлпары осы
Құлагер еді ғой.

-        Мен кәрген емен, сол Құлагерді, сен көрдіқ
бе? - деп сұрады Таспай.

-        Көрдім,- деді Мәшік,- біздіқ аранық «жел
жет-пес» атанған жүйріктері: Қисықтың көк шолағы мен Дәуітбайдың құласы еді
ғой?

-        Оларды көрдік қой. Рас жүйрік жылқылар
еді ғой, олар!

-        Жансары Уақта ертеде бір той боп, Қисық
көк шолағын апарды. Мен де бардым, Ақан серінің Құлагері де келген екен. Сонда
ерегіс боп, бәйге аттарын алыстан айдатты. Сол жолы, Құлагер Көкшолақтың
алдында, биенің бір сауымы бұрын келді!..

-        Мынау жылқы емес, құс шығар! - деді
Таспай.

-        Сол шабыстан танбады ғой жануар,-- деді
Мәшік,- ақырда жұрт оның бәйгесін шаппай беретін болды ғой!.. Со Құлагердің
қалай өлгенін білемісің?

-        Білмеймін.

-        Мен осы оқиғанық ішінде болған кісініқ
аузынан естідім.

-        Кім ол?

-        Ақмола мен Көкшетаудық арасында қалың кұрсары
керей бар ғой. Пақ Тұрмағамбет деген бар, сонда.

-        Естігем.

-        О бір жыл Торсанмен Омбыға барсам, Пақ
да келген екен. Бірінші көруім еді: кескіні көрікті емес, бірақ мейлінше
тәкаппар, ілуде біреу болмаса үстіне батып кіре алмайды, сәлем бере
барғандардық көбіне, қолдық орнына аяғын ұсынады!..

-        Кекір екен-ау, шіркін!..

-        Кұлагер сол Нұрмағамбеттің әкесі -
Сағынайдың асында елтірілген екен ғой.

- Ия, қалай?

Ол бір айта
қалғандай ас бопты ғой. Сағынай өлгенде он екі мың жылқы, жиырма мың қой қалған
екен дейді. Нұрмағамбет жалғыз екен. Сағынай өлерде баласына: «Маған ас бергенде
он жылқыдан бір семіз бие шығар, ои қойдан бір семіз тұсақ шығар. Асқа бір шеті
- Торғай, Ырғызға, бір шеті - Аягөз, Карқаралыға, бір шеті-;Кереку, Баянға, бір
шеті - Көкшетау, Қызылжарға сауын айт» деп өсиет қыпты.

-        Не деген көп жер! - деді Таспай.

- Асқа екі мың
бие, он мың қой сойылған, мың үй тігілген.

-        Туһ!..

-        Асы бола берсін, Құлагер жайын
айтайын!..

-        Ия, сейт!..

-        Асқа кеп ат жиналады. Кебі атақты
жүйріктер. Бәрінің де озғысы келеді. Ол үшін, күш сынасуға алыстан шабу керек.

. - Әрине.
Жақыннан аттың күші сынала қоймайды ғой.

-        Сонымен, сейлесе келе, иелері атты елу
шақырымнан айдайтын болды.

-        Шырқаған екен!..

-        Сол асқа Сармантай - Мұрат жақтан,
Батыраш, Қотыраш деген ағайынды екі кісінің бәйге бермей жүрген қос бозы да
келеді. Олар да сыншысын ерте жүреді. Сол кезі шыққырлар Құлагерді көріпті де,
Батыраш пен Қотырашқа: «Құлагер құстан басқаны оздырмайды, аттарыңды бұл
бәйгеге қоспаңдар» депті.

-        Олар не депті сонда?- деді Таспай.

-        Аттарын жібермеуге қорланады. Жіберейін
десе, сыншының сөзі анау!.. Не істеу керек?

-        Рас-ау!..

-        Батыраш пен Қотыраш қаныпезер иттер
болса керек. Аттарын бәйгеге қосады да, Құлагерді өлтірмек болады.

- Қалай?! -деді
Таспай.

-        Бәйгенің жолында езен бар екен. Бойына
қалың тал еседі екен. Өзен жаздыгүні құрғап қалады екен. Бәйге аттары қалың
талды жарып етеді екен. Аттар шабатын жеріне түнде айдалған да, Багыраш пен
Қотыраш елінің

бар жүйрік
аттарын жннап, қарулы жігіттерді міқгізіп, қолдарына бір-бір шоқпарды береді
де, әлгі қалық талдық ішінде Құлагерді тостырады.

-        Бара жатқанда ма?

-        Жоқ, қайтарда.

Одан арғы кеңесті
тыңдауға құлағы ауыратындай, Таспай бетін жиырып, тітіркенген кескін білдірді.
Мәшік те қабағын шытып ап, кеңесіне кірісті.

-        Сонан аттар шабатын жеріне барсын...
Аздап тыныстасын... Сонан кейін жіберілсін!..

-        Япырай!..

-        Құлагер жануардың бір өзгешелігі: шыға
тартқанда алдына ат түсірмейді екен де, содан қайтып арттағы аттарға қарасын
шалдырмайды екен... Со бетімен ол кете барсын!..

-        Жануар-ай!..

-        Оның әдеті: әбден бүйірі қызып алған
кезде, шауып келе жатып кісінейді екен. Сонда үстіндегі бала тізгінінің түйінін
ердің қасындағы шотаяқ темірге іле қойып, өзі қастың екі қанатындағы тұтқа
қайыстан ұстай қояды екен, әйтпесе аттың екпініне шыдамай ұшып кетеді екен.

-        Ойпыр-о-о-ой, не деген шабыс еді!..

-        Жаңағы бәйгеде шапқан Құлагер қызған
кезде дағдысымен кісінейді, бала да дағдысымен тізгінді ердіқ қасына іліп, өзі
тұтқадан ұстайды. Ат жұлдыздай аға жөнеледі!..

-        Садағаң кетейін-ай! - деп жіберді
Таспай.- Анау арам ниеттілер сондай жылқыны да қиып өлтірді ме екен?

-Өлтірмеуге амалы
қанша?- деп Мәшік көңілі босаған қалып көрсетті де,- сонымен қысқасы,- деді
сөзін бөлшектеп сөйлеп,- терге балқып келе жатқан атқа тық атпен ақдып
тұрғандар қосыла кетіп, ұрады да жығады... Түйдегімен кеп ұрған шоқпардан аттық
белі үзіліп кетеді...

Таспайдың көзінен
жас шығып кетті. Әңгімені қызық көріп тыңдап отырған менің балалық сезімім
ауырлай қалды...

-        Атының құнын ала алған ба?- деді Таспай,
аз уақыт тұнжырап отырып.

-        Қайдан алады?-деді Мәшік күрсініп ап,-
бай кісі теңдік бере ме? Батыраш пен Қотыраш бір рудық белді байлары, ал, Ақан,
Сағынайдық асына барғаны болмаса,- беделсіз кедей. Оның сөзін ешкім де тыңдамаған...

Өлген атының
басын құшақтап бірнеше күн жылаған да, теңдікке  қолы жетпеуін көрген соң, атынын, басын ғана
кесіп ап қоржынына салып, өзге денесін көмген де, еліне

қайтқан...

-        Басын неге кесіп алған?- деймін мен.

- Үйіне апарып,
керегесіне сүйегін іліп қою

үшін.

-        Ақанның керегесінде ілулі тұрған сол қу
басты мен көрдім»- дейді Мәшік. (Ол басты 1921 жылы, Ақаннық тіл-құлақсыз
мылқау баласының үйінде мен де көрдім... Кереме ұзын бас екен!.. Азулары
шынында саусақтай екен!.. Өзге тістері де дағдылы жылқынікінен әлдеқайда сом
және ұзын!.. қу сүйектің басқа сынын әрине біліп бол-майды).

-        Атақты «Құлагер» әнін Ақан осыған
шығарған ғой,- деді Мәшік, біраз кідіргеннен кейін,- өзініқ айтқанын естідім.
Көзінен жасы шұбырып отырып айтады екен... Тыңдауға ауыр екен!..

-        Енді қалай?!-деді Таспай ауыр күрсініп,--қайта
жынданып кетпеген сол күйіктен!

-        Жынданбағанына қара жер!-деді Мәшік,-
содан кейін жұрттан бөлек жайылады... Ел жайлауға кеткенде, есіз қорада жалғыз
үй қалады.

-        Сонда не істейді?- дейді Таспай.

-        Кұс салады: жаз - лашын мен қаршыға, ал
қыс - бүркіт.

-        Бұл да көңіл аулайтын кәсіп қой,- дейді
Таспай.

-        Әрине,- дейді Мәшік,- бірақ, «жұт жеті
ағайынды» дегендей, бұл кәсіпте де ол бір үлкен қайғыға ұшырайды.

-        Қандай?- дейді Таспай елеңдеп.

-        Ақанның қолына бір тамаша лашын түседі.
Керемет алғыр болады ол лашын. Үйрек, қаз түгіл, дуадақ пен аққуға да түседі...
Ақан онық атын Көкжендет қояды...

-        Қырғын болған соң қойғаны да.

-        Әрине... Со Көкжендеттен ол тағы да
айрылады...

- Қалай?! -дейміз
біз үрейленіп.

-        Көкжендетін ұстап алысқа да кетіп жүреді...
Бір сапарында ол Қараөткел  жағына
барады. Қараөткел тұсында екі езен - Есіл, Нұра жақындап кеп шалқаяды, арасы
он, он бес шақырымдай ғана, тұрғын ел бұл кезеңді

Ақмола қаласын
«Қараөткел» деп те атайды.

Қозыкөш дейді. Ақан
Лашынын осы Қозыкөште жоғалтады...

-        Неғып?..

-        Қозыкөштің бойында құс отыратын баттауық
саздар, қарасулар көп болады екен. Бұл маңдағы қаршығашы мен лашыншылар сонда
жүреді екен. Солардың біреуі, Ақанның қапысын тауып, іңір арасында Көкжендетті
қағып әкетсе керек!.. Тағы Ақан жалғыз!.. Тағы алыс ел!.. Ақан тағы да теңдік
көрмейді, лашынын таба алмайды!..

-        Қап!..

-        Қайғылы Ақан, атақты «Көкжендет» әнін
шығарады...

-        Қандай ән еді, сол?- дейді Таспай,
естігісі келген бейне кәрсетіп...

-        Естіп ем,- дейді Мәшік,- бірақ ұққан жоқ
ем...

-        Біздің ауылдағы Жұбандықтың Көсені
айтатын еді,- деймін мен.

-        Ұғып па ең?-дейді Мәшік пен Таспай.

-        Шала-шарпы...

-        Кәне, айтып көрші...

--- Мен айта
бастаймын (шырқай басталып, ортасы баяулап кеп, аяғы тағы көтерілетін бұл әннің
сөзі:

«Көкжендет,
тұғырын, алтын, маржан баулы, Ағаш үйде тұрушы ең асыраулы. Күніне жетпіс
үйрек, жүз қаз алған Болмайды Көкжендеттей мұндар шэулі»,-

деп басталады.

-        Шіркін, алғыр екен-ау! - дейді Таспай.

-        Бір күнгі алған құсының мамығы қанша
болатыны да айтылатын еді ғой, соны білесің бе, бала?- дейді Мәшік.

-        Білем:

«Көкжендет, қазға
салып бауыңды аштық, Бір күн алған құсыңды он күн астық, Солардың мамықтарын
жиған шақта, Болып ед бір құс төсек, он құс жастың!..»

-        Дәл осылай! -дейді Мәшік.

-        Әні де зарлы екен! - дейді Таспай.- Тағы
бір ауызын айтшы, бала!..

«Сусылдап сұқсыр
үйрек ұшар кешке, Көкжендетім түседі сонда еске.

Айрылып Көкжендеттен
қалған шақта, Созылып әрең жеттім Қозыкөшке!..»

_ Сонан ол үйіне
қайтады да,- дейді Мәшік, бұл.

кеңесті бітіргісі
келген кескінмен,- енді қайтып ешқайда шықпай, ешбір кәсіп істемей жатады да
қояды,- ермегі - зарлы әндер...

-        Пері қызын алыпты деген сөз бар ғой,-
дейді Таспай,- осы қайғының салдары екен ғой, сол!

-        Кім білсін!.. Содан кейін, жан адамды
жолатпай, кісі киік боп алыпты ғой, өзі... Пері қызын алды дегенді
Атығай-Қарауыл сенімді сөз ғып айтады...

-        Осы жолы көрер ме екенбіз, сол Ақанды?

-        Кім білсін. Көруге тырысармыз.

Біз Ақан серіні
кешікпей көрдік.

Сырымбетке
жақындай менің серіктерім екіге бөлінді: Бір пар аттағы Шери мен Ботпай «хан
ордасына барамыз» деп жөнелді, бір пар аттағы Мәшік пен Таспай Ақан серіге
соғамыз десті.

Ақан серінің
ауылына жеткенше, Мәшік пен Таспайдың кеңесі сол туралы ғана болды.

-        Білетіндердің айтуынша,- деді Мәшік,-
Ақан серінің енді көп жасайтын да жайы қалмаған көрінеді. Аруағы көтерілген
адам, көре кетейік, бұдан соң көреміз бе, жоқ па?

-        Сен айтқан соқ амалсыз келем,- деді
Таспай, Мәшікке,- әйтпесе ел-жұртынан бөлініп, есіз қыстауда жал-ғыз қалған
жындыға не деп барамыз? Перініқ қызын алып-ты дегенді жолшыбайғы елдің бәрі
айтып отыр. Сонысы рас та ғой деймін, әйтпесе, түнде түнеу түгіл, күндіз
серіксіз баруға қорқатын иесіз қорада неге мекендеп қалады? Қыстау қасындағы
көлдің жағасына қоғажайдан күрке жасап отыр дейді, жұрт. Сол күркенің маңқайы,
құдай біледі, жын-шайтанның ойнағы шығар. Біле тұра жынның ойнағына өлмей
баратын емес ем, сөзіңді қимай келем!..

-        Барамыз ден ат басын бұрған соқ, несіне
қайталай, бір сөзіңді?-деп Мәшік ұнатпап еді:

"Қайталауым,-
деді Таспай. Біз оның ез күркесіне тура бармай, со маңайдағы Дәулеткерей төренің
үйіне түсіп те, Ақанды сонда шақыртып алдырайық.

Егер оған келсе!
- деді Мәшік.

-        Келеді,- деді Таспай,- Дәулеткереймен
дос деген.

-        Егер келе қалса,- деді Мәшік, мені
нұсқап,- біздің мына баланың аузына түкіртіп алу керек. Осы да өлеңге құмартып
жүр гой. Нұртазаның айтуынша, атасы Шүкей ақын болғанға ұқсайды. Ақындықтың да
аруағы болады деседі. Ақан серіден бата алса, бұл да ақын боп кетуі мүмкін.

-        Қайдам,- деді, «осының өзі әуейі» деп
мені ұнатпай жүретін Таспай,-ақындығын ұстамай, жындылығын ұстап жүрмесе!..

Олардың кеңесін
тыңдай отырып, Ақан серіні көруге мен бұрынғыдан да артық құмарта түсем. Менің
қазіргі құмартуым шектен шыққан сияқты... Мен оған ғашық сияқтымын!..

Өйтпегенде ше?..
Қабамбайдың Ғабдолынан бастап менің Ақан сері туралы естіген аңыздарымды түгел
жазса, қалыңдығы табан қарыс кітап болар еді!.. Әсіресе әндері туралы аңыздар!..
Расы ма, әлде атағы бар кісіғе жапсыра бере ме,- «Сырымбет», «Алтыбасар»,
«Құлагер» «Көк-жендет» сияқты, Ақан серінің шығаруы даусыз әндерден басқа да
талай әндер елде «Ақан серінікі» боп жүреді...

Әнге әуестенген
күнімнен бастап, әсеріне құмартқан Ақан серіні көруге мен, әрине құмартам, ол
маған, меніқ бұл күнге шейін көрген адамымнық бәрінен де өзгеше боп елестейді.
Мен қиялымда онық келбетінің, тұлғасының суретін жасаймын... Суретте Ақан сері
маған адамға емес, кітаптан, не ертегіден ұққан періге, не періштеге ұқсайды...

Бізді жарқын
жүзбен қарсы алып, бір қойын сойған Дәулеткерейге, Мәшік Ақан серіні шақырту
туралы өтініш айтты.

-        Құп болады,- деді де, ол бір жігітін
салт атпен жұмсады, неге шақырғанын айтып хат жазды.

-        «Бүгін бара алмаспын» деді,- деп келді
жіберген жігіт,- «уақытым болса, ертең таңертең барармын. Бара алмасам
өкпелемесін» деді. Мәшік:

-        Тағы да кісі жіберсең қайтеді?-деп еді:

-        Енді шақыртсақ шамдандырып аламыз,- деді
Дәулеткерей. Бір қиқайса түзелмейді, ол. Өз ықласы түспесе, сүйреп әкеле
алмайсық!

Дәулеткерей - көңілді
адам екен. Өзі сырнайшы. Қоқырлатып елең де айтады. Кеңесінің кәбі ақшылық: ит жүгірту,
құс салу туралы. Маған оның біреуі де қызық көрінген жоқ. Менің есі дертім -
Ақанды көру. Егер оған жолыға алмасам, көңілімде зор арман кететін тәрізді...

Дәулеткерей үйі
өте кеш жатты. Менің түсіме түні бойы әлдене жаман нәрселер кіріп, шошып ояна
бердім: біресе шайтан, біресе жын, біресе Ақанның пері әйелі...

-        Ақанның аруағы торып жүр, мұны,- деді,
менің шошуымнан ояна берген Мәшік.

- Мүмкін,- деді
Дәулеткерей. Олай дейтіні: іңірде мен «Қамбар батыр» жырын және білетін бірнеше
әндерімді айтып бергем, оныма Дәулеткерей риза болған.

Түнде елегізіп
жатып, ұйқыға таң атқан соң ғана кіріскендіктен, ұзағырақ жатып қаппын. Егер
сол үйдің менімен шамалас баласы мұрныма шөп жүгіртпесе, одан да кеш оянатын
түрім бар екен. Жүгірткен шөптен мұрнымды уқалай атып түре келсем, күн
сәскелікке барып, күлдіреуіштен қарап қапты... Қазқатар салынған төсектерде
менен басқа жатқан жан жоқ. Далаға шықсам бір топ адам көлдің жағасында отыр.
Серіктерім де сонда көрінеді. Мен қастарына барсам, олар әлденеменені айтып
күлісіп отыр екен. Біраздан кейін:

-        Әне, келе жатыр Ақан! - деді Дәулеткерей
көлді ықтай біткен қалың талды қолымен нұсқап, одырая қарап.

Өзгелері де сол
жаққа көздерін тіге қалысты. Жүремнен отыра ғап мен де қадала қарай қалдым...
Қалың талдың арасынан салтты адам шыға берді. Аты - қылаң түсті. Беті -
Дәулеткерейдің үйі.

Көл жағасында
отырғандар әре түре келісті. Қуаныш па, қорқыныш па, менің тұла бойым дірілдеп
кетті. Тегі қорықтым ғой деймін, өйткені ауылға беттеген топтың, мен ығын
паналай жүрдім...

Салт адам
Дәулеткерейдің үйіне біздің топтан бұрын жетіп атынан түсті де, әлдекім атын
байлауға әкеткенде, бізді тосқауылдаған бейне көрсетіп, орнында тұрьіп қалды.
Қасына барған топпен ол сәлемдесіп амандаса бастады.

Оның маған
қаншалық әсер беруін баяндаудан бұрын, көз алдымда қалған елесін сипаттайын:
орта бойлы, жауырындылау келген ашаң денелі, сопақтау аққұба кескінді әжімі
қатпарланған кең маңдайлы, жіңішкелеу қасты, қоңқақтау мұрынды, кішірек көзді,
сақалынан басқа жерін ұстарамен басқан, сұйықтау қара буырыл мұртты, тұтамдай
ғана қара буырыл шоқша сақалды, жүқа ерінді, сүйірлеу иекті, ұзын мойынды, ұзын
нәзік саусақты адам сияқты еді...

Киімдерінен
қалған елес: түгі қырқылып ұйпаланған, сарғылт барқытпен тыстаған дөңгелек
құндыз бөрік, оның төбесінде, ұлпасы бітіп қауырсыны ғана қалған үкі...
мой-нына, тозығы жетіп ені ыдырай бастаған, түсі сарғайың-қыраған ақ жібек
шәріп... сыртында көнетоз түйе жүн шекпен, оның өңірі мен етегіне айнала
жіңішкелеу ғып ұстаған құндыздың түгі де тақырланып, көп жерінде жалаң терісі
ғана қалған, шекпенді астарлаған қарала батсайы да ыдыраған... Байпақты, қонышы
биік етігі де ескіріп, жұлығына жамау кірген... тозық шалбарының кестелері
түтеленген, тұла бойындағы киімдерінде жаңалау көрінетін жалғыз бұйым,- күміс
зермен шашақталған, ұшын тізесіне салбырата байлаған, шалбарының батсайы бауы
ғана.

Ерте кезде,
саятшы Ораздың үйінде қанат-құйрығы, тұяғы тозған, үсті-басы түтелген, ұшудан
қалған кәрі тұйғынды көріп ем, Ақанның тұр-тұлғасы маған аумаған сол
сияқтанады...

Коршаған көпшілікпен
ол өте сыпайы, жұмсақ дауыспен амандасты...

Менің балалық
сезіміме бұл Ақан, қиялымда жүрген сұлу тұлғалы, көркем кескінді, әдемі киімді
Ақан емес, соның елесі, не мазағы сияқтанады. Бұл Ақанды мен іштей
«менсінбедім», «Ақан» деуге аядым, қиялдағы Ақанды бұл Ақан деуге қимадым...

Сонда да көпшілікпен
бірге, менің көзім де Ақанда. Үйге кіріп оны ортаға ала отырғаннан кейін жұрт
көзін айырмай, сонымен ғана кеңесті.

«Кеңес» дегенде,
жүйелі әңгіме Ақанда да, өзгеде де болған жоқ. Ақанға телміре қарап отырған
топтан біреуі әлденені сұраса, Ақан қысқа ғана жауап береді... Ол «кеңес»
сонымен бітіп, тағы да біраз аңырысып үнсіз отырады да, тағы бір сұрау туады...
Оның жауабы да бұрынғылардай тым қысқа және қызғылықсыз болады...

Сұраудың кебін
Мәшік беріп отырды. Қоңыр үнмен ақырын ғана сөйлейтін Мәшіктің жай сөзі де,
сұрау, жауабы да орнықты келетіні маған, мәлім. Оның әзіл-оспағы да майда,
жұмсақ келеді... Күлгенде де ол қарқылдамай, дьібысын әлсіз шығарып, денесін
ғана солқылдатады.

Осы маймаңдауын
ол Ақанға да қолданып, өзгеден гөрі кеңеске кебірек тартып отырды да, шайдан
кейін, шақыртушы өзі екенін, ол үшін кешірім сұрайтынын, шақыруына

себеп, нелер
болғанын жұқалап сыпайы сөздермен баяндай кеп, сөзінің аяғын «лебіз шығаруға»
тіреді. Көпшілік Мәшіктің сөзін мақұлдап дуылдай бастағанда, төсек-ағашқа
сүйеулі тұрған бапты домбырасын Дәулеткерей алды да.

_ Сері, мені
емес, сені іздеп кеп отыр, мына қонақтар; баяғы күйің жоғын кім білмейді сенің,
сонда да, хал-қадарыңша айтып көр! -деп қолына ұстатты.

-        Тастаған шіркін еді, бұл,- деді Ақан,-
дауыста да не бап бар дейсің. Көңілдеріңіз қалмасын, шама келсе айтып көрейін.

-        Бәрекелді!.. Рахмет!..- десті жұрт.

Ақан домбыраны
қожырлау бұрап ап, әуелі ыңырсып үн қосып көрді де, дауысы домбыра дауысына
үйлесетінін кергеннен кейін, тамағын кенеңкіреп алып:

- Мынау біздің
«Дауыс ашар» дегеніміз болушы еді! - деп, қоңырлау бір әдемі әнді айтты және
өте нақыштап, сұлу ғып айтып берді. Бұл әннің тұсында тек Мәшік қана:

-        Шіркін тарланай, жүрісіңнен танған жоқ
екенсің-ау! - деп бір рет қана сөз қосты да, одан кейін, әннің әдемі
көтерілетін және қайырылатын тұстарында, ақырын ғана дауыспен «пау!» деп
көтермеші болды. Әннің бір ауызын аяқтағаннан кейін:

-        Қазіргі бозбала ән айтамыз дейді,- деді
Мәшік, ән бе, солардыкі!.. Қайран Ақан-ай, саған біткен өңеш, басқа біреуге
бітер ме екен, жоқ па екен!...

Ақанның домбыраны
тағы да аздап күйлегенін көргеннен кейін:

-        «Құлагерді!»- деп ду ете қалды жұрт.

Ақан домбыраның
шегін аздап қатайтыққырап алып, көтеріңкі дауыспен, «Құлагер» - деп бастай
жөнелді... Ол:

«Құлагер жас
кезінен керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Түбінен Ерейменнің айдағанда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді»,

деп бастап, бұл
бір ауыз елеңді әнімен дұп-дұрыс айтты. Тыңдаушылар зор құрметпен қарсы алды.
Одан кейін:

Жел соқса қамыс басы
майда деймін, Ат қостым, айдашылар айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай қылаң
болды, Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?

-        деген «ауызды» айтқанда, бет-аузына
қайғы бұлты оралғандай құбыла бастады... Одан кейін:

«Құлагер жаз
жайладым, күз...»

-        дей берді де, жыламсыраған дауыспен,
Құлагердің ел-ген жерін айтқанда, «жұлдым да сақал, шашты ойбайладым!» деп өкси
жылап қоя берді... Ақанның кескіні со кезде құйын үрлеген судың бетіндей
ойран-ботқа боп, екі көзінен жас шұбыра женелді... Ол домбырасын қасына сүйей
салды да, талықсығандай қисайып жата кетті... Дәулеткерей оны құшатқтай алды
да, біреуге: «Жастық әпер» дегендей ымдады. Әперген жастыққа қисайтқан кезде,
Ақан қалғып кеткен адамның бейнесін көрсетті. Біреулер: «Су бүріксе қайтеді?»
деп еді. «Керегі жоқ» дегендей Дәулеткерей басын шайқады да, көпшілікке тысқа
шығайық деген ым көрсетті.

-- «Құлагерді»
айтқызбайық дегенде болмадықыздар,- деді Дәулеткерей тысқа шыға,- оның дертінің
иесі осы ән «Құлагерді» айттырдық,- бүлдірдік, оны!.. Енді ол екі-үш күнге шейін
басын да көтермейді, сөйлеспейді де...

Одан кейін, мен
Ақан серіні көрген жоқпын. Естуімше, со жылдың аяғында ол қайтыс болған.

Кейін, естияр
болған күндерде, мен «Ақан серінікі» деген өлеңдермен де, әндермен де біраз
шұғылдандым.

Ол, әрине, ақын
адам. Әлеуметтік тақырыпқа жазған оның өлеқдері бірен-саран ғана. Бұл өлеңдерінде
Ақан, өз тұсындағы қанаушы тап пен оның үкіметіне қарсы. «Ақандікі» деген өлеңніқ
көпшілігі махаббатқа арналған, оның көпшілігі әнге арналған өлеңдер. Жалпы
стилін алғанда ол - эстет ақын. Ақанның әнге арнамаған өлеңдеріне араб пен
фарсы сөздері көп араласып, ол тілдерді білмеген қазаққа түсініксіз болады. Көп
өлеңдерінде ол аллитрация мен ассонансты жиі қолданады. «Етегін ақ көйлектің»
деп немесе «Белгісі жүйрік аттың» деп басталатын онық ұзақ өлеңдерінің әр
шумағы осы сөздермен басталады да отырады...

«Ақаннан қалды»
деген өлеңдер кеп емес, жалпы саны мың жарым жолдай ғана. Олардың ешқайсысы
советтік дәуірге дейін басылмаған. Советтік дәуірде (20-30 жылдары) ол өлеңдерді
байшыл-ұлтшылдар жинап бастырып, Ақанды ез адамдары ғып керсету мақсатымен,
пан-исламдық, пан-түрік сияқты, өз идеяларын да араластырып жіберді.

Кейін, Ақанды
көрген және жақсы білетін адамдардың айтуынша, ұлтшылдар жамаған идеяның онда
өзі түгіл ұшқыны да болмаған. Ол саясатпен шұғылданбаған. Қанаушы тапқа қарсы
тұруға, оны өмірдің езі шақырған: үстем тап сүйген қызынан айырған, сүйген атын
өлтірген, сүйген құсын тартып алған. Саяси сауаты жоқ Ақан, бұл қорлыққа және еңбекші
көпшілік көріп отырған қорлыққа ұйымдасып қарсы тұруды білмейді, жеке қарсылығы
іске аспайды, сондықтан ол үмітсіздікке түсіп, қоғам өмірінен өзін алып қашады,
одан кейінгі өмірін оңашада ән-күй шығаруға ғана арнайды, сондағы айтары -
заманының және өз қара басынық мұң мен зары...

Ақан өлеңдерімен
қазақ әдебиетіне ауа райын жасаған кісі емес, ал, ән жағын алғанда, ол
революциядан бұрынғы қазақ музыкасының ірі классиктерінің бірі. Оның атына
байланысты (расы да солай) жиырма шақты әннің бәрі де аса көркем саналады,
халық ол әндерді күні бүгінге дейін аса сүйсініп тыңдайды... Ол шығарған
әндердің бірта-лайында өзекті зор сюжет бар, олардың әрқайсысы бір-бір драмалы
немесе трагедиялы пьеса...