ВЕРНУТЬСЯ

   

 
          Күз затон тарай
мен Құтырлағанда қалып қойдым. Іздеп кеп менің еңбекақымды алған жездем
Болатбай ауылға алып қайтайын деп еді, менің қайтқым келмеді. Мен Токарев
Шодырдың (Федорды қазақтар Шодыр дейді) үйіне жалшылыққа тұрдым. Алты айлық
қысқа алатын ақым - елу сом. Оның үстіне түп-түгел қыс киімдерін береді.

Шодырдың үйінде
мен жүре бастадым. Жәмпейістің айтқаны расқа келді. Бұл үйде жалшылықта тұру,
біздің Нұртазаның үйіне жалшылыққа тұру емес екендігін кезбен кердім.
Нұртазаның үйі жалшыларына қай-қайдағы ездері киюге жарамай қалған
ескі-құсқыларын беруші еді. Шодыр мені беріктен, тоннан, пимадан бастап
түп-түгел қара дүрсін болса да, жаңадан киіндірді. Нұртазаның үйі жалшыларға
асты өз семьясынан бөлек беруші еді, және оларға астың қалған-құтқаны, не құнсыздауы
тиюші еді. Шодырдың үйінде астан қағажау көру жоқ. Тек қана, өздері кебінесе,
шошқа етін жейтін бұл үйдің адамдары, маған деген сиыр-дың, қойдың не құстың
етін бөлек шегенге қайнаттырады да, дәмді піскен етті ыдысқа сорпасымен белек
құйып береді. Нан дегенді қанша жесең ықтиярың. Орыстың калашы қандай тәтті
болады. Со калашты майлы сорпаға батырып жесең, аузыңнан дәмі кетпейді.

Нұртазаның
жалшьіларына ертеден қара кешке шейін дамыл болмайды. Демалыс дегенді олар
білмейді. Ал, Шодыр жұмысты күшің келгенше істетеді де, шаршағанда тынықтырады
және жұмасына бір күн демалыс береді. Нұртазаның жалшыларында төсек орын деген
болмаушы еді. Оіарға тозығы жеткен көрпе сияқты шоқныт бірдемелерді беріп,
жалшылары ұйықтағанда соның арасына қисая кетуші еді. Шодыр мені флигеліне жатқызғанмен,
астыма ағаш кровать, асты-үстіне таза, бүтін көрпе, басыма жастық

Берді.

Шодырдың
қорасының ішінде моншасы бар иесі моншаға мен жұма сайын шомылам да,
киімдерімді ауыстырып тұрам. Параша дейтін Шодырдың кухаркасы мені менсінгісі
келмей, киімімді жумаймын десе, Шодырдың жуан әйелі оған ұрсып тұрып жуғызады.
Менің моншаға түскен-түскегенімді Шодырдың өзі тексеріп жүреді.

Шодыр - о кезде
буырыл сақалды орыс. Өзі сөйлесерлік дәрежеде қазақша біледі. Оның әйелі Полина
да беті әжімденіп қалған қартаң кісі. Бірақ денесі ебедейсіз өте жуан, жүргенде
ыңқылдап аяқтарын әрең басады. Отырыс, тұрысы қиын.

Шодырдың ержеткен
төрт баласы болады екен. Біреуі қолында, әзгелерінің еншісі басқа екен. Бәрі де
үйленген. Солдатқа оның қолындағы баласы және еншісі бөлек екі баласы кеткен. Қолындағы
келінінің аты -Марфуша. Бұл -денелі де, көркем де жас әйел. Үй шаруасының
міндеті осы Марфуша екеуміздің мойнымызда.

Бұл үйде он шақты
жұмыс аты бар. Он пардай атан өгіз бар. Қырық-елу қой, ешкі бар. Үлкені, кішісі
аралас жиырма шақты шошқа бар. Жиырмаға тарта қаз бар. Он бес, жиырмадай үйрек
бар. Қырық-елудей тауық бар. Шошқаларды Параша күтеді. Құстарды Полина күтеді.
Малдарды күтудің міндеті Марфуша мен менің мойнымда.

Казак-орыстар
үйдегі малдың шәбін даладан тасып жейді. Қораға шеп үймейді. Далада үюлі тұрған
маяларға Марфуша екеуміз кейде үш, кейде төрт пар атпен кетеміз де, шананы
бастырықпен байлап шөпті алып келеміз, сонда бізге жәрдемдесетін адам - Бопан.

Оқушыларға Бопанды
таныстыра кетейін. Бүл - шоқынған қазақ жігіт. Шыққан тегін сұрастырсам,
өзіміздің жаманшұбарлық.

Бір күні Марфуша
екеуміз үш пар атты шанаға жегіпап- шөпке жөнелдік. Бұл - қардың жаңа ғана
жауған, бірақ әлі қатпаған кезі. Марфуша екеуміз алдыңғы шанадамыз, кейінгі
шаналар біздің шанаға тіркеулі. Божы Марфушада. Өйткені шөп маясының қайда
екенін білетін - сол.

Біз қаладан шыға,
соиы қарға біздің шаналар түсірген ізге, кейінғі жағымыздан екі шанаға жеккен
пар атты біреу түсе кетті.

-        Иван Никифрыч,- деді Марфуша.

Менің жүрегім қозғала
қалды, өйткені «Иван Никифрычы»- Бопан. Ол мені бірер рет жазықсыз ұрған. Содан
бері одаи қорқатынмын. Білген тіліммен Марфушаға Бопаннан қорқатынымды
түсіндіріп едім:

-        Нешево, нешево! - деді суыққа беті
піскен алмадай қызара бөртіп ажарланған, онсыз да сұлу кескінді Марфуша,
қып-қызыл еріндерін аша, аппақ ұзын тістерін көрсете күліп.- Не бойся, он
хороший!..

Қайырке Бопанды -«осы
қаланың сұлу келіншектерінің бәрімен тамыр» дейтін еді, сондайы бар ма, әлде
жәрдемдескісі келді ме,- бізді қуып жеткен Бопан, алдымен біздің үш шананы
тиеп, артып, бастырығын байлап берді де, өз шөбін кейін артты. Оған біз де
жәрдемдестік. Күн сайын шөпті осылай арту біздің дағдымызға айналды.

Маядан шөпті
шанаға Бопан айырлап тастайды. Және ол денесінің шағындығына қарамай, ете
қарулы. Шөбі жөнтектеліп қалған тығыз -маяның үстіне айырды түйреп жіберіп,
сабын тізеге сап, қайқая көтергенде үлкен маяның бүйірін солқылдатады. Және
оның айырына бір іліккенде бір шөмеле шөп ілігеді...

Шананың үстінде
Марфуша тұрады. Сілтесі солай ма, әлде қалжыңдай ма,- Бапан маялардан түйреп
алған шөпті Марфушаға қарай лақтырады. Бірақ Марфуша оған шанадан қүлап
түспейді. Бопан шөпті лақтырған сайын:

-        Ты што, сатана! - деп ол күліп қояды да,
лақтыр-ған шөпті айырмен қағып агі, шананың қалаған орнына тас-тайды. Олар
өзара орысшалап бірдемелерді қалжыңдаса-ды, мен көбіне түсінбеймін...

Алғашқы күндері
жұғыса алмай жүргенмен, бірер жолдан кейін мен де, Бопанға ауыл-үй қонып алдым.
Таныса, сөйлесе келе ол кеңесшіл кісі боп шықты. Оны «қазақтын, тілін ұмытып
қалды» деген сөз қате екен. Қазақшаңды ол қазағыңның қайсысынан болса да кем
білмейді. Орыстың тілін аз білетін мен, шөпке шыққанда кей кезде Бопаннын,
қасында отырам. Өйткені Марфушамен сөйлесе алмаймын, Бопанмен сөйлесе алам.
Әбден танысып, бойды үйретіп ал-ғаннан кейін мен одан шоқынған себебін сұрадым.

-        Менің обалым Мәшікке,- деді ол.

-        Неге?- дедім мен.

__ Неге екенін
айтайын: менің әкем Бердіғожа деген

Өмір бойы осы
қаланың малын бағып өткен жатақ.

Ел ішінде бірбуді
төмендетіп, жаман көрсетіп айтқысы келсе «өй, Бердіке!» деп айта ма?-деп сұрады
Бопан.

-        Айтады,- дедім мен.

__« Сол «Бердіке»
деген менің әкем Бердіғожа. Ол - кедейлігінің үстіне мейлінше ынжық, жуас
болған кісі. Жуасты «жаман» дейтін қазақтың әдеті емес пе?

-        Рас?

_ Сол жаман әкем
өлді де, мен жетім қалдым. Осы қалада жүре бердім. Әрине, жалшылықта жүрем. Бай
орысқа жыл сайын жалданғанда сиырдың не құнан шықбасын, не дөнен шықбасын алатын
болам. Менің осы алатын ақымды Мәшік жыл сайын келеді де, айдап әкетеді.

-        Неге?- деп сұраймын мен.

-        Ол ауылнай ғой,- дейді Бопан,- оның
списогінде мен үй иесі саналады екем. Әр үй рамат төлейді екен, Мәшік менің
малымды сол раматқа алады екен.

-        Таусылмайтын неткен рамат, ол?- деймін
мен.

-        «Рамат» деп қайбір рамат дейсің, ол.
Раматты сылтау қып ауылнайдың езі алады да!..

-        Сөйтіп, жыл сайынғы ақымды жыл сайын
Мәшік раматқа ала берген соң,- дейді Бопан, күрсініп ап,- бір жылы ақыға алған
малымды саттым да жібердім. Мәшік тағы да келіп еді, «берер малым жоқ» дедім.
Ол маған «қазнаның шығынын төлемейсің, сені соттатам»деп ауылына мені алып
кетті. Сөз түріне қарасам, соттататыны рас сияқты. Не істеу керек?.. Түнде
қаштым да кеттім.

- Қайда бардың?

-        Қайда барайын. Осы Құтырлағанға келдім
де, өзіңнің қожайының Шодырға ақылдастым. Ол маған «бұл пәледен шоқынбасаң
құтыла алмайсың» деді. Осы ақылды Чемасов Шодыр да айтты... Содан шоқындым да
кеттім...

Оның айтуынша
шоқынған қазақтар толып жатыр.

-        Мен сені шоқын деп азғырмаймын,- дейді
ол,- бірақ, керерсің, түбінде сен де шоқынасың?

-        Неге?

Оны кезінде
керерсің...