ВЕРНУТЬСЯ

         Сап-сары биік
белдерде,

Сарғайған түссіз
жерлерде,

Сап-сары киім
киініп,

Қабағы бұлттай
түйіліп,

Сарғайған мың
сан жан жүрді;

Азуы алмас, тілі
у,

Арам көңіл, ала
ту,

Кең жемсаулы,
кең қарын,

Найзадай түйреп
қолдарын,

Қорқау қасқыр
-«хан» жүрді.

Сары даланы мұң
басып,

Түнерген қара
түн басып,

Адасқан жол таба
алмай,

Мұңын жанға шаға
алмай,

Нелер, нелер жыл
өтті.

Күнбатыстан ер
шығып,

Есіркер аға ел
шығып,

Түнді кектен
серпіді,

Тотыдай таң
құлпырды,

Алтын нұрын күн
септі.

Сары дала жасыл
түрге енді,

Қызарып шешек -
гүлденді,

Жерге жұпар
тегілді,

Шаттандырды көңілді,

Жан жадырап, өмір
жаз!

Күн көргенге
қуанып,

Жылауынан уанып,

Нарттай жанған
пішінде,

Көп қуаныш
ішінде

Құлдар да жүр
аралас.

Аузында еңбек
ұраны,

Ленинизм құралы,

Сол құралға
табынып,

Соған ғана
бағынып,

Жолында соның
өнеді.

Сарғылт түсті
Сарыарқа,

Сүреңі жоқ кең
алқа

Қызыл арқа
атанды,

Жасадық жаңа
Отанды.

Сарғаю енді
болмайды.

Қызыл гүлдер
тамырлар,

Қызыл өрттей
жалындар,

Қызарған гүлді
түрменен,

Шағылысып күнменен,

Қызыл арқа
жайнайды.

1925