ВЕРНУТЬСЯ

           Біз елге беттеп
келе жатқанда, Марьевка 1 дейтін қалада «Ылиын» 2 атты базары боп жатыр екен.

Жаздың ортасында
болатын базарға халық аса кеп жиналыпты. Біздің елден де Әлти, Сәпі, Көшке
сияқты байлар келіпті.

Біз Ылиынға
келген күннің ертеңіне, Көшебе Сибанның базаршылары бас қосып кеңесе отырды,
сондағы сөзі: «Осы базарда жүр - деген Балуан Шолақты қонаққа шақырудың
жабдығы. Сөздеріне құлақ салсам, Балуан Шолақ деитін адам - менің бұған дейін
көрген адамдарымның бәрінен де басқа.

Жұрттың айтуынша,
Балуан Шолақ атан өгізді бұзаудай арқалап әкетеді, етіне темір қысқаш батпайды,
білектей темірлерді сымдай бұрайды, асау атты жалғыз ұстап үйретіп мінеді,
аттың үстінде «шайтандай» ойнайды, зәулім қорғандардан мысықтай қарғиды,
денесіне оқ етпейді, қылыш кеспейді, ағаш үйдің қабырғасын басыман сүзіп
құлатады, дария көлдерден үйректей жүзіп етеді, жүгіргенде жөбішенді атқа
жеткізбейді, бір жеуіне бір тайдың еті жұқ болмайды, киімді салдарша малынып,
киінеді, қыздың қалыңмалына бермейтін ат мінеді, ер-тұрманы жарқыраған алтын
мен күміс. Сөйлесе кетсе, алдырмайтын шешен, қасарысқан адамына мейірімсіз,
досына қоң етін кесіп берсе «е» демейтін шыдамды. Дауыс біткеннің әншісі,
саусақ біткеннің домбырашысы және сырнайшысы, жүрген жері ойын-сауық...

-        «Жігіт сегіз қырлы болсын» деуші еді,-
деп қайран қалысты мына мақтауларды естіген жұрт,- рас болса, мұның қыры бір
«сегіз» емес, әлденеше сегіз боп кетті ғой...

Біреулер:

-        Соның өкіметке қылмысты боп қашып жүр
деген, қонаққа шақырып пәлесіне қалармыз,- деп қашкалақтап еді, көпшілік:

-        Не болар дейсің, пәле боп? Бәрімізді
тізіп айдар деймісің? Және қашып жүргені де етірік соның. Қашса базарға келе
ме? Базар басталғалы жұрттың кезі езгеде емес, сонда. Жұрт кергенде, өкімет көрмей
жүр деймісің, оны? Шақырайық, бір күн де болса мәжілістес болайық,- деді. Көпшіліктің
аузы шақыруға біріккеннен кейін:

-        Қонағасына не соямыз? - деп ақылдасып
еді:

-        Некері көп керінеді ғой, қасында,- десті
әркімдер,- кем болса қырық-елу кісі серігімен келеді, ол. Мұнда да бір қыдыру
жан бармыз, бие сою керек...

-        Әуелі хабарлану керек,- десті біреу,-
келетін болса ғана шығынданайық.

-        Неге келмейді. Дәмнен үлкен бе? - деді
екінші.

-        Келуі келер,- деді үшінші,- сонда да
беделді, сөз білетін, жол білетін жігіттерді жұмсау керек.

Жұмсаған жігіттер
іңірде оралды.

-        Келетін болды,- деген хабар әкелісті,
олар.

Ту бие сойыла
бастады. Жұрт қонақты күту жабдығына кірісті. От айнала жиналған жұрт Балуан
Шолақтың кісілігі, қайраты, өнері туралы толып жатқан қызық әңгімелер айтады.
Соларды естіген сайын, оны көруге менің құмарым арта түседі...

Сырнай дауысы
естілді бір кезде!.. Көпшілік құлақ түрісе қалды... Со жақтан түйдектелген көп
салтты шауып келеді!.. Міне, жақындап қалды салттылар!.. Сырнай дауысы даланы жаңғырықтыра,
кетеріле шықты... Қосылып айтқан әндер естілді... езгенің не екені каған мәлім
емес, ал, менде шапқан салттылар, үні сұңқылдаған сырнай, оған қосылған ән
жақындаған сайын ес қалатын емес... Міне, келді де олар!-- Бізге жете кілт
тоқтай қалысты... Күтіп түрғандар қарсы жүрісті... Салттылар аттан түсе
бастады...

___ Балуан Шолақ қайсы
екен? - деп сыбырлаған 6іреуге:

_ Көзің жоқ
немемісің, өзің,- деді екінші - көрмей

тұрмысың?
Түр-тұлғасынан-ақ белгілі емес пе? Сол сияқты кім бар осында?

Бұлай сипаттаушы
кісі, Балуан Шолақты кергенімде асырып айтқан сияқтанады: жауырыны кең, тесі
жалпақ болғанмен, дене құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен,
бұл топта одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бір сыдырғы керкем
екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара кезді, атжақты,
қою, ұзын қара сары мүртты, дөңгелектеу қою қара сақалды...

Ерекше кезге
түсетін киім-кешегі екен: сыртына желбегей салған, ақ ботаның түбітінен тоқыған
шекпен, астары батсайы, еңіріне жалпақтығы терт елі қып құндыз ұстаған, басында
батсайымен тыстаған жекей ақ бұйра тымақ, ішкі қара барқыт қамзолының беліне
жалпақ қып қызыл жібек белбеу байлаған да, бір жақ ұшын шашақтандырып оң жақ
мықынынан төмен түсіріп жіберген, бұтында көк шұға шалбар, аяғында кек
сауырлап, кестелеп, күмістеп тіккен қосай етік... Бүл сияқты киінген кісіні мен
емірде көрген емен.

Балуанның мінезі
ақжарқын, сезшең, ойыншы кісі екен. Амандықтан бастап-ақ ол біздің топты
жатсынбай, ежелден таныс адамдарынша араласып, шүйіркелесіп кетті. Сезді аздап
мұрнынан сөйлейтін кісі екен.

- «Қызмет қыл да
міндет қыл» деген,- деді ол, қарсы алған топпен біраз кеңесіп, қымызға
қанғаннан кейін,- оиын көрем деп шақырдыңдар ғой мені, бастайық сол ойынды. Көпшілік
мақұлдай кетті. Әуелде күш көрсетпек болған ол:

Кәне, маған ең
ауыр аттарыңды әкеліңдер! - деп, зор денелі бір атты алғызды да, астына кіре
беріп, төсін иығына келтіре, кетере жөнелді...

Кәне, ең балуан
деген жігіт кел де, мені алқымымнан қыс. деді- ол; атты иығынан түсіргеннен
кейін.

«Түйе балуан»
атанған, денесі Балуан Шолақтан әлде-қайда зор, Кәлен деген жігіт:

-        Мен қысып көрейін,- деп алқымынан алды.

-        Қатты қыс! - деді Балуан Шолақ.

-        Болдың ба қысып? -деп сұрады ол
Кәленнен.

-        Болдым,- деді Кәлен.

Со кезде, Балуан
Шолақ мойынын бұрып кеп қалғанда, Кәленнің қолы алқымнан ытып шығып кетті...

Адам қайран қаларлық
тағы да біраз күштер көрсеткеннен кейін:

-        Тіл-аузымыз тасқа,- дестік көпшілік,-
ертегідегі батырлар болмаса, бұл заманда көрмеген күшіміз, бұл. Енді тыныста,
өзге ойыныңды содан кейін баста.

Ет жегеннен
кейін, көпшілік Балуан Шолақтан ән айтуын өтінді. Ол іркілген жоқ. Тек қана
сұрағаны:

-        Сырнаймен бе, домбырамен бе?

-        Естіп жүрген домбыра ғой! - десті
көпшілік,- таңсық сырнайға қосыл.

-        Болады,- деді Балуан Шолақ.

Сырнайды ол басқа
бір жігітке ойнатты да, өзі қосылды. «Ияйяһ» деген әнінен бастады ол. Бұл әнді
ол жұртқа бел-гілі «Бұл күнде қырық тоғызда меніқ жасым» деген өлеқ-мен айтты.
Өлеқді ол мұрнынан келтіре, екпіндей айтады екен. Дауысы қоқыр, бірақ әдемі
екен.

-        Батырықнық айтысы-ай!-деп сүйсінді
тықда-ғандар.

Тағы бірнеше
әннен кейін, жұрт оған атақты «Ғалия-сын» айтқызды. Бұл әнді ол ырғала, теқселе
шырқайды екен және Ғалиясы алдында отырғандай, күлімсіреген, ерке-леген
кескінмен айтады екен.

-        Міне, ән! -деп қайран қалысты жұрт...

Балуан Шолақпен
мәжіліс құрған жұрт күн шыға тарқасты. Қошеметпен аттанған Балуан Шолақтың тобы
кең даланы басына көтере, сырнайлата, әндете жөнелді...

- Жігіт осындай
болсын,- десті, артында қарап тұрғандар.

«Қанша дұшпан
қамалап тұрсадағы, Сырдын, суы келмейді жұлығымнан!»-

деп езі
айтқандай, елмей кісіге кеудесін бастыратын жігіт емес қой, мынау!.. Дүнияға
күліп кеп. күліп кетуге жаралған жігіт қой, бұл!.. Ұл туса, осындай тусын да.

Кешікпей базар
тарады! Жүрт мекен-мекеніне бытырас-ты. Біз де елге беттедік.

Базардан тарағанша
да, тарағаннан кейін де көпшіліктің, олардың ішінде менің серіктерім: Мәшік пен
Таспайдың аузынан Балуан Шолақ түскен жоқ, Бір сөздің ретінде, Мәшік маған:      

_ Көп жерді көрдің,
бала. «Көре-көре кесем болады»

дегендей, «ел
аралаған сыншы, тоғай аралаған үйші» дегендей, өстіп жүріп кісі боп кетуің
мүмкін,- деп отырып, Ақан сері мен Балуан Шолақты еске алды да, екеуінің
қылықтарын айта кеп:

-        Ақын бола қалсаң, кімге еліктер едің? -
деп сұрады, менен.

Бәтеңнің алдында
әдеп сақтап үйренген мен, сұрауына жауап бере қоймап ем:

-        Ақан серіге ме? - деді ол.

Мен басымды
шайқадым.

-        Балуан Шолаққа ма? - деп сұрады ол.

Мен күлімсіреп
төмен қарадым.

- Ә, соған
еліктегің келеді ғой,- деді Мәшік.- Елікте, шырағым! Еліктейтін кісі, ол.
Сондай қайғыға қарсы тұра алатын жігіт болуға, жігіттің гүлі - жігіт болуға
тырыс!..