ВЕРНУТЬСЯ

          Апам Ұлтуған
екеуміз Мұстафанын, үйінде тұрып жаттык,. Мен оқып жаттым.

-        Біздің Шәкіжан бұ молданық оқуын тез
тауысады,- деп шаттанып жүрді Мұстафа.- Содан кейін мен оны Кәрібай хажынық
медресесіне апарам. Ол - он екі пәнді тәмәм қылған хатым-кәрдан. Хажының
медресесін бітіргеннен кейін біздіқ Шәкіжан үлкен молда болады...

Ошақ басы кеңесте
Мұстафа менің болашағым туралы толып жатқан қиялдарға кетеді.

-        Аманшылық болса,- дейді ол,- Ұлтуғанды
құтты жеріне қондырамыз, онық қалықмалына Намзаны үйлендіріп, еншісін беріп
шығарам. Одан кейін, жасы үлкен болса да Ғаббасты қоя тұрып, Шәкіжанға қалың
берем.

-        Қалыңмалға неңді бересің?- деген
әйеліне:

-        Со да сөз бе екен? Біздіқ Мәржамға біреу
құда түспес деймісің? Соның қалыңмалын берем де,- дейді Мұстафа.

Өз балаларының
да, менің де, ержетер шағымды көз алдына келтірген Мұстафа бізді былайша
жүйелейді: «Қамзадан кейін, Шәкен  мен
Шәкіжанды бір үй қып шығарам. Қолымда Ғаббас қана қалады. Оң жағымда Мұқанның
үйі отырады, сол жағымда Қамза... Одан кейін құдайға не арманым бар менің!»

Мұстафаның бұл
қиялын, оны мен менің арама жүгірген «шайтан» бұзды да жіберді.

Бағиланың қалыңмалына
келген бурыл бие бары оқушыларға мәлім. Соснабайдың айтуынша, ол бие арғымақ
пен қара байырдың шатысынан бұдан боп туған. Расы да солай ғой деймін, өйткені
бүкіл жаманшұбарлықтардың бағалауынша: «Бұл сияқты денелі, көркем жылқы, езге
былай тұрсын, со кезде жылқысы жүзге барып қалған Нұртазада да, жылқысы мыңды
мақайлайтын Тұртайда да жоқ...»

Биенің шоқтығына
ұсынған қол ғана жетеді, мойны доғадай иіліп, екі құлағы біздей шаншылып
тұрады, қайқаңдау келген жалпақ сауырына адам төсек сап жатарлықтай кең,
омырауының кеңдігі сондай, еңкейген адам жүгіріп өтерлік, құрсағы құр жатпайтын
жануардың қарны жер сыза жаздайды, тегілген жалы тізесіне түседі, кекілі
тұмсығын жабады, құшаққа толарлық құйрығы келденең сүйретіліп жатады, кезінде
сауа қоймаса, тез дертетін емшегінен төрт тарамданып сүт атып тұрады...

Ептеп аяң жорғасы
бар бұл бие, бізге келгеннен бері үнемі жорға құлын табады. Құлыны да езіне
тартқан бурыл болады және ерте құлындайды да, құлыны қара құлақ марқа боп еседі.

Біздің қолға
келген жылғы оның құлынын әкем сатып, қысқа азық алған. Келер жылғы құлынын
Мұстафа сатып, елген әкемнің жабдығына ұстаған. Одан келергі жылғы құлынды
сатып, елген шешемнің жабдығына ұстаған. Олардың үшеуі де ұрғашы құлындар да.
Құлындардың сатылған жері алыста болмайтын. Өзіміздің маңайға сатылған бурыл
құлындардың бастапқысы мен он бір жасқа қарағанда денежін шықты, екіншісі
құнажын шықты, үшіншісі тай шықты. Олардың бәрін де мен күн сайын керем. Көрген
сайын ішім күйеді: бурыл тай да, бурыл құнажын да, бурыл дөнежін де аумаған
енесі сияқты.

«Әттең,- деп
өкінем мен,-осылардың бәрі біздің қолда болса!.. Сонда біз айғыр үйір жылқымыз
бар үй болар едік-ау!..»

Сатылып кеткен
бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын... іштей өзімсінем... көргім
келеді де тұрады және көре де берем!..

1911 жылы бурыл
бие дағдысымен ерте құлындады, бірақ бұ жолғы оның құлыны ұрғашы емес, еркек
болды.

Маған қандай
қуаныш бұл!.. Мен аз жылда ер жетігі, атқа мінетін жігіт болам... Со кезде мына
құлын да ат болады... Өзі тайпалған жорға... Ендеше, әрі сұлу, әрі ірі, әрі
жорға бурыл атты мініп жүру қандай тамаша!

Басыма осындай қиял
кіргендіктен болу керек,- бурыл бие құлындағалы мен оның қасынан шықпаймын.
Кермесем тұра алмаймын...

Бурыл болар құлын
әуелі қаратөбел боп туады. Сондай боп туған құлынды мен қолдан аяқтандырдым...
есейгенше бақтым... есейгеннен кейін мақдайындағы ақтөбелі кеңіп, басынан
бастап денесі біртіндеп бурылданғанын, ел жайлауға шығарда түгі түгеліменен
жирен бурылға айналғанын қолдан өткердім... «Тек, тіл-көзден аман қылсын, бұл
бір айта қалғандай ат болғалы тұр»,- деген жұрттық сөздерін қуана тыңдадым...

Көңілім осылай
тасып жүргенде, бір жаман хабар құлағыма қорытқан қорғасындай құйыла қалды. Зәрем
ұшып кетті! Не істеуге білмедім...

Бұл суық хабарды
маған алғашқы естірткен - Нұртазанық баласы Мырзағазы.

-        Бала, сен не білдің?- деп сұрады ол, бір
күні кешке көл басында менен.

-        Түк те білген жоқпын,- дедім.

-        Білмесеқ, сені құдай ұрайын деп жүр
ғой,- деді ол.

-        Неге?

-        Рас түк естіген жоқсық ба?- деп сұрады
Мырзағазы тағы да.

-        Жоқ,- дедім мен.

-        Естімесек,- деді ол,- пірәдәр (Мұстафаны
ауыл солай дейтін) бурыл биені Жапырақтың 
базарына апарғалы жүр дейді.

-        Неге?- дедім мен, әлі де көңіліме секем
алмай.

- Базарға неге
апарушы еді биені?-деді Мырзағазы маған жекіп.- Сатуға апарады да!..

Сол арада мен не
болғанымды білмей жылап жіберіппін...

Мырзағазы менен
төрт жас үлкен. Және ойға-қырға көп жүріп, ысылып қалған, табиғатында зирек,
әкесі сияқты сезшең, ересек бала.

Кел басынан
қайтып келе жатқанда Мырзағазы маған ақыл үйретті.

- Сен жылайтын
болсақ, бұлай босқа жылама - деді ол, пірәдәрдіқ алдына барып жыла. Биені сатпа
де, егер сатсақ, мен бұл үйден кетем де!

Мен Мырзағазыға
жауап қайырғам жоқ, өйткені оның сөзі менің кекейіме қонып келеді, бірақ әлі
күнге дейін бетіне шығып көрмеген және түсі ызбарлы, мінезі қатты Мұстафаға,
Мырзағазы үйреткен сөзді айта алам ба?

Сөзіне жауап
қайырмағанмен, мені қайрай түскісі келгендей, Мырзағазы сөйленіп келеді:

-        Пірәдәрдіқ о неғылғаны?! Сені кісі құрлы
көрмегені ме? Екі биенің біреуі болса бір сәрі, жалғыз биені сата ма екен?
Тіпті соның сүті де керек емес пе, оған? Бір өзі бір сүйретпе қымыз боп отырған
құнарлы бие!.. Өмірінде көрмеген босағасына биыл торсық кірді, қалай ішсе де
жетіп жатыр. Сондай биені қиып қалай сатады! Өзінің қысыр биесін неге сатпайды?
Ертең сен ер жетпеймісің? Саған ат керек болмай ма? Несін міңгізем дейді екен
сонда саған? Және құлын қандай жануар! Мұндай құлын мың қырған Әлти мен Сәпіде
де жоқ. Рулы елден табылмайтын ат боп өскелі тұрған құлынды қалай қиып сатады?
Саған жақсы ат мінуді көпсіне ме?!..

Мырзағазының
сөздері бойыма түгел сіңіп, санама мықтап бекіп алған қалпында мен үйге кірдім.
Ол кезде біздің Жаманшұбарда ілуде біреу ғана болмаса, кигіз үйге шам жақпайды,
асты оттың жарығымен, ішеді, жағатын отыны - тезек.

Мен үйге
кіргенде, күн батып, үй-іші қара көлеңке боп қалған кез еді. Үйде маздап тезек
жанып тұр. Оттың жарығымен Ұлтуған шай жасап жатыр. Ол - қазір жасы он беске
шыққан, талдырмаш, ұзын бойлы, ашаң қызыл шырайлы жүзді, мәлдіреген кішірек
қара көзді, әдемі қыр мұрынды, бұрымы ұзын, қара шашты, жаңа өспірім кәркем
қыз.

Әрдайым менің
келген-кеткенімді, хал-жайымның қандайлығын бақылап жүретін Ұлтуған есіктен
кіріп келген маған бір қарады да:

- Неменеге кейіп
келдің?- деді.

Мен жауап
берместен босағада қалшиып тұра қал-дым.

-        Өзіңді біреу ұрып жіберген жоқ па?- деп
сұра-

ды ол.

Мен тағы да жауап
бермедім.

-        Неге үндемейсің?- деді Ұлтуған, ауыр
ойым барын жорамалдағандай.

Со кезде сырттан
құман ұстап Мұстафа кірді. Оның жеңі білегіне шейін түрген қолы да, беті де су.

Ұлтуған
Мұстафаның алдында сөйлемейтін, оны ете сыйлайтын. Сондықтан ба, әлде менен
жауап ала алмасын білді ме, маған тағы бір қарап қойды да, шайын жасай берді.

-        Мен әқшам намазын оқып ала қояйын,
балам,- деді Мұстафа Ұлтуғанға,- шайды содан кейін ішерміз.

Мұстафа бетін
сүртті де, жайнамазын төсеп, намазға отырды. Сырқаттан дене қуаты әлсіз ол,
намазды отырып оқитын және ұзақ оқитын.

Мұстафа намазға
кіріскенде, мен үйдің сол жақ босағасына барып етбетімнен жата қалдым. Өйтпеуге
болмайтын да еді: бурыл бие мен оның құлыны туралы ішімде қалыңдап алған уайым,
жүйемді түгел босатып, көзіме ағыл-тегіл жас кеп тұрған, оны босатпауға
болмайды... Мен етбетімнен жата қап жылай бастағанда, сыбырлаған дауыспен:

-        Не боп кеткен саған?-деп, Ұлтуған
басымды көтермек болды. Мен оның ырқына көнбей, тырмысып жатып алған соң:

-        Айтам ғой,- деді Ұлтуған өзіне-өзі
сыбырлап,- таяқ жеп келген бала ғой бұл. Қай шешек шыққыр ұрып жіберді екен?

Ұлтуған да жылай
бастаған сияқты... Сырттан кірген біреудің дыбысы естілді. Қаңылтыр шелектің
сыбдырына қарағанда - Сілеусін.

-        Жатқан кім?-деп сұрады Сілеусін Ұлтуғаннан.
Ұлтуған жауап бермеді.

-        Шайыңды жаса!-- деді Ұлтуғанға.

Ұлтуғанның тұрып кеткенін
сыбдырынан естіп жатырмын... Әлі жылаудамын... Мен сол қалпыммен шайға тұрмай
жатып қалдым. Сілеусін де, Ұлтуған да «тұр, шай іш!» деп әлсін-әлсін келгенмен
қозғалған жоқпын. Менің жылау себебімді білгендей Мұстафада үн жоқ.

Ұлтуған екеуміз
бір төсекте ұйықтайтынбыз. Үй-іші жатарда мені ол, «кәне, тұр, жат төсекке!»
деп қозғады да, тұра қоймаған соң, төсекке көтеріп әкеп салды. Екеуміз бұрынғы
дағдымен құшақтасып жатып қалдық...

Менде де, Ұлтуғанда
да ұйқы жоқ... Ол маған үйдегі өзге адамдар ұйқыға кірғен кезде ғана жауап
қатты.

-        Биенің сатылатынын естідің бе?- деп
сұрады ол.

Мен жауап
бермедім.

-        Соны естіген екенсің ғой,- деді ол, ауыр
күрсініп ап,- жыладың не, жыламадың не, сатам деген соң сатады. Жасыңды шығын
қылғанмен болмайды енді!..

Ұлтуған теріс
қарап кетті де, солқылдап жылай бастады...

Ертеңінде Мұстафа
биені жылқыдан алып қап, түнде

ауылдың қасына арқандап
қойды. Биенің сатыларына көзім жетті. Бірақ Мырзағазы үйреткен сөзді Мұстафаға
айтуға дәрменім жоқ. Ол да бұл жөнде маған тіл қатпайды...

Келесі күні
Мұстафа ертемен жүрмек боп, өзінің қысыр көк биесін тарантасқа жеккенде, мен
құлыны емген арқандаулы бурыл биенің қасында отыр едім. Ол биесін жегіп
болғаннан кейін, арқандаулы бурыл биенің қасына келді де, маған сыздана бір
қарап қойып, ноқталап ап үйге қарай жетелей жөнелді. Соңынан ерген мен, еңіреп
жылауға кірістім.

Мұстафа үн-түнсіз
жегулі тарантастың жетегіне ноқталаған биені байлады, құлынды ноқталап ап
биенің құйрығына байлады. Сөйтті де, үн қатпастан тарантасына мініп, жөнеле
берді.

Оның ез биесі
жүргіштеу болушы еді. Менің көзімнен тез ғайып болғысы келген Мұстафа божыны
қағып қалғанда биесі ыршыи түсті де, сар желе жәнелді.

Тарантастың артын
ала мен де жүгірдім. Мені кәрмеді ме, әлде көрсе де, көргісі келмеді ме,
Мұстафа артына қарамайды. Мен бар дауысыммен бақырып жылап, бар екпініммен
жүгіріп келем.

Сол қалпыммен
қанша жүгірерім белгісіз болар еді, егер ауылдан ұзаңқырап алған Мұстафа
тоқтамаса.

Екпіндеп жортқан
биесін тежеп тоқтатты, ол божының ұшын қолына ұстай жерге түсті де, маған «бері
кел» де гендей қолымен ымдады. Бұның не шақыру екеніне түсінбеген мен «есіркер
ме» дегендей қасына бардым. Со кезде Мұстафа мені божылы қолымен жағадан
қапсыра ұстай алды да, жағыма оң қолының шапалағымен тартып-тартып жіберіп,
«осы сыбағаңмен қал»дегендей, кеудемнен итеріп кеп қалды. Мен бақырған
қалпыммен шалқамнан құладым, ол арбасына мінді де жүріп кетті.

Осы қалпымда
қанша жатарым белгісіз еді, егер мені бір жақтан жолаушылап келе жатқан
ағайынымыз Шәйкен салт мінген атының алдына өңгеріп алмаса.