ВЕРНУТЬСЯ

Екі кездесу

     Жібек мені таныған жоқ. Тануға
мүмкін де емес еді. Жазды күні қызыл
күн таудан асып батқан кезде мен "Айдарлы томар"деген томарлы көлдің басында отырған байдың аулына
келдім.

Қыр балалары

     Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген"
құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас,қатын-қыздарының аттары
ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар,
бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен
ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше
тазарақ киімдерін киіп, бәрібір түрлі асығып лепіруде.

Күздігүні далада

    Сарнайды бүгін жел неге,

Жапырақтар
сыңсып тулайды?

Күңіреніп бүгін көл неге,

Соқтығып мұнша
тулайды?

Күлмеймін бүгін мен неге,

Түнерген қабақ ызбарлы?

Домбыра күйі пернеде,

Дәл бүгін неге тым зарлы?

Түнеріп қабақ күнімен,

Түйіліп нені ойлайды!

Домбыра зарлы үнімен

Нені айтып бүгін қоймайды?

Домбыра, кәне, жырлай гор,

Түнерген қабақ ашылсын!

Он саусақ билеп зырлай гөр,

Көкіректің лебі басылсын!

Қарашы, міне, айнала,

Сұр кетіп
жерден сарғайды.

Ғазал

    ( Абай үлгісімен)

 

    Сөйлей көр, тіл
мен жақ,

Сөзіңнің бәрі хақ.

Парыздай міндетің
-

Қалқаны
мақтамақ...

Мамық төс, ақ тамақ,

Бұраң бел, құшсақ
нақ.

Үлбірек екі ерін,

Бейне гүл
қызғалдақ.

Қараймын қасыңа,

Жібектей шашыңа.

Тістерің ұқсайды

Ақ меруерт
тасына.

Кел, жаным, қасыма,

Нансаң бұл расыма;

Бар дүние тең келмес

Жалғыз бір
басыңа.

Бал тамған сөзіңнен,

От жанған жүзіңнен.

Мөлдіреп қараған,

Қырда

     Күңіреніп қырда
отырып көкірек кернеп,

Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.

Аузымнан өлеңімді қағып алып,

Ызыңдап
кетті жаттап асау жел кеп.

Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,

Аралап Сарыарқаны кезіп - шарлап.

Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп.

Кім білсе желдің тілін соған арнап.

1917 жыл.

 

Страницы