Күңіреніп қырда
отырып көкірек кернеп,
Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.
Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап
кетті жаттап асау жел кеп.
Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,
Аралап Сарыарқаны кезіп - шарлап.
Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп.
Кім білсе желдің тілін соған арнап.
1917 жыл.
- 127 просмотров