ВЕРНУТЬСЯ

Бір азғана жыл өттіМен қалада жүргелі.Елді көріп кетемінЕкі жылда бір келіп.Ауыл байғұс мінекей,Бала жастан көз көрген!Азғана жыл ішіндеЕдәуір-ақ өзгерген...Бастық шалдар азайғанОрын басып жас ие.Қоңыр ауыл құба

Сәлем берем, бас ием!Тіршілік те өзгеріп    Қазақстан облысыӨзгермек қой жұртшылық.Кешегі жас балаларЖігіт бопты мұрт шығыпКөзіме ыстық төтенше төлУыз емген бесігім.Алтын болсын жаңарыпКиіз жыртық есігің!Бұрынғыдай жылқы жоқТапал байдың аулында.Жататұғын шандатып,"Қос шоқының" баурында.Мырза менен қажыныңАулының да мәні жоқ.Бұрынғыдай мыңғырғанОннан бір де малы жоқ.Кәріп пенен ӘбжекеңҚойлары өсіп байыпты.Қотандары қомақты,Қойын бөлек жайыпты.Біздің ауыл мінекей!Көз жіберіп қараймын,Әрбіреуін ауылдыңІздеп, қарап санаймын.Баласы өскен хатшы боп,Молдекеңнің өзі жоқ.Шал болыпты Әлекең,Сатайдың бір көзі жоқ.Хатшы бопты советке,Молдекеңнің Әлісі...Кеткені ғой елде әбденМолдалықтың мәнісі.Сақалы ақ боп ДәукеңніңТаусылыпты бар тісі.Жоғалыпты ӘрештіңМұрнының жартысы.Ызымханның қатыны"Жел аурудан" қақсайды.Етікші шал ҚадекеңБүкір бопты, ақсайды.Биязы мен БөлекеңАйрылыпты құлақтан,Кемпір бопты байғұстар,Көрмейтін боп жырақтан.Бүкірейіп белдеріБопты баяу еріншек,Биліктерін алыптыӨңкей семіз келіншек.Қалада еді оқудаБиязекең баласы.Бір қайтып ед меніменМіне, енді шатанасы.Жамалекем екеуіҚуанғаннан жыдайды."Бізді ойладындар ма" депБишаралар сұрайды...Әркімнің-ақ елдегіОқу бопты санасы -Қалаларда оқидыТалай ауыл баласы.Жөндеп жатыр ӘлиманСынық ердің желдігін.Сатай өңдеп шабадыАғаш арба белдігін.Кәдіш қайтып ауылғаБір ауылдан келеді.Кер дөнені қойқандапБүлік-бүлік етіп желеді.Міне, ауылда жусайды,Ауылдың бар сиыры.Беткейде әне, жайыладБар жылқының үйірі.Құба жон мен қара ойғаЖаюшы ед ел жылқысын.Ол жерлерге егін сап,Тіліпті енді қыртысын.Тезекші анау, - арбасыСыңсып жылайд, шиқылдап.Жеккен қоңыр егізіӨңкең дейді қиқылдап.Қара коңыр өгізгеАғаш арба жеккені.Аш етіне кигеніЖыртық шомыт шекпені.Көп кедейдің әлі деҚырық жамаулы сырты көңҚашан қараң өшедіБит быжынаған жыртық тонӘн шырқасып келедіБір топ бала өрістен,Қап арқалап дедектеп,Бірге тезек теріскен.Өзгерістің өлеңі, -Айтқандары шырқасып.Дауыстары жаңғыртадҚара өзектің қырқасын.Кеше Әбжәтті әндеткенБалалар ғой бәрі де.Әбжәт қалып, өзгергенБалалардың әні де...Сиыр бопты СатайдыңШұбар ала тайншасы,Қатын бопты соқталдайНұрекеңнің Айшасы.Бір-ақ құлаш әлі деӘтекеңнің көгені.Әлі де үйі жамаулыБолмаған-ау дегені.Оншақты-ақ-ау әлі деМал ғып баққан ешкісі.Кұлаш көген, бес бұршақ -Келмеген ғой ескісі.Мен әперген машина"Сепатырды" кесіп қып,Сүтін тартып ауылдың,Май шығарып, несіп қып.Алған майын ӘтекеңҚарынға сап жиыпты."Қапаратқа" май сатып,Шапан алып киіпті.Сепаратор келген соң,Майға әркім-ақ бай бопты.Әрбір үйде-ақ діңкигенҚарын-қарын май бопты.Әтекеңнің үйініңЖанында әні, үймелеп,Қыз-келіншек күліседЫнталасып, кимелеп.Ортасында ыңылдапСепаратор жырлайды.Көркем күйді әндеткенҚыз-келіншек тыңдайды.Бір келіншек тұтқасынАйналдырып қозғайды.Сепаратор әдеміӘндетеді, боздайды.Мен де құлақ саламынСепаратор әніне.Сүйінемін, қараймынАуылдың бұл сәніне.Мен де ыңылдап жырлаймынҚарап тұрып сүйініп.Жыр қосамын балашаСепаратор күйіне.Ауыл байғұс мінекей!Бала жастан көз көрген.Азғана жыл ішіндеЕдәуір-ақ өзгерген... 1926 жыл, август.