ВЕРНУТЬСЯ

    (Түс) Бір түсімді айтайын,Әлеуметке жыр қылып.Осыған ұқсас бір істіАйтып ед бір дос сыр қылып.Ой жіберіп қарасаңМенің осы түсіме.Лашынның ісі ұқсайды,Адамзаттың ісіне.Жете жори білгенгеБұл түсімнің мәні бар.Жүрек тербеп  қозғайтын.Сырлы қасірет әні бар.Ұйықтап жатып түсімдеСарыарқа сары бел көрдім.Белден белге жағалапБір үлкен шалқар көл көрдімСол үлкен көл шалқығанТүпсіз терең су екен.Тағы жыртқыш құсы кеп,Тәртібі жоқ шу екен.Ортасында шалқардыңБар екен үлкен аралы.Сол аралға кеп кондыБір лашын құс жаралы.Бұл лашын құс жер, көктіСерік іздеп кезіпті.Бөтен текті құстардыҚыла алмай серік безіпті.Көп болғанмен дүниедеЛашындай талай асыл құс.Іздегені лашынныңӨзімен текті лашын құс.Лашын қонды аралдыңБір қиындау шыңына.Дауа іздеді сүзіліп,Жүректегі мұңына.Көрді лашын бір ұя,Шыңдағы жақпар қияда.Көзі түсті бір құсқа,Жақпардағы ұяда.Қадалды лашын сол құсқаЕкі көзін айырмай.Қалды қатып қадалып,Артына мойын қайырмай.Ұядағы жалғыз құсЛашынның екен баласы.Әлі ұшпаған жас екенҚасында жоқ анасы.Балапан құс ұядаҚанатын сылап тарайды.Мөлдіреп о да қадалып,Тектесіне қарайды.Мөлдіресіп әуеліЛашынға лашын көз салды.Құстың нәзік тілімен,Үлкен лашын сөз салды.Көкке сермеп құлаштыАралдан алып кетпекке,Серік қылып тектесінМұратына жетпекке.Бала құс әбден таныдыАнасының тектесін.Жүрегі сезді лүпілдеп,Тектесі тастап кетпесін.Сырнайдан сұлу дауыспен,Бала көңілін білдірді.Тектесінің жүрегінБалша ерітіп күлдірді.Екі лашын соныменСол ұяда түйісті.Сұлу сынды сыпайы,Айқасып тәтті сүйісті.Тектесінің жүрегін,Бала лашын өрт қылды.Айрылмасқа тірідей,Үлкен лашын серт қылды.Шаңқылдап даусын кернедіАралға келген бұл лашын.Тектесін ертіп кетугеЛашын құс жайды құлашынЛашын құстың даусынанКөлдегі құстар шошынды.Аралдағы түрлі құсБіріне-бірі қосылды.Аралдың құсы шуылдап,Ұяның келді қасына.Үймеледі у-шу боп,Қос лашынның басына.Қос лашынды қоршадыШулаған құстар қамалап,Тиіп-қашып жабылды.Қанатпен қағып сабалап.Қарға менен бөктергі,Шағала, қызғыш, қарақұс,Неше түрлі тағы көп,Белгілі түссіз ала құс.Лашынға шашты бәрі де,Неше түрлі батпақты.Екі жарды қоспауғаЖасады талай шатпақты.Лашынды былғап батпақпенБалапанды шошытпақ.Жібермеуге аралданЛепірген көңілін жасытпақ.Лашынға қастық қылмағанҚұстың саны тіптен аз;Бір-екі ғана қаршығаАққумен, бірер қоңыр қаз.Лашын ұшты, сымпылдап,Шалғысы жасыл жарқылдап,Жас лашынға "жүр" деді,Шыңды айналып шаңқылдап.Бала лашын ұшуға,Оңтайлады қанатын.Тектесінен сүйіскен,Болмады тіпті қалатын.Шулаған жыртқыш жабылып,Балапанды жылатты.Ұшуға қанат жазғанда,Топшыға қағып құлатты.Қанатын қағып қамалап,Ұшуға ерік бермеді.Анасыз жетім жас байғұс,Ешбір жәрдем көрмеді.Қамалады қалың құсҚастығы жоқ лашынды.Тиіп-қашып шуласып,Жалғыз ерді басынды.Шыдады сорлы жалғыз ерМұндай ауыр күйікке,Шарыққа атты тік заулап,Күйікпен кетті биікке.Қайта айналып лашын құс,Ашуын жиып айқаспақ,Екіншіде тиіскен,Қанша жаумен шайқаспақ?Шарықтап кетті алыска,Күштерін әбден жимаққа,Екіншіде жаулассаТопшысын жаудың қимақка.Лашын байғұс күйініп,Зор уайым қылады.Ұяда қалған жетімдіАп кетпегей құладын.Бір құладын ап кетсеҚайта айналып келгенше.Жауларымен шайқаспақТопшысы қирап өлгенше.Лашынның жаны күйініпЖүрегі өрт боп жанады.Уайым қып тектесінКөзінен жасы тамады.Лашын сермеп құлашын,Бұлттан асып зарлады.Күйік кернеп көкірегін,Көзінен жасы парлады.Өңім десем түс екен,Есікті біреу қағыпты.Ояна кетіп қарасамЖастыққа жасым ағыпты.Жалғыздық көрген лашынды,Аяп мен де жылаппын.Көзден тамған жаспенен,Жастығымды бұлаппын.Тұра салып жолдастанТүс жоруын сұраппын.Домбырамды ап жабырқап,Құлағын күйге бұраппын.Бұл түсімнің жоруынӘбіке сенен сұрадым.Шын жүрекпен тілейік.Екі жардың мұрадын.Бір жыртқышқа бөбектіТағы кұстар бермес пе?Жетім лашын еріксіз,Құладынға ермес пе?Бала лашын бұл істі,Тағдырдан ғана көрмес пе?Құладынға алданып,Жастықпен байғұс көнбес пе?Қамалап жалғыз жетімді,Құрбандық қып шалмас па?Бір жыртқышты баулысып,Жас лашынға салмас па?Арам жыртқыш қодандап,Балапанды алмас па?Бала лашын соныменБір қор құс боп қалмас па?                                                             1927 жыл.