ВЕРНУТЬСЯ

(Ғабдолла Асылбекұлы, саған арнадым, жолдасым) Асау өсіп арқадаЖүген, құрық тимеген,Матау көрмей ер жетіп,Жасынан ноқта кимеген,Бостандық, кендік, еркіндік -Басқаны жаны сүймеген,Бұғалық салса ұстауғаАқырып тулап сүйреген,Арқаның болдық ұланы,Еркін өскен бұланы.Теңдік іздеп кедейге,Жауызға көнбей туладық.Залымдардың жасағанАранына уладық.Қараңғы,суық зындандыЖатақ қылды тәніміз.Қылыштың жүзі, мылтықтыңАузында болды жанымыз.Өмірінде жауыздыңКетіп адам сәніміз,Арыстандай жаралыӨртенді қайнап қанымыз.Бір шұңқыр су, түйір нанҮйреншікті ас болды.Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,Жастығымыз тас болды.Тас көмірдің топырағыДенені басып қаралап,Тас көмірдің түтіні!Өкпені қауып аралап,Қырлы темір шынжырларҚол-аяқты жаралап,Жауыздардың дұзағынКөрдік қорлық, азабын!