ВЕРНУТЬСЯ

Маржандай тізген жырымдыАйтайын болсаң, тергеген:Домбырадай күйленіп,Ән тасып көкірек кернеген.Махаббат толып жалындай,Лүпілдеп жүрек тербеген.Шаттанып күйлер қауласып,Қосылған әрбір пернеден.Дүниеге жайып құшақты,Күштерім құлаш сермеген.Шаттанған тасып өлеңді,Айтпауға ерік бермеген.Кейде толып көкіреккеКектер толып кернеген.Жігер қайнап зұлматқа,Дүниеден шындық көрмеген.Көз жасын көріп сорлының,Екпінді қызу өлендіКөкірегім жылап еңірегенАйтпауға ерік бермеген.                                                1917 жыл, Ақмола.