ВЕРНУТЬСЯ

Әлди-әлди, ақ бөпем,Ақ бесікке жат бөпем!Жылама, бөпем, жылама,Жілік шағып берейін,Көк ала иттің құйрығынЖіпке тағып берейін!Әлди-әлди, жанашым!Алдыма алып шабайын,Тойға кеткен әкеңдіКайдан іздеп табайын?Әлди-әлди, аппағым!Жылама, менің жүрегім,Әкең малда тұр шығарТаяныш қып күрегін.Әлди, менің бөбегім,Әкең жүр ғой малменен!Жүрген шығар алысыпШұна қаяз қарменен.Қартайғанда күтетінӘкесі мен шешесін,Кандай жігіт өскендеБолар екен бөпешім?Өңкей біздей зарлыға,Кемдіктегі жарлыға,Жаным менің ержетіпКөсем болар ма екенсің?Тақылдаған таңдайы,Кере қарыс маңдайы.Алмас тілді немесе,Шешен болар ма екенсің?Бұлбұлдай боп тіліненТәтті айтқанда бал тамған,Ащы айтқанда қан тамғанАқын болар ма екенсің?Не болмаса жүректі,Күш, қайратты, білекті,Кемшілікке көнбейтінБатыр болар ма екенсің?Омырауы есіктей,Ақ балтыры бесіктей,Егінші боп, өзгегеНұсқа болар ма екенсің?Отқа темір қайнаткан,Бұт балғаны ойнатқан,Нанша илейтін темірдіҰста болар ма екенсің?Не болмаса жұмыскер,Не өнерлі мініскер,Саусақтары сүйріктейЗергер болар ма екенсің?Не қасқа атты Қамбардай,Аш қылмайтын аң барда,Құралайды көзге атарМерген болар ма екенсің?Жақсы болып ержетсеБалапаны бөпесі,Бағы ашылып, анасыКөкке тиер төбесі.Бақытсыз боп ержетсе,Бар үміті - қарағы,Михнат шеккен сорлы анаАшпағаны қабағын.Әлди-әлди, балашын!Ұйықтатайын тербетіп...Тілегім сен, құлыным,Үміт ақта ержетіп!..