ВЕРНУТЬСЯ

    (Қамауда)Туғалы қапас көрмеген,Көкіректе кектер кернеген,Талпынып құлаш сермегенАйтайын ішкі сырымды:Қайрымды қалың елі бар,Сарыарқа сары белі бар,Өрісті шалқар көлі барСағындым мен кырымды.Өзенді, көлді жайлаған,Кермеге тұлпар байлаған,Хабарсыз арам ойларданСағындым мен аулымды.Жібектей шашы оралған,Қыпша белі кыналған,Еркесі қырдың бұралғанСағындым мен сәулемді.Айналып-толғап өсірген.Ақ сүтін беріп кешірген,Тастамайтын есіненСағындым ғаріп анамды.Мал бағып, шауып ойнаған,Үйреткен асау байлаған...Көк жасыл шебі жайнағанСағындым еркін даламды.Қымызы бал шараптай,Жігіті бағлан манаптай,Тұлпары тарпаң қанаттыСағындым бейбіт елімді.Таулары биік қиялы,Орманы шалғын миялы,Жылқы, қой, сиыр, түйеліСағындым Арқа - жерімді.                                             1918 жыл.