ВЕРНУТЬСЯ

(Сүргінде жүргенде шет елде айтылған өлең) Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,Ағашты биік таулы жерлері бар.Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтынМеймандос, берекелі елдері бар.Думанды шалқар көлдері-ай,Еркін дала белдер-ай.Каздай қатар мыңғырып,Тізіліп көшкен елдер-ай.А-ай, Сарыарқа,Елің алыс,Қалды шалыс,Жат жерде талай елмен болдық таныс.Жеріне біздің, жақтың лайық ері,Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,Жазушы ек қанат сұңқардай,Асауменен алысып,Қашағанды құтқармай.Ай-ай, Сарыарқа,Елің алыс,Қалды шалыс,Жат жерде талай елмен болдық таныс.Қыздары біздің жақтың қара қасты,Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.Еркін бейбіт ауылым-ай,Жас ерім талдай сәулем-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай.А-ай, жан сәулем,Өрім талдай,Жазық маңдай,Аузыңнан шыкқан лебің шекер балдай.Қыздары біздің жақтың қара көзді,Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.Қызыл гүл албыраған еріндері,Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.Еркін бейбіт аулым-ай,Жас өрім, талдай сәулем-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай.Әй-әй, жан сәулем,Өрім талдай,Жазық мандай,Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.1919 жыл, май. Баян аулы.