ВЕРНУТЬСЯ

Орман міні,Мұның да үніКейде жұмсақ, кейде шу.Кейде тынық,Кейде сұлық,Кейде дауыл гу де гу.Қалың орман,Ойға толған,Тұнжырайсың иіліп,Еңбек сырлас,Сәулем құрдас,Әр рудан жиылып.Жоқ бір қалып,Кейде ырғалып,Сен де көлше шулайсың.Басты шайқап,Желді жайпап,Аласұрып тулайсың.Аппақ қайың,ҚарағайыңҚосылыпты табысып.Сұлу терек,Жасыл желекҚұшақтасып қабысып.Кейде қыбыр,Кейде жыбыр,Кейде жұмсақ желбіреп.Көйлегің көк,Өрнегі көп,Құлпырады елбіреп.Сұлу терек,Жасыл желек,Сәулем, саған не керек!Биік бойың,Кімде ойың?Жібек желге аш қойын.Аппақ кайың,Бұл не жайың,Жасарасың жыл сайын?Аппақ қайыңҚалқатайым,Мас қылады иіс майың?Ақ көйлекті,Сұлу текті,Жасыл шашақ желекті.Ырғаласың,Бұраласың,Көзді қайда саласың?Қарағайым!Жұпар майың,Жібек желмен аңқиды.Жұпар шаштың,Көкірек аштың,Мас болып тән балқиды.Мас қылады,Жас қыладыЖұпар исің жүректі.Дертке дәрмен,Тасқын әлменЖігерлейсің білекті.                           1925 жыл.