ВЕРНУТЬСЯ

Сен ауырғанда

Бүкіл дүние тұрғандай-ақ тұнжырап,Біздің бөлме қазір бейне күзгі бақ.Сен сырқатсың, мен отырмын қасыңда,Жүрегімнен ағып жатыр жыр жылап... Ал далада көктем тұр шұғылалы,Күн көзіне торғайлар жылынады.Өткен күнді еске алып біз де бір күн,Гүл терерміз көк белге шығып әлі. Айығарсың, арада күн өтсін тек,Отырамын жаныңда күзетшің боп.Ештеңені, жаным, сен ойыңа алмаАйығуға тиіссің, тілекшің көп.                                                    02.11.1984.

Жүрегімнен жыр төгілсін

Жаным менің, жүректі мұңға орап,Жарық күнді қараңғы түнге балап,Жабырқамай, еңсеңді түзу ұста,Жаңылған жан түзелсін бізге қарап. Жүрген жоқпыз байлық пен мансап қуып,Жалғандықты жамылып, жаңсақ күліп.Жолымызда жолыққан қиындықтарЖапырылар әрдайым, болсақ биік. Жабырқама, жаныңа күлкі егілсін,Жанарыңнан жарқырап күн көрінсін.Жазғы таңдай көңіліңді ашып жүрші,Жүрегімнен жаңбыр боп жыр төгілсін.

Страницы