ВЕРНУТЬСЯ

Темір Мыңжасұлы МЫҢЖАС 1952 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келді. Орта мектептен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік- техникалық училищені, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.  Көршілес түрікмен еліндегі Красноводск ауданының «Жұмысшы», Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол», Бейнеу аудандық «Рауан» газеттерінде бөлім меңгерушісі, Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газетінде жауапты хатшы болды. Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық  Кеңесі атқару комитеті төрағасының, қала әкімінің орынбасары, қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Өнер» ҚКМ-інің директоры, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тіл бөлімінің бастығы  қызметтерін атқарды. 2003 жылдың ақпанынан бері Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газеті Бас редакторының орынбасары қызметін атқаруда.Шығармалары «Қарылғаш», «Қос ішек – Струны души», «Бекет ата», «Дала данасы», «Жыр моншақ», «Кәусар бұлақ» сынды  оннан астам ұжымдық жинақтарға енді. Өзінің «Бойтұмар», «Атамекен», «Жүрек сөзі», «Сені іздедім», «Ақ қайың жылап тұр» атты кітаптары, 2012 жылы поэзиялық және прозалық туындыларынан тұратын қос томдық жинағы жарыққа шықты.Темір Мыңжасұлы сондай-ақ 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Ол 2005 жылы республикалық патриоттық әндер байқауының (ән мәтіні үшін) дипломанты, 2009 жылы Халықаралық  «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жүлдегері, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық конкурсының жеңімпазы атанды. Темір Мыңжасұлы Қазақстан  Қазақстан Жазушылар Одағының  және Журналистер Одағының мүшесі.                                                            АЗАМАТТЫҚ ӘУЕН ӘРІҚазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, танымал ақын Темір Мыңжас ес жиып, етек жапқан соң-ақ: «туған халқымның қажетіне жарасам, кетігіне кірпіш болып қалансам»  дегент асыл мұратпен өмір сүрді. Шығармаларының жиынтығы ретінде 2012 жылы  өлеңдер мен балладалардан және әңгімелер мен мақалалардан тұратын екі томдық шығармалар жинағын шығарды.Бүгін маған мереке күн, туған күн,Мен бірімін тұлпар жырды қуғанның.Көз ашқалы тағдыр көрдім тайталас,Өмір- күрес белді бекем буғанмын.Демім жетсе белестерден әрі асам,Өлең сөзден сарай соғам қаласаң.Бақыттыға балап өтем өзімді,Туған халқым бір кәдеңе жарасам.- деп еңселі ақын ТемірМыңжасұлының өзі жырлағандай, оның өмірлік кредосы- туған елінің бір кәдесіне жарау. Ақын туған елінің кәдесіне жарағанда қандай? Әбден жарап-ақ келеді.  Ол өлеңнің де елге, халқына мінсіз қызмет етуі қажеттігін шүбәсіз түсінеді. Әсіресе тәуелсіздік алғанына аса көп болмаған жас мемлекеттің болашағын, бағдарламаларын насихаттау үшін де, қалың жұртқа түсінікті тілмен ұғындыру үшін де өлең, жауынгер жанр- публицистика ауадай қажет.Бір жақсылық білемін, болады әлі,Қанаттанам сыпырып томағаны.Басқа түскен бүгінгі бұлыңғыр күн,Бұлдырықтай бұлдырап жоғалады.Ғаділет пен шапағат жол алады,Барша тірлік сонан соң оңалады.Жадаулықтың қамытын сілкіп тастап,Көгереді біз жүрген қоғам әлі.          Ақын еліміздің ертеңіне сенеді. Бұл өлең 1998 жылы шыққан «Атамекен» кітабынан алынды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізді нарық қыспағы табадағы балықтай қуырып жатқанда халықты байсалдылыққа, имандылыққа,  сенімге шақырған ақынның көрегендігіне таңданбасқа болмайды.Темір Мыңжасұлы 1952 жылы қыркүйек айында  Түрікменстанның Красноводск ауданында дүниеге келді. Орта мектептен кейін Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Сосын қазақ тілінде шығатын Красноводск аудандық «Жұмысшы» газетінде біраз жыл еңбек етті. Сонау аласапыран жылдары қызылдардың қыспағынан құтылудың бір жолы деп түсініп, өзге елдерге үдере көшкен қалың жұрттың ішінде Темірдің ата -анасы да болды. Қазір Отанына әлі орала алмай жүрген бар арманы, мұңы, мүддесі әке -шешелері туған топырақты құшу, туыстарына қауышу болып табылатын сол қандас бауырларымыздың шынайы бейнесін алғашқылардың сапында елге оралған Темір айна қатесіз былай суреттейді. Өзі төрт шумақтан тұратын шағын өлеңді  түгел оқыған ләзім:«Шіркін өмір болмағанда бір күнгі,Дәм жазбады -ау көруге ата жұртымды».-Осылайша әкем кейде мұңайып,«Туған жерім-Форт Шевченко»- дейтінді.Балалық- ай көңілімнен құлаған,Аңтарылып қарайтынбыз біз оған.Сезбедік те сағынышты сарғайтқан,Ұқпадық та жан жүрегін жылаған.Зейнетіңнен бейнетіңді көп көрген,Жарты жасын жат өлкеде өткерген.Менің әкем көп боздақтың бірі еді,Туған жерге жете алмай шетте өлген.Маңдайына жазсын, мейлі қиын сын,Баба рухы бойға күш боп жиылсын.Менің енді сұрайтыным тәңірден,        Атамекен топырағы бұйырсын.           Жалпы жақсы өлеңге түсінік берудің қажеті шамалы. Жақсы өлеңді оқу ғана керек. Темір қысқалықты ұнататын ақын. Кейбіреулердей шұбалыңқылыққа салынып, өлеңінің басында не айтқанын ұмытып қалып, соңын шатастырып отырмайды. Оның өлеңдері сақаға құйған қорғасындай. Алған тақырыбын, айтпақ ойын дәл, оқырманға ұғынықты беруге жұмыстанады. Орыстың ұлы жазушыларының бірі Антон Чехов: «Қысқалық таланттың сіңлісі» деген ғой. Ал бүгінгі таңда аз сөзге көп мағына сыйғызу нағыз таланттың өзі. Кітаптан бас алмай жастанып жатып оқитын бұрынғы оқырманды қазір қолыңа шам алып іздесең де табу оңай емес.«Абыл зергер, Қашаған ұста, Абылекеме кім жетсін» деген ғой атақты ақпа -төкпе ақын Қашағанның өзі. Бұл біздің бабаларымыздың шын талантты шынай мойындауы ғой. Бізде бір нәрсе жетпей жатады. Ол кейбір ақынсымақтардың өзгенің табысын көре алмай іштарлыққа салынуы, қара нар Қашағанның кеңпейілдігінен үлгі алмауы, елдікке, бірлікке, татулыққа ұмтылмай, ағайынның арасын ала тайдай бүлдіруге, аға мен інінің жұдырықтасқанын көріп ләззат сезімге батуға құштар болуы. Бұл жаман қасиет. Ақынды ұшпаққа шығармайтын, тілеуін кесетін қылық. Ал біздің Темір бауырмал, екі жүзділікті жаны сүймейді. Кейбіреулердей ешкімге тасадан тас атпайды. Неде болса өзгенің қолымен от көсемей желдің өтінде өзі жүреді.Маңғыстау маржандарын тірнектеп жинап, ақын – жырауларының, күйшілерінің, әншілерінің рухын тірілтіп кеткен ізденімпаз ғұлама ғалым, марқұм Қабиболла Сыдиықұлы ағамыз Темірдің алғашқы жырларынан – ақ өршіл ақындығын тани біліп,  өлеңдерінің бойында өріліп жүретін азаматтық әуеннің молдығын дәл тапқан – ды. Иә, Азаматтық әуен...                         Білем бүгін тапшы емессің ақшаға,                         Жиһаз жидың, алдың жаңа баспана,                         Ескі заттан арылам деп бұрынғы,                         Байқа көне бесігіңді тастама.Бұл Темірдің жаңа заманға сай үй – жиһаздарын жаңартам – деп жанталасқан жаңа қазақтарға айтқаны.                         ... Ей шау тартқан екі басты самұрық,                         Неге сонша шаңқылдайсың жанығып.                         Өткен күнің енді қайта оралмас,                         Бүл дүниеде басқаның да барын ұқ!Бұл Темірдің империялық үстемдікті қайта құруды аңсаған Солженицын дегенге берген жауабы.«Жазығың сол ел болуға үндедің,Көшелі сөз көкірегіңе түйгенің.Қыран даусың құлағыма жеткендей,Асыл бейнең түсіме еніп жүр менің. Көшіп жылдар, ессе дағы сан ызғар,Өр тұлғаңыз жүректе от боп жалындар.Сан ұстасып жат қолына бермеген,Маңғыстауың саған мәңгі қарыздар».Бұл Темірдің халқы «Қарадан шыққан хан» - деп қадірлеген Тобанияз бабасына бағыштаған дұғасынан.Иә, Азаматтық әуен...Темір осы азаматтық әуенді кейбіреулердей жаңа қоғамыздың құрылысына, оның басшыларына топырақ шашу, жөнсіз зарлау, құрғақ айқаулау деп түсінбейді. Жан  айқайының қажеттігін ұғады. Ал жан айқайы сезімдердің терең иірімдерінде жатады. Оның дауысы құр жаңғырық болып естілмейді. Жан жүрегіңді езіп, үнсіз егілтеді. Ол айқайды ұғына білу керек. Жан айқайы отының басының өз – өзінен берекесін алатын үрей туғызу үшін емес, жан сезіміңнің қайсар отын үрлеп жандыратын дүлей туғызу үшін қажет. Әрқашанда ішкі терең иірімдерінде жетіліп, жалынды жанартау болып атылатын лава сезімдерден туған жырлар ғана өміршең болмақ.«Ақын өз заманының қолтығына қойылған градусник» - деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай қай қаламгер де алдымен өз заманының жыршысы. Ақын екенсің енді – енді қаз тұрып келе жатқан тәуелсіз Еліңе қызмет ет. Отына күй, суығына тоң. Отаныңның ық жағында емес, жел жағында жүр. Арамдыққа емес адалдыққа үнде, қазақты шағыстыруға емес, табыстыруға жұмыстан. «Өсер елдің баласы бірін – бірі батыр дер, өшер елдің баласы бірін – бірі қатын дер». Қазағымның осы мақалын әлемнің әйгілі жазушысы Әбіш ағамыз одан әрі жеріне жеткізе жетілдіріп былай дейді: «Қуана білмегенге құт дарымайды, бағалай білмегенге бақ тұрмайды Табына білмейтін қауымнан пайғамбар шықпайды, бағына білмейтін халыққа патша құтаймайды. Ел содан барып азады, жер содан барып тозады...»Демек бір – бірімізге құт қондыратын да, қондырмайтын да, бастағы бақты тұрақтандыратын да, тұрақтандырмайтын да, ішімізден пайғамбар шығаратын да, шығармайтын да, патшаны құтайтатын да, құтайтпайтын да өзіміз екен. Оның ішінде «от ауызды, орақ тілді» аталған ақындардың үлес салмағы қомақты болмақ.Біздің ойымызша  Темір қарымды қаламының қуатын Маңғыстаудың аз халқының алдағы мезгілде шілдің боғындай шашырап кетпеуіне, ынтымақ пен бірлікте болуына арнап, жанын салып шыр – пыр болып келе жатқан ақын.                                       Айтуар Өтегенов,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі    

Темір