ВЕРНУТЬСЯ

Өзімшілдік ойың мен санаңды алып,Сөздерің де кетіпті жалаңданып.Түкке алғысыз өзгелер, сен болмасаң,Құритындай дүние қараң қалып. Көрмегендей тырбанған жан баласынЕл алдында еңбегін малданасың,Келгендей-ақ Құдайдың қолын алып,Өз-өзіңнен шалқақтап мәз боласың. Сыртың жылтыр болғанмен, ішің түтін,Танытам деп әуресің іскер пішін.Бұлданасың, өзіңше тұлданасыңӨмір сүріп жүргендей біреу үшін. Мұқалта алмай мендегі асқақ үнді,Зәріңді төк, құра бер қақпаныңды.Күн нұрындай қуамын көлеңкені,Тіреп тұрсаң, тастай ғой аспаныңды. ***“Ішінде адам аласы”,Деген сөз бар, болған емес таласым,Бірақ, бірақ күліп тұрған адамғаНанасың-ау, нанасың... Анық білмей дос пен қастың арасын,Байыптамай бес саусақтың саласын,Жүргеніңде танытады біреулерЖүрегінің қарасын... Күн кешпеген сәл нәрсені малданып,Біздің көңіл барлық жанға жап-жарық.Содан бәлкім, тани алмай адамдыҚалатыным алданып... Ондайлар жүр сілтеп маған кесегін,Бетке келмей, сырттан айтып өсегін.Сонда да мен бар адамға япыр-ау,Ғашық боп күн кешемін... Алдай берсін, қауіпті емес ол дағы,Әйтеуір бір, рас жолым болмағы.Мені алдасын, бәріне мен көнейінТек құдайын ұмытпаса болғаны...                                                      25.08.1984. * * *                                  ***Арайы таңның түнекке нұрын шашқандай,Ақ жауын төгіп, қапырықты, шаңды басқандайКөргеннен мені әзәзіл шайтан, сұмпайыАйылын жиып, болады аулақ қашқандай.Тірлігі күйкі, ойы пәс, құзғын ниеттер,Жамандық қана тілейтін қара ниеттер,Тайқиды менен, көзге түсуге жарамайҚайда қашса да, нұр бейнем қоймай иектер.Жымысқы қулық, сұмдықпен жаным жараспас,Назарым түссе, төбе асқанмен ол, тау аспас,Қызғаныштан қысас болған зымиянғаБілерім менің, құдайдың өзі қараспас.Қашады менен бықсытып өсек күйттеген,Жан-жүрегінде арамдық барлар титтеген.Күнгейден ауған көлеңке сынды жоғаларҚосақталып күйелі ағаш та итпенен...                                                                25.07.2008. * * *                           ***“Бәрі де өтер-кетер, ұмытылар”,Деп жүргенде фәниде кім ұтылар?Ал қазір өн бойыңда тұтасқан бірКикілжің, күйбең тірлік уыты бар. Уақыт өте өткеннен елес қалар,Пендешілік алдағын кім ескерер.Адалдығың, кісіге жақсылығыңЕске түссе көңілде нұр ұшқындар. Өкіндірер ақылсыз, жаңсақ қадам,Сеніміңе жылан боп кірген адам,Қардай ақ пейіліңді таптағандар,Түсінбеген ісіңді өңкей надан. Бір күнгідей болмайды өтер бәрі,Дәм таусылса, кетер жас, кетер кәрі,Жиған дүние, ішкен ас жолдас болмасТірліктегі сыйластық – өмір мәні.