ВЕРНУТЬСЯ

Әкені еске алуӘке, сенің сеңсең, сары тоныңды,Жамыламын, маған шап-шақ қонымды,Отырамын құзға қонған қырандайТанығандай оңым менен солымды. Тану қайда, сөндім талай жана сап,Жетпей қалып пайым менен парасат.Оқуы мен тоқуы көп ұлыңныңКей деңгейі әке, сенен аласа-ақ. Сыршылдықтан мұңға оранды таңдарым,Жыршылдықтан ауа қапты қармағым,Шыншылдықтан есе кетіп қуларғаТалай рет жарды соқты маңдайым.Аямастан артты өмір салмағын,Шүкіршілік, бармақ тістеп қалмадым,Біткенінше мына бес күн жалғаныңРухыңмен сүйеп, деме ардағым. Айта берсем өмір жайлы көп өлең,Өзің болсаң талай сырды төгер ем,Әке, сенің исің сіңген тоныңаОранады немерең мен шөберең. Шаңырағымда өзім жаққан отымның,Шуағымен нұрлы таңдар атырдым,Төсенгенім анам басқан текемет,Тон жамылып, өзіңе ұқсап отырмын.