ВЕРНУТЬСЯ

Мұқағали ағадай,Дос таппадым жігіттен.Көбі жыра-жықпылдаКөрінбеді биіктен.Кездері аз біріккен,Сөздері көп үріккен,Ғұмыр бойы келемінКөкірекке түйіп мен. Жолдастық пен достықтыТаптым әйел затынан,Арулармен дос болдымСан жігітке татыған.Көкірегі-асыл ән,Шабыт алдым отынан. Оның бірі қорғады,Кей жігітің сатқанда.Қызғаныштан ит болып,Маған кесек атқанда.Ақындық пен серілікБас идірмес шақтарда.Бірі анаша аялапИліктірді тоқтамға. Тентек желі тағдырдыңҚапияда соққанда.Солар еді білсеңіз,Қабырғамды жапқан да.Сыр бөлістім аруменАрайланған ақ таңда.Қамсау болып сол жеттіАрқыраған ақпанда. Жігіт “досқа” сыр айттымЖайды жарты жаһанға.Енді бірі қарайдыОқ таба алмай атарға.Көріскенде өтірікҚуанған боп қалады.Қосқысы жоқ шынындаМені тіпті қатарға... Осындайдан түңіліп,Түйілдім сан намыстан.Түлкі жігіт көп көрдімКезікпеді арыстан. Адал көңіл, өр мінезБабалардың мәрттігіБілуімше осы кезАруларға ауысқан. Жолдас болдым, дос болдым,Серік болдым қыздарға,Шуағы бар олардың  Ұрындырмас ызғарға. Өмірімнің бар күнінСарп етсем де жетпейді-ауАрулардың тигізгенШапағатын жырлауға!