ВЕРНУТЬСЯ

Хош иісті, алуан түрлі шоқ гүлдер,Мезгілі өтсе, су құйсаң да солады.Күткеніңде өтпей қойған көп күндер.Уақыт жетсе, бір-ақ күндік болады. Қуанышқа шын кенелген бал күніңСол күйінде қайта оралмас артына.Он сегіз жас бұлғаңындай түлкініңБір кеткен соң көнбейді еш шартыңа. Ойға түйіп, көптен күткен сапарың,Сәті келмей оралмайды оңына.Қатал тағдыр сені тіпті апарып,Лақтырады қайғы-мұңның торына. Уақыт бітсе, қимасыңнан, асылданАйырыласың, бар ма басқа амалың.Қуаныш та кейде келіп тосыннан,Өрге тартар алға басқан қадамың. Бұл өмірдің өз есебі, заңы бар,Тірлігіңде бітпес күрес, егесің.Тағдыр сыйын қайыспастан қабыл ал,Қиындықты жігеріңмен жеңесің.* * *                                      ***Қол жайып отыр нәпақаға тапшы адам,Көрші үйде жан бар ауруы батып қақсаған.Ал біреу жүр пейіш көріп өмірін,Көше алмай нөпірлеген ақшадан. Зағип ана аңсайды көзін-шырағын,Баспанасыз жүр, білмейді қайда тұрарын.Біреу мәз боп аяқты кердең басадыҰстағандай бар дүниенің құлағын. Құрдасым жүр күн өткенін қош көріп,Бір жас жігіт қапияда кетті өліп.Жайлы орында отыр біреу сұстанып,Көрінгеннің бәріменен өш болып... Мас келеді білмей қайда сиярын,Қартым отыр, жоқтап ескі ұранын.Мұңаяды жасы жеткен ару қыз,Таппағасын бас қосатын сыңарын... Мұңданамын ойлар езіп еңсені,Жаралайды сумаң сөздің семсері.Айта берсем, иір-қиыр қайшылық,Беу, өмір-ай, түсінбедім мен сені...