ВЕРНУТЬСЯ

Жас жұбайларға

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деген бар,Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,Жарасым тауып, жасалсын ізгі қадамдар. Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.Беу, қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ тұнып. Көңілде көктеп махаббат гүлі – нұр гүлі,Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры,Өрісі кеңіп бабадан қалған әулеттің,Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры. Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,Жақсылық келер ынтымақ барда, бірлікте.Бас қосқан жастар, сендерге үлкен тілегімБіріңе-бірің с

Саған деген махаббат

әні:Амангелді Сұлтанғалиевтікі.Аяулым-ау, екеуміз қосылғалы,Бақытыма айналдың басымдағы.Елігім ең, айналдың көрігімеСерігімсің, сен менің қасымдағы. Арман қудым, жолымды тосып қалдың,Жігерімді бір сәт те жасытпадың.Қазығыма айналып артымдағы,Пысқырмадың сөзіне пасықтардың. Сері көңіл қойды да еркелетіп,Жүрдім талай кеш келіп, ерте кетіп.Қабақ шытпай алдымнан күліп шықтың,Күндерге де мән бермей келте-кетік. Бірдей тарттың тағдырдың салғанын да,Қуанышын, қайғысын, салмағын да.Есімде жоқ бір мезет менен бөлекЕрекше күй өзіңе талғадың ба? Қамдадың да, сен мені қолдадың да,Серік болдың өмірлік ж

Жасай бер, жайна

мерекелік арнауМереке келді,Шаттықтың ғана тарт күйін,Ән айтқың келсе,Қуаныш әнін айт, күнім.Жасарып дүние ұмытып кеттіҚарттығын,Көктеммен келгенСегізінші март бүгін!Нұрлы таң атты,Шуағын төгіп келді күн.Бақытың қолда,Қолыңда сенің теңдігің.Өзіңсің бәрі: дәрігер, ұстаз, қайраткерТәуелсіз елдің сүйіктісі деСен бүгін!..Жеткізбес шегіАйтылар саған тілектің.Сен жүрген жергеКеледі менің гүл еккім.Үйдің де сәні, түздің де сәні –Өзіңсің,Сен тіпті мынау үлкен әлемгеТірексің!Тірілткен қайтаСуалып қалған бұлақты,Қуарып қалғанАқ қайың менен құрақты.Сырлы да жырлы,Сазды да назды, шуақты,Жасай бер, жайн

Жолдас болдым...

Жолдас болдым,талай-талай жақсымен,Айырмадымжасын, ұлтын, тегін мен.Жаны таза,жүректері ақ кілең,Көкірегінетүскен сәуле көрінген.Жолаушы бопкезікті олар жолдағы,Аз болмадыотауыма қонғаны.Ақ жанымнаншуақ бөліп сыйладым.Нәр алсын депқажығаны, тоңғаны.Олар бардажырым-гүлім солмады,Шабыт құсымкөкке өрледі, самғады.Қара ниетғайбат зәрін төккенде,Жақсы жандарсауыттайын қорғады.Жаңбыр жауса,жаңартады гүл өңін,Жақсылардыңықыласымен түледім,Адамдарғажақсылық боп жетуге,Мен де әрдайымасық болып жүремін...

Қырандар керек

(Ауғанстаннан сарбаздар орала бастағанда жазылған өлең) Әні: Айткүл Әбдіразақованікі.Бейбіт елде бұла өскен менің,Артымнан ерген інілерім-ай.Жат жерде жаумен тірескендерім,Рухы асқақ, ірілерім-ай! Өз ошағы мен елінен асып,Жаралы жыртқыш – қашқан жау,Жасырын келіп, тасадан атыпКей боздақ жерді жастанды-ау. Адалдықты ардай кірлетпегенің,Көкіректі тостың оқтарға,Араңызда жоқ бірбеткейлерін,Туған жер әлі жоқтауда.Еске алу қиын, білем бәрін де,Балаң шақ сонда қалды ма?Ауғанның мұңлы күрең көгінеҚараумен көзді талдыра. Амандықты ту етіп тұтып,Жеттіңдер елге қайтадан.Отандастарың алдыңнан күтіп,Бо

Страницы