ВЕРНУТЬСЯ

мерекелік арнауМереке келді,Шаттықтың ғана тарт күйін,Ән айтқың келсе,Қуаныш әнін айт, күнім.Жасарып дүние ұмытып кеттіҚарттығын,Көктеммен келгенСегізінші март бүгін!Нұрлы таң атты,Шуағын төгіп келді күн.Бақытың қолда,Қолыңда сенің теңдігің.Өзіңсің бәрі: дәрігер, ұстаз, қайраткерТәуелсіз елдің сүйіктісі деСен бүгін!..Жеткізбес шегіАйтылар саған тілектің.Сен жүрген жергеКеледі менің гүл еккім.Үйдің де сәні, түздің де сәні –Өзіңсің,Сен тіпті мынау үлкен әлемгеТірексің!Тірілткен қайтаСуалып қалған бұлақты,Қуарып қалғанАқ қайың менен құрақты.Сырлы да жырлы,Сазды да назды, шуақты,Жасай бер, жайна,Аяулым, көктем сияқты.