ВЕРНУТЬСЯ

Ақ жаңбыр сіркіреп,Көк аспан күркірепЖатса да,Кетпейді қыр түлеп.Мамыра жаз қашты,Далада – қыркүйек.Сал самал аңқылдап,Қарғалар қарқылдап,Таң атса-ақ, қоңыр кеш,Жетеді алқымдап.Су суып ақ таңнан,Жасыл бақ шоқтанған,Жидектің шырыны сорғалап,Қайысқан дастархан.Сары ала қырат-бел,Кейде жаз,Кейде күз сияқты.Құбылма,Ауа жоқ тұрақты.Түн-ызғар,Талтүс шуақты.Құс қайтып дүркіреп,Таң атар нұр күреп,Мен туған ай осы –Сары алтын қыркүйек!