ВЕРНУТЬСЯ

Жатқанда дүние күбініп, тосқан ғасырын,Тілемеймін мен тәңірден аспандағысын,Қайқы қылыштай сілтеймін қыран жырымдыҚара қазақтың жауынан жасқанбауы үшін... Ынтымағы асып, қалам мен даламның мынау,Басымызға ылаң түспесін, көңілге қылау.Атырау-Алтай арасын жайлаған елденАулақ қонсыншы, әрдайым қайғы-мұң, жылау. Халқыма ғасыр сыйласын бақытын, бағын,Тәттісін татып, өмірдің жақұтын тағың.Бабамыз қандай күнде де тойға барған ғой.Жас ұрпақ, сезбей өтсінші уақыт ызғарын. Көп көрме тәңір осынау бостан күнімді,Қуаныш әкел, қайтарма қашқан мұңымды.Тілектерімді осы айтқан қабыл қыла гөр,Тілемеймін мен өзіңнен аспандағыны!.. 1999 жылдың соңғы күні.